Aman world


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Технологии


Senior Software Engineer at Google
Жарнама бойынша - @zhannishk

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Технологии
Статистика
Фильтр публикаций


Келе жатқан жаңа жыл құтты болсын! 🎈🎉🎊

Программалауды қай тілден бастарыңызды білмей жүрсеңіз 2025ші жылы питоннан бастай беріңіз 😁




Биылға 88 тренировка жасаппын 😎

https://strava.app.link/sAAkCdR8GPb


Қайырлы кеш, Aman World оқырмандары!

Біздің кітап клубымызда оқып жүрген кітабымыз бойынша конспектілер жазып жүрмін. Үйтіп бүйтіп жүріп кітаптың бел ортасына да жетіп қалыппыз. Осы қарқынмен кете берсем, кітапты толық оқып біткен соң менде кітаптың қазақша қысқа сығындысы болмақ. Тек маңызды және қызық деген тұстарын түсіндіріп жазып жүрмін.

Енді сұрақ: ары қарай ол контетті қалай қолдансам болады? Идеяларыңызбен бөлісіп кетіңіз комментте 🫶


Тәуелсіздік күні құтты болсын! 🇰🇿🇰🇿🇰🇿


Өте қызық жазба. MAANG-та жұмыс істегеннің челлендждері жетерлік: Айналаңда бәрі задроттар; корп политика; бюрократия; әрбір адам промо алғысы келеді; импостер синдромы;

Мен 4 жылда L3 - > L5 болдым деп мәз болып жүрсем, МЕТА-да не бәрі 3 ақ жылдың ішінде E3 -> E6 болыпты. Нағыз super star екен.

Айтылғандарының бәрімен келісемін. Өте қызық, оқып көріңіздер.


Gemini 2.0 дейді 👀

GPT-ді $200-ға жазылып қолданып жүргендер бар ма?


"Өлсем де программист болмаймын"

Маған IT мамандығын таңдап берген әкем. Мектеп кезінде болашақта IT маманы боламын деген ешқандай ойым болмаған. Бірақ өзіме жаратылыстану бағытындағы сабақтар көбірек ұнайтын. 11 сыныпты бітіріп, ҰБТдан жоғарғы бал жинап, кез келген мамандыққа оқуға түсе алатынымды білдім. Дегенмен жүрегім нені қалайтынын білмейтінмін.

Оқуға құжат тапсыратын кезде әкем: “Келешекте барлық нәрсе компьютермен жасалатын болады” - деп IT мамандығын таңдатқан болатын. Бұл мамандықты таңдағаныма 15 жыл болыпты, таңдағанымаа өте қуаныштымын. Болмаса 11 сынып оқып жүргенде “Өлсем де программист болмаймын” - деп айтқан адаммын ғой. Олай қатты “нетуге” болмайды екен. Қазір енді жүрміз, программист болмақ түгілі Google-да.

Жиза...

3.6k 0 13 37 160

Esep club

Қайырлы кеш, барлықтарыңызға!

Клубқа менімен бірге серіктес болып бірге жұмыс істесетін ментор/коуч іздестіріп жатырмын. Аптасына шамамен 8 сағаттай уақыт бөле алатын, есеп шығарудан тәжірибесі бар, жақсы түсіндіре алатын, ағылшын және қазақ тілдерін білет адам қажет. Спорттық программалау бэкграунд өте үлкен + болады.

Бірге esep club идеясын соңына дейін пісіріміз. Бірге силлабусты, есептерді, үй жұмыстарын дайындаймыз. Есеп шығару туралы бар білетінімізді сіз (ментор) арқылы клуб мүшелеріне сіңіруге тырысамыз. Қазірше сізден лекциялар өту және клубта есеп шығаруға көмектесу күтіледі. Айлыққа немесе %-ке келісеміз :) Серіктестік жақсы жүріп жатса басқа да жобаларды бірге істесеміз. Идея көп :)

Esep club тренер/коуч болуға ниетіңіз болса мына форманы толтырып кетіңіз. 3-4 күнде барлығын саралап, өзім сізге хабарласамын.

2.8k 0 15 14 43

Update: Уәде еткендей жобаны айтқан уақытымда бітірдім 😎😎😎
Gallup-та Focus 1-ші, Responsibility 2-ші орында болса солай болады дейді ме? 😁


3 мың оқырман🔥🔥🔥

Бүгін бір керемет күн болды ғой. Каналымызда 3к болдық. Контент және бастамалар көңілдеріңізден шығып жатыр деп үміттенемін. Мұндағы бастаманың барлығы сіздердің ұсыныстарыңызбен болып жатқан дүниелер.

Каналды осында 4.5 жыл ашып едім. Л3->Л5 жеттім. Джуннан Сениорға 😎
Көз алдыларыңызда өсіп жатырмын. Оқырмандарымның да көбі басында студенттер/джунлар еді олар да қазір мидл/сениор+. Бұйырса тағы 4-5 жылда юникорн иегерлері шығар арамыздан.

Рахмет барлықтарыңызға!!! ❤️❤️❤️

2.9k 0 1 22 124

Қайырлы күн, Aman World оқырмандары ☀️

Tech book club-тың дүйсенбі күні алғашқы онлайн кездесуі өтті. Оқырманардың 80% қатыса алды. Клуб мүшесінің бірі бірінші тарауға презентация жасап, түсіндіріп шықты. Сұрақтар қойылды, барлығымыз білгенімізше жауап бердің. Арада мықта мамандар да жетерлік екен. Менің көңілімнен шықты.

Кітап клубқа сәл жаңа нәрсе енгізіп жатырмыз. Кітап 16 тараудан тұрған соң аптасына 1 тараудан оқып, жоспарда ~4 айда бітіру. Бірақ, тек бір кітапты оқи бермесетен арасында, әр 5ші апта сайын, кітаптан ауытқып, әр түрлі тех компаниялардың тех блогтарын оқып тұруды қосып көрмекшіміз.

Айтпақшы, оқырмандар арасында топқа жазылып үлгермей қалғандар бар екен. Тағы бір топ ашуымды өтінген соң, екінші топ ашып жатырмын. Тіркелемін десеңіздер @zhannishk жазыңыз. Бүгін-ертең топты толықтырып бастап кетеміз. "Building Microservices" кітабын оқимыз. Әйпесе маған бірден 2 тех кітап оқып жүру ауырға соғады.

Есеп клуб туралы әлі тренер жағын қарастырып жатырмын. 1 адаммен сөйлесіп қойдым. Ертең тағы да бір кісімен сөйлеспекшімін. Одан бөлек адамдардан идеяға фидбэк жинап жүрмін. Ақыры жасаған соң толық ойластырылған клуб жасағым келеді. Сондықтан бұр іс әлі де брейншторминг этабында.


Қайырлы күн, Aman World оқырмандары ☀️

Кітап клуб бастаған соң артынан есеп клуб ашса қалай болады екен деген ой келді.

Жақсы бір тренер тауып, оқып практика жасау керек тақырыптарды/есептерді бекітіп, айлық подпискамен курс ашсам адамдарға қызық болады ма екен?

Форматы:
- апта сайын тренермен жаңа тақырыптар
- апта бойы тақырыпқа қатысты есеп шығару
- аптасын 2-3 рет office hour тренермен.
- менен апта сайын әр түрлі қолдаулар (код ревью, резюме, қонақтар, мок интервью, карьерный консультация)
- Толық онлайн. Кешкі уақыт, жұмыс бастыларға ыңғайлап.

Әрине, ақылы және қымбат болмақ 😅

Мұндай сервиске қажеттілік болып жатса бұл істі қолға ала аламын.

#клубомания

2.9k 0 8 42 105

Update

~40 адаммен 1 топ аштық. Қосыламын деп тіркелген 80 адамның жартысы ғана ары қарай төлемді жасам топқа қосылды. Әлі де топқа қосылайықшы деген ұсыныстар келіп жатыр. Бірақ 40 адамнан көп болса сапа нашарлап кетер деген оймен қазірше жаңа адамдарды қабылдап жатқан жоқпын. Бірақ қосылуға қатты ниетіңіз болса @zhannishk жазып екінші топқа тіркелсеңіз болады. Екінші топты ең болмағанда 20 адам жиналса ашамын.

Клуб қазірше жақсы жүріп жатыр. Күнделікті саммари жасап жүрмін оқығанымды. Топта адамдар өздерінің тәжірибесімен бөлісіп жүр. Онлайн кездесулеріміздің уақытын бекітіп қойдық.


Гугл Цюрихтың 20 жылдығына орай осындай футболка таратып берді. Түстерін онша гуглдың стиліне келмейтін сияқты ма иә?


Update

Топқа тіркелуді тоқтаттым. 80+ адам жиналды. Ешкімнің көңілін қимай ~40 адамнан 2 топ ашатын болып шештім. Алғашқы бастамамыз сәтті болсын деп тілеп қойыңыздар 🙏


Кеттік!

Жоғарыдағы шарттармен келісетін, кітап оқып дамуға уақыт таба алатын, техникалық кітап оқитын ортаға қосылғысы келетіндер - топқа жазылыңыздар.

Бірінші ай тестовый болмақ. Әрі түрлі форматтарды жасап көреміз. Клуб барлығымызға ұнап жатса жалғастырамыз. Мен бұған дейін ешқандай кітап клубта болмағанмын. Сондықтан мен үшін де жаңа нәрсе болмақ.

Топқа тіркелу қарашаның 1-і 13:00 тоқтайды. Топта максимум 40 орын ғана болады. Одан көп болса игере алмай қалуымыз мүмкін деген қорқыныш бар :)

Төлем жағын (5000тг) жаңа топта хабарлайтын боламын.

Tech book club тіркелу тоқтатылды. Бірақ қосыламын десеңіз @zhannishk жазыңыз


Сундар ағай гитхабтың копайлоты енді бұдан былай гемини қолданатын болады дейді. Копайлот қолданатындар бар ма?


Үйдегі жұмыс орныма осы 2 картинаны сатып алдым. Толық темірден жасалған. Жарасып тұр ма? 😅

Негізі қазақша стильдегі картина да ілгім келді, бірақ европаның сервистерінен таба алмадым. Негізі сол жақта әлі де орын бар 😁


Жұмыста жобамды жаңа жылға дейін бітірсек керемет болады деп айтқан менеджерім. Қазанның басынан бері қатты жұмыс істем қойдым ба, менеджеріме одан ертерек бітіре алуым мүмкін, қараша қараша соңына дейін - деп айтып едім, қалай сол қарашаның ортасы дедлайным болып кеткенін байқамай қалдым ғой 😂
Жиза ма? 😁

Показано 20 последних публикаций.