Орыс тілі ұйымын қаржыландыруға алдағы 3 жылда 130 млн теңге жұмсалмақ
Бүгін Сенат осыған қатысты заңды мақұлдады.
Бүгін Сенат осыған қатысты заңды мақұлдады.
«Осыған қатысты шарт Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанда күшіне енді.
Қазақстанда жауапты мемлекеттік орган болып Ғылым және жоғары білім министрлігі тағайындалды.
Шартты іске асыру республикалық бюджеттен қосымша шығындарды талап етеді. Бұл ретте шығыстардың жалпы сомасы 2025-2027 жылдарға 131 064 000 теңге болады.
Бұл шығыстар республикалық бюджет комиссиясының шешімімен мақұлданған», - деді сенатор Андрей Лукин.