Angime bar 📰


Гео и язык канала: Казахстан, Русский


Оперативно⚡️Последние новости 🌏Аналитика 💬

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Русский
Статистика
Фильтр публикаций


Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Junior Eurovision-2020 байқауында 2-орын алған Қарақат Башанованы құттықтады.

@angimebar


Бүгін кешкі сағат 20.30-да «Хабар» телеарнасынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың қызметтік жолы туралы деректі фильмдер циклынан алғашқы кинокартина көрсетіледі.

6 бөлімнен тұратын туынды «Хабар» агенттігі мен «Аргументы и факты Казахстан» газетінің бірлескен жобасы. Жоба жетекшісі – «Хабар» агенттігінің басшысы Ерлан Бекхожин.

Деректі фильмде көрсетілген қызықты деректер, ерекше пікірлер, архивтік кадрлар елде және әлемде болып жатқан тарихи оқиғалармен үйлеседі.

@angimebar


Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық қауіпсіздік және жаһандық ядролық диалогты қайта бастау мәселелері бойынша халықаралық онлайн конференциясы қатысушыларына алғысын білдірді.

«Қазақстан Президенті болған шағымда мен сыртқы саясаттағы жұмысымның біршама бөлігін – ядролық қарудан еркін идеясы мен жетістігіне арнадым. Олай етуімнің себептері де бар еді. Біріншіден, Қазақстан ядролық қару сынағының бүкіл қайғы-қасіретін сезіне білген мемлекет.

Семейдегі полигоннан менің 1,5 миллионға жуық отандасым зардап шекті. Менің жарлығым бойынша әлемдегі ең ірі полигондардың бірі 1991 жылғы 29 тамызда жабылды. Бұл шешім – ядролық сынақтарға заңды түрде тыйым салатын адамзат тарихындағы ең алғашқы шешім болатын. Кейін басқа мемлекеттер де өз полигондарын жапты.

Осылайша менің елімнің үлгісін басқа елдерде де қолдап, бұл бастама жаһандық сипатқа ие болды. Сонымен қатар бұл шешім 1996 жылы бәріне ядролық сынақтарға жаппай тыйым салған келісімге негіз болды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық онлайн конференцияда.


Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовты қабылдады

Әбілқайыр Сқақов өңірдегі денсаулық сақтау саласы бойынша жүзеге асырылған жұмыстар жайында айтты. Оның ішінде, коронавирус пандемиясын ауыздықтауға қатысты қабылдаған шараларды атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының республикадағы маңызды аймақтардың бірі екенін, өңірге жан-жақты қолдау көрсетілетін айтты.

Президент облыс әкіміне халықты жұмыспен қамту жұмыстарын жалғастырып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын түсірмеуге байланысты бірқатар тапсырма берді.

@angimebar


Президент Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады

Мемлекет басшысына жыл басынан бері жүзеге асырылған мемлекеттік бағдарламалардың қорытындылары мен министрліктің басым бағыттары жайында есеп берілді.

Министр жыл басынан бері «Нұрлы жол» бағдарламасының шеңберінде жалпы ұзындығы 2,6 мың шақырым автомобиль жолы пайдалануға берілгенін атап өтті.

Еларалық жүк тасымалы да өскен. Атап айтқанда, Қытай-Еуропа-Қытай бағытындағы тасымал 61,6 пайызға артқан.

Президент Бейбіт Атамқұловқа жергілікті жерлердегі жолдарды жөндеу, арендалық баспана құрылысын арттыру, сондай-ақ, ведомствоның негізгі бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.

@angimebar


Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Асқар Тойшыбеков басшы болып тағайындалды.

Бұған дейін Асқар Тасболатұлы Алматы облысы ТЖД бастығының орынбасары қызметін атқарған.

@angimebar


«Еліміз бәсекеге қабілетті болуы үшін білім және мәдениет саласын өркендетуге, жастарды қолдауға баса мән беруіміз керек. Бүкіл Қазақстан бойынша 800 жаңа мектеп салынады. Соның арқасында біз апатты және үш ауысыммен оқытатын мектептердің мәселесін толық шешеміз» - деді Мемлекет басшысы Nur Otan партиясының кезектен тыс XX Съезінде.

@angimebar


ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Амантай Жұмағалиев Атырау облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері болып тағайындалды.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Атырау облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысының орынбасары қызметін атқарған.

@angimebar


Нұрсұлтан Назарбаев «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады.

Төраға Қордың заманауи медициналық білім беру, денсаулық сақтау және ғылыми-зерттеу қызметін дамыту бойынша қабылдаған шаралары жөнінде ақпарат берді.

«Қазіргі жағдайда медицина қызметкерлеріне үлкен салмақ түсіп, зор жауапкершілік артылып отыр. Сіз «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарма төрағасы қызметіне кірістіңіз. Еліміздің жарқын болашағы жолында қызмет атқаратыныңызға сенімдімін. Біз сізге қолдау көрсетеміз», – деді Елбасы.

@angimebar


Президент «ҚР Ұлттық қорынан 2021-2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

@angimebar


«Бұл мәселе менің жеке бақылауымда» – Б.Сағынтаев

Алматыда кесілген ағаштарға қатысты қала әкімі әлеуметтік желіде жазба қалдырды.

Әкімдік ағаштарды кесуге рұқсат бермеген.
Заңсыз әрекетке қатысты ҚК 340-бабымен тергеу басталды.

«23 қарашаға қараған түні «Sulpak» СҮ жанында заңсыз 13 ағаш кесілді. Қоршаған ортаға келтірілген зақымның мөлшері есептеледі.

Сауда үйінің жанындағы аумақты «Arena S» ЖШС-ға қарасты (Sulpak) ЖК «Сакура» мен «Бурибекова» мердігерлерінің абаттандырғаны анықталды.

Алматы ПД бастығы Қ.Таймерденовке істі толығымен қарап, оның объективтілігін қамтамасыз етіп, кінәлілерді анықтап, жауапкершілікке тарту тапсырылды. Істің барысы туралы жұртшылықты хабардар етіп отырамыз. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда», - деп жазды әкім.

@angimebar


Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған үкіметтік делегация жұмыс сапарымен Қордай ауданына барды.

Вице-премьер Гвардейский ауылындағы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты жанындағы отандық иммундық препараттар шығаратын зауыттың құрылысымен танысты.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынып жатқан зауыттың құрылысы биыл аяқталады.

Құрылысқа 145 адам, 30 бірлік техника жұмылдырылған. Зауыт өз жұмысын келесі жылдың бірінші тоқсанында бастайды.

@angimebar


Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда ағаш кескендерді жауапқа тартуды тапсырды

«Президент Алматы қаласы Төле би көшесіндегі ағаштардың оталғанына қатысты жағдайға назар аударды. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа аталған жағдайға байланысты қызметтік тексеру жүргізіп, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды», – деп жазды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбукте.

Айта кетейік, 23 қараша күні түнде сауда үйі маңындағы емен мен қарағаш оталған болатын.

@angimebar


«Биылғы 10 айда елімізде 12,4 млрд текше метр газ тұтынылды»

«Елде жаңа тұтынушылардың пайда болуына байланысты газ тұтыну көлемінің де өсуі байқалады. Мысалы, соңғы 5 жылда (2015-2019 жж) газды тұтыну 12,1-ден 16,3 миллиард текше метрге (35%) артты.

Осы жылдың 10 айында газ тұтыну көлемі 12,4 млрд текше метр немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 102 пайызды құрады», - деді ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Үкімет отырысында.

@angimebar


Асқар Мамин 2021 жылдың 1 сәуіріне дейін Газдандырудың бас сызбасының өзектендірілген жобасын әзірлеуді тапсырды.

«Солтүстік өңірлерді газдандыру үшін 2021 жылдың 1 наурызына дейін «Сарыарқа» газ құбыры жобасының 2 және 3-кезеңдерін іске асыру бойынша техникалық-экономикалық негіздемелерді жаңартып, барлық сараптаманы алуды тапсырамын. Ал 1 сәуірге дейін Энергетика министрлігі Шығыс Қазақстан облысын газдандыру тұжырымдамасын дайындап, қажетті есеп пен күтілетін әсерді қарастырсын», – деді Үкімет басшысы.

@angimebar


Газ ресурстары ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін жеткілікті – Н.Ноғаев

«Қор жөніндегі мемлекеттік комиссия 3,8 триллион текше метр көлемінде өндірілетін газ қорын бекітті. Оның ішінде ілеспе газ – 2,2 трлн текше метр және табиғи газ – 1,6 трлн текше метр. Барланған газ қорының 98 %-дайы – еліміздің батысында, 87 % астамы – ірі мұнай-газ және мұнай-газ конденсаты кен орындарында шоғырланған», – деді Энергетика министрі Үкімет отырысында.

@angimebar


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Мемлекет басшысының Қарағанды облысына жұмыс сапарына бейнешолу.

@angimebar


Президент Қарағандыға сапары барысында «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағына барды

Мемлекет басшысы Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапары аясында «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының даму перспективасымен танысты.

«Балама электр энергиясы бағытын қолдаймын. Жолдауда біртіндеп көміртек пайдалануды азайту саясатын жүргізу керек екенін айттым. Бұл бағыттың болашағы зор. Бүкіл әлем аталған бағытта дамып жатыр. Мен Германияға барғанымда осы тақырыпта неміс компанияларының жетекшілерімен сөйлестім. Жалпы олармен ынтымақтастыққа назар аудару керек деп санаймын. Күн электр энергиясы болашақта бірқатар проблеманы шеше алатын қуатты көзге айналады. Ол сонысымен тартымды», – деді Президент.

@angimebar


Қазақстан Президенті «YDD CORPORATION» ЖШС ферроқорытпа зауытына барып, жоғары сапалы ферросилиция өндірісімен танысты.

Мемлекет басшысына жұмыс процесі мен құрылыста, кеме, әуе көліктерін және автомобиль жасауда қолданылатын дайын өнімдер көрсетілді.

Зауыттың қуаттылығы жылына 180 мың тонна өнім өндіруге жетеді. Онда қолданылатын технология ферросилиция мен ферромарганец өндіруге мүмкіндік береді. Жобадағы отандық өнімнің үлесі 95 пайыздан асады.

@angimebar


Мемлекет басшысы Қарағандыда жаңадан салынған теннис орталығының жұмысымен танысты. Орталықта бір уақытта 650 бала жаттығуға мүмкіндік бар.

Орталық құрылысы әлемдік стандартқа сай салынған. Мұндағы 11 корттың жетеуі жабық. Бұдан бөлек арнайы залдар бар.

Президент нысанның техникалық жабдықталуы туралы ақпаратты тыңдады.

@angimebar

Показано 20 последних публикаций.

3 774

подписчиков
Статистика канала