Фильтр публикаций


Шіркін, ұмыту, ұмытпау өз қолымда болса, босқа өткізген сәттерімді, өкінішім-әттеңімді, артық айтқан сөздерімді, шектен шыққан кездерімді, қия алмайтын жандарымды, орындалмас арманымды ұмытып-ақ кетер ем...
Бір сәтте 💭.. мидағы у кейде көңілді қозғайды


Уа Раббым! Бұл заманның суығында жаураған жүрегімізді өзіңінің мейіріміңмен жылыта гөр!




Егер адам үнемі “өмірім қиын” , “жақсы емеспін”, “бақытсызбын”, “басым проблемадан арылмайды, “жолым болмайды” деген сөздерді көп қолданатын болса, ол сөздер дұғаға айналады.
Құранда “Исра” сүресінің 11- аятында былай делінген: “Адам баласы кейде жамандықты бейне бір жақсылықты тілегендей тілейді”.
Кім өзіне жамандық тілейді? Ешкім. Жан адам баласы Құдайдан жамандықты қол жайып тілеп алмасы анық. Демек, аят меңзеп тұрған хикметтердің бірі - ауыздан шыққан сөздің дұғаға айналатыны. Сондықтан ауыздан шығатын сөздерді жақсыға ауыстыру керек.
Қиындық кімде болмайды. Әркімнің көтерер өз жүгі бар. Кейде шаршап-шалдығасың, кейде ауырасың, кейде ұйқың кем болады, кейде ештеңеге үлгермей жанталасасың, отбасы, бала-шаға, тағысын тағы… Алайда драмаға айналдырмай, өзіміздегі барды көріп, “Алланың қалауымен бәрі жақсы болады” деген үмітпен өмір сүрген абзал.
Бабам қазақ “Жақсы сөз - жарым ырыс” деп дөп айтқан.


Әрекет нәтижеден маңызды!

Алла Тағала әрекетке көп мән береді, ал адамдар болса, нәтижеге мән береді...

😉🙃😍🥰https://www.instagram.com/reel/DEnPWzJtL9i/?igsh=MTh5YmxiejJvc2w3bQ==


Бүгін жаназасы шыққан адамның ертеңге жоспарлары бар еді...

Бұл өмірде бәріміз жолаушымыз...Бүгін бармыз, ертең жоқпыз...Не боларын білмейміз, тек Аллаға ғана мәлім...

✈️https://www.instagram.com/reel/DEA-R8oTsC0/?igsh=MWd6NHBkcW9hOWM1Zg==


Өзін соңғы орынға қойып, кейін, кейін деп кейінге қалдырып, басқалардың қамын ойлап жүргенде, өз өмірінің өтіп кеткенін де байқамай қалады адам… Уақыт артқа қайтса мейлі ғой, уақытты артқа қайтарып алып өзіммен кейін-ақ айналыса беремін дейтін… Бірақ қайтпайды… Ол тек орындалмас арман болып қалады… Сол себепті басқалар деп жүріп өзіңізді ұмытып қоймаңыз. Өз-өзіңізді бағалаңыз. Өйткені қысқа ғана өмір бүгін бар,ертең жоқ…




Бір-біріміздің жолды жүріп, аяқ киімізді киіп көрейікші. Менің жолым саған тар, аяқ киімім үлкен болуы мүмкін. Ал сенің аяқ киімің маған тар бірақ жолың кең болу мүмкін. Бірақ тар аяқ киіммен кең жолда жүрудің қандай рахаты бар???

Бір-біріміздің жан дүниемізге енсек жүректеріміз де шыдамас. Кетуге асығармыз…Адамның жан дүниесі қапталған. Оны танысаң да, сезіне алмайсың. Мүмкін жартылай. Сен оны түсіну үшін сол жолмен жүріп көрген болу керексің немесе оны қатты жақсы көрген болу керексің. Түсіну мен сезіну екі бөлек. Сезінген адам ғана түсінеді…


Кез келген нәрсеге жетуде не бір іс бастауда да тазалау, тазалану бірінші этап болады ия?!

Тікелей және жанама мағынада да айтып отырмын…
Жаңа нәрсе қоймай жатып орнын тазалау дегендей

ал, осы екі мағынадағы да ТАЗАЛАНУ этабының алғашқы амалы - НАМАЗ ОҚУ🤍




“Неге?..” деген бір сұрақ қалып қойды көкейде…


Шындық иә?! ⭐️⭐️⭐️ ☁️ https://www.instagram.com/reel/DDd5PsmRamH/?igsh=NjM0d3NqMDdzNHg2


☁️Жұманы садақамен бастап, шүкірмен аяқтайық! Жұма мен жұма арасында тек ӨСУ болсын: иманда, білімде, ризықта, дамуда, қарым-қатынаста өсе беруді жеңілдетіп қойсын Раббым!

Жұма берекелі болсын, оқырманым!
🌹❤️


⭐️⭐️⭐️https://www.instagram.com/share/reel/BAJfFoE0Fg ❕🙄👍


Дәл қазір мені оқып отырған адамға Алланың нұры жаусын...! 🤲🏽


Бірінші рет озвучка жасадым😅 https://www.instagram.com/share/_daSmI9SC


Өмірдегі жайттар...
Судай сылдырап өтіп жатқан "өмір" бір қарасаңыз үлкен дүкенге (супермаркетке) ұқсайды. Күнде дүкен ішін аралап жүріп мүмкіндігіңіздің шеңберінде өзіңізге ұнаған заттарды аласыз. Алда əрбір алған затыңыздың құнын төлейтін касса бар екендігін де ұмытпайсыз. Құнын төлейсіз. Өмір де дəл осылай. Əрбір таңдауымыз үшін жауапқа тартылатын боламыз. Сондықтан таңдауды дұрыс жасаңыз😊


Ең жақсы байлық - Алланы еске алатын тіл, шүкір ететін жүрек және иманына көмектесетін иманды жар…🕊️


Қайырлы таң❤️https://www.instagram.com/share/BAIspij8x1

Показано 20 последних публикаций.