Ali’s Notes


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


Әл-Азхар университеті, Ақида және философия факультетінің студенті

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Алладан сұрау – міндетіміз, бірақ сол сұраған нәрсеге жету үшін өзіміз де қадам жасауымыз керек. Егер дұға етіп, бірақ ешқандай әрекет жасамасақ, ол бос үмітке айналады.


Дұға – ресторандағы мәзір емес. Ол – жай ғана “тапсырыс” беріп, дайын күйінде алатын нәрсе емес. Дұға – жүректен шығатын шынайы өтініш, бірақ ол әрекетпен ұштасқанда ғана нәтиже береді.


Дұға мен әрекет – бірге жүруі керек

Дұға – мұсылманның қаруы, бірақ тек дұға етіп отыра беру жеткіліксіз. Егер барлық мәселе тек дұғамен шешілсе, онда Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ешбір шайқасқа шықпас еді. Ол – дұғасы қабыл болғандардың ең жақсысы, бірақ сонымен бірге ол әрекет етті, жоспарлады, күресті.

Біз де солай істеуіміз керек. Дұға – сеніміміздің көрінісі, ал қарекет – сол сенімнің жемісі. Аллаға тәуекел етіп, дұға жаса, бірақ нәтиже күту үшін нақты әрекет етуді ұмытпа!


Өміріңді Алланың разылығы үшін сүр, сонда жүрегің тыныштық табады❤️‍🩹


Қолыңнан келсе жақсылық көп жаса, тіпті оны ешкім бағаламаса да, өйткені сен адамдар үшін емес, Алланың разылығы үшін жасайсың. Қандай қиындықтар болса да, садақа бер, өйткені садақаға мұқтаж адам – оны беріп тұрған адам.


“Садақа ең алдымен оны берген адамға үлкен пайда әкеледі.”


Өмірде қиындықтар кездессе, үмітіңді үзбе. “Я, Алла, менің өмірімді де, ақыретімді де қайырлы ет!” – деп дұға ет. Қайғы сәждемен кетеді, ал қуаныш – дұғамен келеді. Бүгінгі көз жасың ертеңгі қуанышыңа айналады. Сондықтан өміріңді уайыммен емес, үмітпен сүр.


Өмірдегі жағдайларға лайық дәрежеден артық мән берме және адамдардың сөзінен өз құныңды іздеме. Оны жүрегіңнің түкпірінен ізде, өйткені ар-ұжданың тыныш болса, сенің дәрежең көтеріледі. Егер өзіңді білсең, сен туралы айтылған сөздер саған зиянын тигізбейді.


Дүние үшін алаңдама, себебі бәрін беретін – Алла. Ризық үшін уайымдама, өйткені оны да Алла береді. Болашаққа қам жеме, себебі ол да Оның қолында. Тек бір ғана нәрсені ойла – Алланың разылығын алу. Егер Алла разы болса, сен де шынайы бақытқа жетесің.


Ниқаб – кейбір елдердің дәстүрінен алынған мәдени ерекшелік қана, Исламның құқықтық негіздерінде оны міндеттеу туралы ешқандай ереже жоқ.
✏️ Әл-Азхар фәтуа бөлімі


Ниқаб – қазаққа мүлде жат. Оны елді таңғалдыру, әйдейі өзгешелену, үркіту немесе бүлік тудыру мақсатында киетіндерге Алла берекесін бермесін.

Қатты кигілерің келіп жатса араб елдеріне барып кигендерің дұрыс)


Фиқһ пен сопылықтың айырмашылығын сұрағанда, жауап былай болады:

Фиқһ – денеңді сәжде етуді үйретеді, яғни сыртқы амалдар мен діни міндеттерді орындауға бағытталған ілім.
Сопылық – жаныңды сәжде етуді үйретеді, яғни ішкі жан-дүниеңді тазартуға, Аллаға шынайы махаббатпен жақындауға бағытталған рухани жол.




Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Дәл қазіргі сәт…

20 минут отырамын, осы 20 минут ішінде үлгерген кісілер дұғаларыңызды жекеме жазып жіберсеңіздер болады.🫂🤲🏻

Дұғаларыңызды жасап қоямын❤️


Адам биологиялық тұрғыдан жануарлармен, ал рухани тұрғыдан періштелермен бір деңгейде болады. Өз табиғатындағы қабілеттері мен қасиеттерін дұрыс дамыта алғандар уақыт өте келе періштелерге ұқсап, жоғары рухани деңгейге көтеріледі. Ал бұл қабілеттерін іске асырмаған немесе оларды жамандық жолында қолданғандар, ерте ме, кеш пе, жануарлардан да төмен деңгейге түсіп, тіпті шайтанға ұқсап кетеді…


Біз шынайы қайғыруға лайық ештеңе жоқ, тек дініміз әлсірегенде, Алламен қарым-қатынасымыз бұзылғанда ғана. Ал қалған барлық нәрсе уақытша, одан уақыт өте өтіп кетеміз, ұмытамыз. Тек Алла ғана мәңгі. Дүниеде Аллаға арнап жасалған іс мәңгі сақталады, ал Оған арналмаған нәрсе міндетті түрде жойылады.


Біз, мұсылмандар, ешқашан шешімі жоқ жағдайларға, үмітсіздікке апаратын қиындықтарға немесе ұзаққа созылған сенімсіздікке тап боламыз деп ойламаймыз. Біздің жүрегіміздің компасы әрдайым Жаратушыға – ең дұрыс бағытқа нұсқайды. Біз үмітімізді үзбейміз, қайғыға берілмейміз, өйткені бізде: “Бұл Маған оңай” деп айтатын Раббымыз бар💫


"Қазаққа дін қажет емес" дейтіндер бар, мүмкін оларға дін қажет емес те шығар, бірақ мен үшін дінсіз өмірдің, құлшылықсыз өмірдің еш мәні жоқ. Өмір сүру үшін, адам болып өмір сүру үшін де адамға мотивация қажет. Ал дін адамға қандай мотивация береді? Оны бір ғана мына хадистен түсінуге болады, әрине, егер ол бірдеңе түсінетін адам болса.

"Егер адам бұл дүниеде мүміннің мұңын сейілтетін болса, Алла ақиретте оның мұңын сейілтеді. Егер ол мұқтаждық көрген біреудің өмірін жеңілдетсе, Алла бұл дүниеде де, ақиретте де оның тағдырын жеңілдетеді. Егер адам мұсылманның кемшіліктерін жасырса, Алла бұл дүниеде де, ақиретте де оның кемшіліктерін жасырады. Өз бауырына көмектесуін тоқтатпайынша Алла да құлына көмектесуін тоқтатпайды". (Муслим).


Лайықты адам білім алған кезде, ол ізетті болады.
Ал, лайықсыз адам
тәкаппар болады.

(ибн хиббан)


“Қағбаны көргендегі реакциямды көрейік” деген видеоларды біраз блогерлерден көргенде жағамды ұстаған едім)😁


Шын жүректен келген сезімдер әдетте ішкі тебіреніс пен жан дүниенің құпиясы ғой. Мұндай нәрселерді басқаларға көрсету үшін емес, өзіңмен және Жаратушымен арасындағы байланыс ретінде қабылдау маңыздырақ сияқты.


Мекке – қасиетті мекен, таудай күнәлармен келіп тәубе, құлшылық ететін орын. Осы ұлы сапардың қадірін түсінбей, ұмраға барып, арзан атақ пен көңіл көтеру үшін пранк, неше түрлі видео түсірмей-ақ қойыңыздар(шиш).


Бәрі бұл сапардың рухани тереңдігі мен шынайы мақсатын түсінбегеннен…


Біз көпшілігіміз ерекше қылықтарымен танымал болған әйгілі блогер Хасбулланы жақсы білеміз.

Қазіргі уақытта бұл баланың суретін мэм немесе GIF ретінде пайдалану кеңінен таралып кетті. Алайда, Хасбулла бірнеше жыл бұрын өзінің парақшасында:
«Кімде-кім менің суреттерімді осылай пайдаланса, қияметте жауапқа тартамын», – деп жазған болатын.

Сақ болыңыздар! Онсыз да есеп беретін нәрселеріміз жеткілікті, қалғанына төзіміміз жетпей қалады.

Показано 20 последних публикаций.