eGov Mobile-да сәлемдемелердің жеткізілуін қадағалауға болады
«Qazpost» онлайн сервистері енді eGov Mobile қосымшасында қолжетімді. Қазақстандықтар шетелдік маркетплейстерден тауарларға тапсырыс беріп, қажет болған жағдайда кедендік құжаттарды ресімдей алады.
«Qazpost» онлайн сервистері енді eGov Mobile қосымшасында қолжетімді. Қазақстандықтар шетелдік маркетплейстерден тауарларға тапсырыс беріп, қажет болған жағдайда кедендік құжаттарды ресімдей алады.
«Keruen – шетелдегі дүкендерден жеткізу» бөлімінде жеткізу құны мен мерзімі көрсетіледі. Сонымен қатар, осы бөлімде жеткізу қызметі, соның ішінде үлкен көлемді пакеттерді жеткізу, құнды есептеу калькуляторы, сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар бар. Пайдаланушы күтілетін сәлемдемені бақылау үшін «Күтілетін сәлемдемені қосу» батырмасын басып, барлық қажетті өрістерді толтырып, «Жіберу» батырмасын басу арқылы қоса алады», - деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» компаниясы.