Margulan Aqan


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Другое


Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Другое
Статистика
Фильтр публикаций


🤔🤔🤔


Репост из: 🇰🇿 Dopmedia | спорт жаңалықтары
⚡️Көшпенділер ойындары қазақ пен қырғызға ғана керек пе?

Олимпиада қазақ пен өзбектің бәсекесі болды емес пе?

13 қыркүйекте V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми жабылу салтанаты өткен болатын.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жалпы нәтижесі бойынша, Қазақстан құрамасы 43 алтын, 34 күміс, 37 қола медальмен көш бастады. 19 алтын, 21 күміс, 25 қоламен Қырғызстан екінші орында, Ресей спортшылары үштікті түйіндеді. Ал Өзбекстан мен Түркия құрамалары үздік бестік қатарынан көрінді.

Бұл жарыстың ең қызықты сәті – 12 қыркүйекте өткен көкпар бәсекесінде орын алды. Қырғыз-қазақ көкпаршыларының эль-классикосы тағы бір мәрте үлкен шуға ұласты. Әлеуметтік желіде үлкен талқыға түсіп, тіпті бірін-бірі балағаттауға дейін барды. Ақырында көкпарды Қазақстан құрамасы жеңсе, көк бөріні Қырғызстан құрамасы өз қанжығасына байлады. 

Келесі Дүниежүзіліік көшпенділер ойындары Қырғызстанда өтеді. Осыған дейін 3 мәрте осы аймақта өткен ойындар тек қырғыз бен қазақтың көкпар бәсекесімен жанданған еді. Алдағы ойындарда да тек осы екі елдің сынға түскенін тамашалайтын секілдіміз.


Шешесі баққан Тоныкөк

Кеше ғана 3 жасқа келген ұлымды осы үш жыл ішінде бағып-қағып өсірген — анасы. Оған жеке алғыс айтқым келеді.

Алматыдан Астанаға көшіп келгелі тынымсыз еңбек етіп келемін. Өліп қалмау үшін емес, өмірді адам секілді сүру үшін осылай шештім.
таңда кетіп, түнде үйге ораламын. Осылай шапқылап жүрген кезде әйеліме, сосын балама қараймын. Алғаш қырқынан шыққанша қолымда өскен Тоныкөктің тез есейіп жатқанын көргенім болмаса, оның күнделікті үйде не істеп жатқанын байқамаймын. Бәрін көретін, ауыртпалығы мен жауапкершілігін арқалайтын сол анасы.

Түнде жұмыстан оралғанда сілесі қатып ұйықтап жатқанын көремін. «Тамақ қайда?» деп айтқың келеді, бірақ мен жұмыстың базарынан қайтсам, шешесі үй ішіндегі күйбең тірліктің базарынан шыға алмай жүр ғой…

«Неге қарамайсың?» деп айтқан кездерім болды. Сол кезде «сен неге қарамайсың?» деп екіленген әйелімді көрген жоқпын. Түсіндіруге тырысып, жайын айтатын. Қазір осындай келіншегімнің барына, осындай ұлдың анасы барына шүкір етіп, құдайға тәу етемін. Үгітіліп кетпей, үкілеген үмітке иек артып келе жатқан әйелдің дем беріп тұрғаны осы. Қай бір Марғұлан дейсіздер ол энергиясы бітпейтін. Артында осындай адамы бар.

Маған «бәрі туып жатыр, бәрі бағып отыр» дейтін әңгіме ұнамайды. Бәрі баға ма, туа ма менің шаруам жоқ. Тек бір кішкентай ғана тағдырдың іштегі екі үлкен тағдырға әсер еткенін көріп, жұрт айта беретін «бәрі сондай болған» дейтін сөздің ең әлсіз аргумент екенін ұқтым.

Ұлым, туған күніңмен!
Сен маған менің әкемнің мен үшін ӘКЕ деген атқа лайық болу үшін тер төккенін түсіндірдің. Мен де саған лайық болу үшін бәрін жасаймын.
Рақмет саған, жүрегімнің жартысы.


⚡️ВАКАНСИЯ

- Орыс тілінде спорт тақырыбында материал жазатын журналист іздеймін. Астана қаласы.




Былтыр Тоныкөкті балабақшаға бердік. Күзде. Шешесі үй жақтан іздеп жүріп, тек қазақша тәрбие беретін әрі ішкі жағдайы жақсы деген соң келістім. Барып көрдім. Ұнады. Бағасы 125 мың теңге. Өліп-тірілсем де сол ақшаны тауып беріп отырамын деп өзіме серт еттім. Таптым. Бірақ...
Бірақ 3 ай өткен соң келіншегім әдеттегідей “Тонның видеосы” деп жібере салған видеоны көрдім. Қаным басыма шапты. 7-8 кішкентай бүлдіршіндерді айналдыра отырғызып қойып, ортада жүзі қазақ апайым орысша ертегі оқып отыр. Ана балалардың ішінде 2-3 бала, соның қатарында менің ұлым да бар, не айтып жатқанын түсінбей, біресе желкелерін қасып, біресе бір-біріне қарап таңданып отыр. Әкімшілігіне қоңырау шалдым:
- Кешіріңіз, мен қазір бір видео алдым. Неге кішкентай балаларға орысша ертегі оқып отыр? - дедім.
- Бізде қазақша түсінбейтін балалар да бар, бәрі түсінетін болған соң солай оқып жатыр, - деді.
- Мен 125 мың теңгені “бәрі қазақша” деген үшін ғана төлеп отырмын, жай ма сіздердікі?
- Жоқ, оның үстіне ол орыс халық ертегісі ғой, орысша оқиды ғой, - деген кезде даусым қатты шықты білем:
- Әй, көке! Сіздің есіңіз дұрыс па? Сонда француз халық ертегісін француз тілінде оқисыздар ма? Мыналарыңыз тіпті басыну ғой, - деп едім. “Келесіде ескереміз” деп жауап берді де, телефонды қоя салды.
Жұмыстан шықтым да, балабақшаға барып, баламды алып кеттім. “Ақша қайтпайды” деп арсылдап тұр. “Ақшаны табам, бірақ ертең қазақша сөйлейтін бала таппай қалам” дедім де шығып кеттім.
Қазір басқа, тек қазақша оқытатын балабақшаға барып жүрміз. Бүгін заттарын алдық. “Әке” деп дүкеннің ішінде айғайлап жүр. Жаның кіреді.


Бірдеңені соңына дейін қазақша жасап шығу деген бізге арман болып тұр. Мынау енді 9 күннен кейін басталатын БЕСІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНЫҢ" сайтындағы басты беттегі нұсқаулық. Өзгертер деп ойлаймын.


⚡️Telegram-да сақталған маңызды ақпаратты қорғап, оны жүктеп алыңыз, себебі кез келген сәтте АҚШ пен Амстердамдағы серверлерді тәркілеу басталуы мүмкін — Red Shield VPN жасаушысы Владислав Здольников.


⚡️Оян, қазақ!
Телеграмға қауіп төніп тұр!
Дуровқа әлем таласып жатыр, біз шетте қарап тұра алмаймыз! Аттан!
… десем тым пафос боп кетеді ә 😂


🇫🇷 Француздық BFMTV телесетьі Павел Дуров ордер шығарылғаннан кейін Франция мен Еуропаға бармағанын хабарлайды. Ол көбінесе Біріккен Араб Әмірліктерінде, бұрынғы КСРО елдерінде және Оңтүстік Америкада болған. Ле Бурже әуежайына келуінің себебі әлі де белгісіз.

Саяси ойын? Дуров ондай ақымақ емес шығар?!


#Дуров қана емес, зиянды Телеграм да көруі мүмкін. Санкция салуға қатысты жаңалық та бой көрсетті.


⚡️Дуровты босатпайды. Ол Францияның ресми түрде азаматы және айырбасқа немесе экстрадицияға жатпайды — француз басылымы. Не боп жатыр?


🇯🇵 Жапонның Хираямасымен қалай таныстым?

2 күн бұрын Хираяма есімді жапон азаматымен таныстым. 2 сағат сөйлестік.

Жалғыздықты серік еткен жапондық Токиода әжетхана жуатын қызметкер болған. Қала ішіндегі көпке арналған әжетхананы тілмен жалағандай тазалайды-мыс. Жапырақтарды, ағашты, табиғатты жаны сүйеді. Таңда тұра салып “аспанға қараймын” деген ол, ләззат алады екен.

6 күн таңғы 4:30-да тұратын ол, бір күн ғана демалады. Әдетке айналған. Таңда тұра салып, кітап оқиды. Үйін қыздың жиған жүгіндей ұстайтынын айтқан ол, үй ішінде гүл өсіретін бағбан. Таңда тұрып, үйінің алдындағы автоматтан салқын кофесін алып, арнайы киімін киіп, көлікке отырып, қалаға тартады екен. Түсте әрдайым тоғай ішіне барып, жапыраққа қарап отырады. Кешке қайтқан сайын метроның қасындағы арзан әрі шағын асханадан ас ішеді. Күн сайын бір тамақ: мұз қосылған су, салат және аты белгісіз бір тамақ.

Кешке келіп, кітап оқиды екен тағы. Сосын жатады да, күні бойы көрген табиғат әлемін елестетіп жатып, ұйқыға кетемін деп отыр. Дәл осылай “мінсіз күндерін” қаншама жыл өткізген оның бұл күйін жапонша “komorebi” деп атайды екен. Мағынасы былай, жарық пен түнек арасындағы ойын.

124 минт бойы сөйлескен мен оның 2023 жылы Канн фестивалінде “ең үздік ердің рөлі” атағын жеңгенін білдім. Ойлаңызшы, Астанада, Мәңгілік ел көшесінің бойында сондай адаммен таныстым…

Perfect days… деп сөз бастаған ол негізі бай әулеттен болып шықты. Тек әкесімен арадағы араздық бәріне себепкер. Ағылшын әншісі Симонның “Feeling Good” әнін қосты да, бір күліп, бір жылап отырып менімен қоштасты.

124 минут бойы сөзін бөлмей қалай қарап отырғаныма таңдандым. Себебі мен Хираямадан өзімді көрдім. Сіз де өзіңізді көресіз.

Көргіңіз келсе, Хираямамен мен секілді жолығып қалғыңыз келсе, Perfect days деп жазыңыз интернетке 🙌🏻

平山さん、ありがとうございます!

#жапон #хираяма #perfectdays


⚡️Тұлғалық ерекшеліктер

Экстраверсия мен интроверсия
Жігіт пен қыздың қарым-қатынасы олардың әлеуметтік белсенділігіне байланысты. Экстраверттер ашық, әлеуметтік қарым-қатынасты қажет етеді және жаңа әсерлерді іздейді. Интроверттер керісінше, жеке уақытты жоғары бағалайды және терең байланыстарды артық көреді. Егер екі серіктестің тұлғалық типтері әртүрлі болса, бұл қарым-қатынасқа әсер етіп, екі жақтың да қажеттіліктерін ескере отырып, теңгерімді табуды талап етеді.

Эмоционалдық тұрақтылық
Эмоционалдық тұрақтылық тұлғаның стресске, қысымға және өмірдің қиындықтарына қаншалықты төзімді екенін білдіреді. Эмоционалдық тұрақсыздық қарым-қатынастағы жиі келіспеушіліктер мен түсініспеушіліктерге әкеледі. Тұрақты және байсалды серіктес қарым-қатынасты сақтауға көмектеседі, ал эмоционалдық тұрғыдан тұрақсыз серіктес одан да көп қолдау мен түсіністікке мұқтаж болады.

Өзгеріске дайындық
Қарым-қатынастың динамикасы серіктестердің өзгеріске қаншалықты дайын екендігіне де байланысты. Өмірдің әртүрлі кезеңдерінде серіктестер жаңа мақсаттар, міндеттер және рөлдер қабылдайды. Өзгеріске дайын серіктестер қарым-қатынасты сақтап, оны жаңа бағыттарға бейімдей алады, ал консервативті көзқарастағы серіктестер өзгерістерді қабылдау кезінде қиындықтарға тап болады.


⚡️Тұлғааралық динамика

Жігіт пен қыз арасындағы қарым-қатынастың динамикасы олардың тұлғалық ерекшеліктеріне, өмірлік құндылықтарына және мақсаттарына байланысты болады. Бұл динамика өзгермелі болып, әртүрлі кезеңдерде қарым-қатынастың даму деңгейіне әсер етеді.

Түсінген адамға ойланатын әрі ойланып жүріп, әрекет ететін ұғым.


🇦🇿Әзербайжанның Бакуіне қарап отырып, біздің биліктің жай ғана туризмді дамытуға шынымен де құлықсыз екенін, әр нәрсені сылтау қылып, айта беретінін, соған халықты имандай сендіретіндерін енді түсіндім. Барынша, уақыты келе дамитын болар деп түсінуге тырысып едім.

Енді жоқ....


⚡️ 6 жыл алысқан дерттің үміті үкіледі☘️
2018 жылдан бері шешемнің дертімен күресіп келеміз. 6 жылда көргені - онкология, ішкені - дәрі, бойына тарағаны - химия.
Кеше толық анализ тапсырған шешемнің МРТ контраспен түскен қағазы бәрінің далаға кетпегенін көрсетті.
Мидағы метастаз кішірейген. Яғни бір орында тұрса да біз үшін үлкен олжа еді, ал ол кішірейіп жатыр. Бұл - кіші жеңіс✊🏻
Былтыр қор ашып, Стамбұлға барғанымыз да жемісін берді. Бәрі осындағы ағайын-жұрттың, халықтың, сүйікті оқырманның арқасы. Сіздердің тілеулеріңіз! Алла разы болсын 🤲🏻
Күрес тоқтамайды. Толық емделіп кеткенше күресемін. Былтырдан бері ішіп жатқан қымбат дәрісі (рибоциклиб) терісін ағартып, жанын ауыртып еді, шыдап келген шыдамына Құдай жауап берді.
⚡️ Бүгін әкемнің екінші аяғына жасаған операциясы да сәтті өтті.
Ауырмаңыздар!


⚡️ ЛУДОМАНДАРДЫ ЗАҢ ТОҚТАТА АЛА МА?

2022 жылы 735 қазақстандық құмар ойындарының кесірінен суицид жасаған.

Елдегі ажырасудың 40% үлесі осы лудоманияның кесірінен.

2022 жылы жалпы 350 мыңнан астам қазақстандық лудоман ретінде анықталған. Бұл жыл сайын өсіп жатыр.

Бір қызығы нақты ресми деректе тұрған лудоман саны - 9.

2018-2023 жылдар аралығында букмекер және казино ойындары көрсеткен қызмет құны 1 триллион теңгеге жеткен.


Тұрсынбек Қабатов, Қайрат Нұртас, Әбдіжаппар Әлқожа секілді азаматтардың ұсталуын, қамалуын БАҚ елемей, елесе де бірен-саран сайттар жазып, шулап қалатын күнге жеткен кезде есі дұрыс қоғам боламыз. Оған дейін әлі ерте екен. Елдегі бірінші БАҚ-тан бастап, күніне сайтына 2 адам кіретін медиалардың да жазып кеткеніне қарағанда, бұл не үш жұлдыздың ақымақтығы немесе биліктің саяси технологиясы.

Ең қызығы соған рейтингте тұрған ТОП 10 сайт, ішінде есі дұрысы да бар, алданып қалыпты дегенге өз басым сенбеймін. Ал шынымен алданып қалған не жаңалық ретінде беруді дұрыс деп шешкен болса, ЖУРНАЛИСТИКА деген мамандықты басқа жақтан оқып келіңіздер, болашақ түлектер! Болашақ журналист болатын мамандар.


❗️8,5 млн қазақстандық қаржы ұйымдарына 19 трлн теңге қарыз

📌8,2 млн азамат кепілсіз кредит тұтынушылық несие - 10 трлн теңге

📌1,6 млн азамат проблемалық кредит - 1,7 трлн теңге

Показано 20 последних публикаций.