Сізге шын жүректен айтайыншы…
Иә, білемін. Бәлкім қазір басыңызға түскен қиындықтар мен сынақтар сізді қатты шаршатқан болар. Тіпті, кейбір ауырлықтарды көтере алмаймын деп ойлап, жаныңыз өртеніп жатқан да шығар, бірақ ұмытпаңыз, Алла міндетті түрде бұл қиындықтарды кетіріп, сізге жақсылықтар нәсіп етеді. Бұл сөздерден кейін, Алла маған хайырлысын береді деп сенесіз, дегенмен мына ойлар мазалауы мүмкін:
— айлығымды толық бермеген бастық ше,
— қалағаныма қол жеткізе алмауым ше,
— үнемі маған қарсы шығатын адамдар ше, — деген сияқты…
Біз әрдайым адамдардың қойған тосқауылдарын ойлаймыз. Алла Тағала айтады: وَهُوَ الْقَاهِرُ فَوْقَ عِبَادِهِ “Ол құлдарын Өзіне толық бағындырушы.” (Ән’ам, 18) Адамдардың барлығы Алланың құлы. Егер Алла сізге бір нәрсе беруді қаласа, Оған ешкім тосқауыл бола алмайды. Кейін сұрасаңыз: “неліктен Алла маған бермей жатыр?” Аяттың жалғасында: وَهُوَ الْحَكِيمُ الْخَبِيرُ
Ол — Хаким(әр ісі мен әрбір үкімінде талай хикмет болған асқан даналық иесі), Хабир(барлық нәрседен толық хабардар болушы). (Ән’ам, 18)
Демек, Алла сізге береді. Бірақ Өзі қалаған уақытта береді, сіз қалаған уақытта емес. Себебі, Алла — Хаким(әр ісі мен әрбір үкімінде талай хикмет болған асқан даналық иесі)