Қызықты сәттермен өмір қызық емес пе!
😁 Қазан айының соңында Талдықорған қаласындағы “Зүбән апа” жекеменшік балабақшасы мені кездесуге шақырды. Тәрбиешілермен кездесуге шақырған болар деп ойладым да қойдым.
📚 Барлыбек пен Ілияс әкелерімнің кітабын шығарып, елге таныстыруға келген соң, уақыт тауып, уәдем бойынша “Зүбән апа” балабақшасына бардым. Міне, бар қызық осы жерден басталды…
✍️ Қатарлас жүрген замандас балалар жазушыларының бірде-бірі балабақшаға кездесуге бармапты.
🧚 Мені ақ қанат періштелер тік тұрып қарсы алып, қазақ дәстүрімен қолыма су құйып, күй тартып, қошемет көрсетті. Бәрі “Елдос Тоқтарбай келді” деп қояды 😉 Сөйтсем, балдырғандар кітабымды үш ай бұрын тапсырыспен алдырып, әбден оқып, талдап тастапты)))
🫅”Құлыншақ” ересектер тобы “Тау құсы” кітабын жаттап-ақ алған екен. Кейіпкер есімдерін жатқа соғып отыр. Маған сұрақ та қойылды. Сергіту сәтінде бірге ойнап, жаттығу жасадық 🙂
📚 “Бала қиялы — ертегі” деген тақырыптағы кездесу — менің мәңгілік санамда жаңғырып тұрар ерекше мезет, мөлдір әлем.
🧑💻 Жазушының бақыты — оқырманының ықыласына бөлену. Еліміздің аспан түстес байрағындай киінген кішкентай достарым жазуға деген құмарымды арттырды 🤍
❤️ Жүректерім менің!
Бақыттарың, жолдарың ашық болсын!
Балалық дәурендерің алаңсыз өтсін!
🏘️ Жүрегі бар патшалықтың құрылтайшысы Айнаш Рыскельдинова апайға, “Зүбән апа” балабақшасының бағбандарына ризашылығымды білдіремін.
🤲 Аллаға шүкір! Дегеніме жеткіз, талабымды оңғар, Тәңірім!
#алаш_аманаты
#алаш_сөзі
#елдос_тоқтарбай
#елдос_алаш