Aqorda 🇰🇿


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Политика


Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі
Пресс-служба Президента Республики Казахстан
Press Office of the President of Kazakhstan

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Политика
Статистика
Фильтр публикаций


✍️Главой государства подписан Указ «О единой юбилейной медали «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл»

🎖 В соответствии с Указом единой юбилейной медалью «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» будут награждены ветераны Великой Отечественной войны, труженики тыла и иные лица.

⏩ Подробнее на сайте Акорды

t.me/aqorda_resmi


✍️ Мемлекет басшысы «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалі туралы» Жарлыққа қол қойды

🎖Аталған Жарлыққа сәйкес Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері және өзге де адамдар «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» бірыңғай мерекелік медалімен наградталады.

⏩ Толығырақ Ақорда сайтында

t.me/aqorda_resmi


🇰🇿🇧🇩Глава государства направил поздравительную телеграмму Президенту Бангладеш
 
✔️Касым-Жомарт Токаев поздравил Мохаммада Шахабуддина Чуппу и народ Бангладеш с национальным праздником – Днем независимости.
 
✔️Президент Казахстана выразил уверенность в том, что двустороннее сотрудничество, основанное на узах дружбы и взаимопонимания, будет и впредь развиваться на благо двух народов.
 
✔️Глава государства пожелал Мохаммаду Шахабуддину Чуппу успехов в его ответственной деятельности, а бангладешскому народу – благополучия и процветания.

t.me/aqorda_resmi


🇰🇿🇧🇩Мемлекет басшысы Бангладеш Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
 
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Мохаммад Шахабуддин Чуппу мен Бангладеш халқын осы елдің ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
 
✔️Қазақстан Президенті жеделхатында достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты ынтымақтастық болашақта да қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Мохаммад Шахабуддин Чуппудың жауапты қызметіне табыс, ал Бангладеш халқына құт-береке тіледі.
 
t.me/aqorda_resmi


🇰🇿🇨🇳Глава государства принял заведующего Отделом международных связей Центрального комитета Коммунистической партии Китая Лю Цзяньчао

🔵В ходе встречи Президент Касым-Жомарт Токаев подчеркнул, что казахско-китайское вечное всестороннее стратегическое партнерство развивается по восходящей и устремлено в будущее.

🔵Глава государства выразил уверенность в том, что в рамках предстоящего визита Председателя КНР в Астану для участия во втором саммите «Центральная Азия – Китай» в июне текущего года будут намечены новые горизонты стратегического сотрудничества.

🔵Касым-Жомарт Токаев поддержал глобальные инициативы Председателя Си Цзиньпина по построению справедливого мирового порядка в соответствии с основополагающими принципами международного права и Устава ООН.

🔵Глава государства подтвердил неизменную приверженность нашей страны политике «одного Китая».

🔵Лю Цзяньчао подчеркнул, что Китай рассматривает Казахстан с позиции стратегической важности и придает приоритетное значение углублению казахско-китайского вечного всестороннего партнерства.

🔵В ходе беседы также были рассмотрены пути укрепления сотрудничества в торгово-экономической, инвестиционной и культурно-гуманитарной сферах.

t.me/aqorda_resmi


🇰🇿🇨🇳Мемлекет басшысы Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті Халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі Лю Цзяньчаоны қабылдады

🔵Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қытай мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігі қарқынды дамып келе жатқанын және болашақта да осы бағыттан айнымайтынын атап өтті.

🔵Президент маусым айында екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысу үшін Астанаға келетін ҚХР Төрағасының сапары аясында стратегиялық серіктестіктің жаңа мүмкіндіктері айқындалатынына сенім білдірді.

🔵Мемлекет басшысы Төраға Си Цзиньпиннің халықаралық құқықтың негізгі қағидаттары мен БҰҰ Жарғысына сай әділ әлемдік тәртіпті қалыптастыруды көздейтін жаһандық бастамаларын қолдайтынын жеткізді.

🔵Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің «біртұтас Қытай» саясатына бейіл екенін растады.

🔵Лю Цзяньчаоның айтуынша, Қытай Қазақстанды стратегиялық тұрғыдан маңызды серіктес ретінде қарастырады және қазақ-қытай мәңгі әрі жан-жақты әріптестігін тереңдетуге ерекше мән береді.

🔵Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту жолдары талқыланды.

t.me/aqorda_resmi


📣31 марта – 1 апреля 2025 года состоится официальный визит Президента Словении Наташи Пирц-Мусар в Республику Казахстан

🇰🇿🇸🇮В ходе визита планируются переговоры с Президентом Касым-Жомартом Токаевым, на которых будут обсуждены ключевые вопросы взаимного сотрудничества в торгово-экономической, инвестиционной, транспортной и культурно-гуманитарной сферах.

Особое внимание будет уделено развитию деловых связей. В рамках визита также состоится казахско-словенский бизнес-форум.

Словения активно продвигает инициативы по защите экосистем и устойчивому развитию. Данный визит станет важным шагом в укреплении двусторонних отношений, в том числе в сферах экологии, экономики и гуманитарных инициатив.

t.me/aqorda_resmi


📣2025 жылдың 31 наурыз – 1 сәуір күндері Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Қазақстанға ресми сапармен келеді

🇰🇿🇸🇮Сапар барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөз жүргізіп, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастықтың негізгі мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.

Екі ел арасындағы іскерлік байланысты дамытуға айрықша назар аударылып, Қазақстан-Словения бизнес-форумы өтеді.

Словения экожүйелерді қорғау және орнықты даму бастамаларын белсенді түрде ілгерілетіп келеді. Бұл сапар екіжақты қарым-қатынасты арттыруға, соның ішінде экология, экономика және гуманитарлық бастамаларды нығайтуға тың мүмкіндік береді.

t.me/aqorda_resmi


🇰🇿🇬🇷Глава государства поздравил Президента Греции с Днем независимости

✉️Касым-Жомарт Токаев с удовлетворением констатировал, что основанное на дружбе и взаимопонимании многогранное сотрудничество между Астаной и Афинами крепнет с каждым годом. Глава государства выразил уверенность в том, что благодаря совместным усилиям отношения двух стран будут и впредь развиваться по восходящей линии.

✔️Президент Казахстана пожелал Константиносу Тасуласу успехов в его ответственной государственной деятельности, а дружественному греческому народу – процветания и благополучия.

t.me/aqorda_resmi


🇰🇿🇬🇷Мемлекет басшысы Грекия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

✉️ Президент Астана мен Афина арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген көпқырлы ынтымақтастықтың аясы жылдан-жылға кеңейіп келе жатқанын ризашылықпен атап өтті. Сондай-ақ бірлескен күш-жігердің арқасында елдеріміздің серіктестігі болашақта да ұдайы нығая беретініне сенім білдірді.

✔️ Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия Президенті Константинос Тасуластың жауапты мемлекеттік қызметіне толағай табыс, достас грек халқына өркендеу мен құт-береке тіледі.

t.me/aqorda_resmi


✉️Глава государства Касым-Жомарт Токаев направил поздравительную телеграмму Кирсти Ковентри в связи с ее избранием на пост президента Международного олимпийского комитета

✔️Президент Казахстана отметил выдающиеся спортивные достижения представительницы Зимбабве, ее богатый опыт государственной деятельности и пожелал успехов в предстоящей работе на благо развития мирового олимпийского движения.

t.me/aqorda_resmi


✉️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кирсти Ковентриге Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті болып сайлануына орай құттықтау жеделхатын жолдады

✔️Қазақстан Президенті Зимбабве өкілінің спорттағы айтулы жетістіктерін және мемлекеттік қызметтегі бай тәжірибесін атап өтіп, оның халықаралық олимпиада қозғалысын дамытудағы қызметіне сәттілік тіледі.

t.me/aqorda_resmi




Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🎦 t.me/aqorda_resmi


✉️Касым-Жомарт Токаев направил телеграммы поздравления по случаю праздника Наурыз главам ряда государств

✔️Президент Казахстана поздравил с праздником Наурыз Президента Узбекистана Шавката Мирзиёева, Президента Кыргызстана Садыра Жапарова, Президента Таджикистана Эмомали Рахмона, Президента Туркменистана Сердара Бердымухамедова, Председателя Халк Маслахаты Туркменистана Гурбангулы Бердымухамедова, Президента Азербайджана Ильхама Алиева, Президента Турции Реджепа Тайипа Эрдогана, Президента Ирана Масуда Пезешкиана, Президента Ирака Абдула Латифа Рашида и Премьер-министра Пакистана Шахбаза Шарифа.

✔️В своих поздравительных телеграммах Глава государства подчеркнул, что этот весенний праздник, символизирующий возрождение природы, также тесно связывает народы узами многовековой дружбы, братства и взаимного уважения. Касым-Жомарт Токаев выразил уверенность в том, что духовные ценности Наурыза будут способствовать дальнейшему наращиванию межгосударственного взаимодействия на благо достижения общих целей и задач.

t.me/aqorda_resmi


✉️Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мерекесіне орай бірқатар елдің басшыларына құттықтау жеделхаттарын жолдады

✔️Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовті, Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовті, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды, Иран Президенті Масуд Пезешкианды, Ирак Президенті Абдул Латиф Рашидті, Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифті Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

✔️Қазақстан Президенті жеделхаттарында Наурыз мерекесі елдеріміздің ғасырлар бойы қалыптасқан достық, бауырластық және өзара құрмет дәстүрлерімен үйлесетінін әрі табиғат жаңаруының нышаны саналатынын жазған. Сонымен қатар әз-Наурыздың қастерлі құндылықтары халықтарымыздың игілігіне бағытталған байланыстарды одан әрі дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірген.

t.me/aqorda_resmi


📩 Телеграммы поздравления в адрес Главы государства по случаю праздника Наурыз

На имя Касым-Жомарта Токаева поступают поздравления от глав иностранных государств и руководителей международных организаций.

🇷🇺Свои поздравления Главе нашего государства по случаю праздника направил Президент России Владимир Путин.

– Российско-казахстанские отношения успешно развиваются в духе стратегического партнерства и союзничества. Уверен, что совместными усилиями мы будем и впредь активно наращивать взаимовыгодные двусторонние связи – на благо наших дружественных народов, в интересах упрочения безопасности и стабильности на евразийском пространстве, – сказано в телеграмме.


🇨🇳Председатель КНР Си Цзиньпин отметил, что Наурыз символизирует начало весны и возрождение природы, а также олицетворяет устремление народа Казахстана к благополучию, единству и процветанию.

– Я уделяю повышенное внимание развитию двусторонних отношений и дорожу крепкой дружбой с Вами. Выражаю готовность направить наши совместные усилия на укрепление традиционной дружбы и углубление вечного всестороннего стратегического партнерства между Китаем и Казахстаном, – говорится в поздравлении.


🇺🇸Президент США Дональд Трамп в своей телеграмме поздравил Главу нашего государства и народ Казахстана с праздником мира и всеобщего обновления – Наурыз.

– Наши страны связывает долгая история взаимовыгодного сотрудничества, и я уверен, что в будущем мы добьемся новых успехов в сферах безопасности, экономики и других областях. В то время как наши великие нации устремлены к новым достижениям, американский народ подтверждает свою неизменную приверженность суверенитету, независимости и территориальной целостности Казахстана, – написал Дональд Трамп.


🇹🇷Президент Турции Реджеп Тайип Эрдоган в своем послании подчеркнул, что многовековые традиции праздника Наурыз напоминают о важности мира, братства и согласия.

– Наурыз – это время, когда крепнет надежда на мир, а развитие международного диалога и сотрудничества выходит на новый уровень. Уверен, что прочные дружественные и братские связи между нашими странами будут и впредь поступательно развиваться, а двустороннее взаимодействие продолжит расширяться, – сказано в телеграмме.


Свои поздравления также направили Президент Узбекистана Шавкат Мирзиёев, Президент Кыргызстана Садыр Жапаров, Президент Таджикистана Эмомали Рахмон, Президент Туркменистана Сердар Бердымухамедов, Председатель Халк Маслахаты Туркменистана Гурбангулы Бердымухамедов, Президент Азербайджана Ильхам Алиев, Президент Ирана Масуд Пезешкиан, Президент Палестины Махмуд Аббас, Раис Татарстана Рустам Минниханов, Генеральный секретарь ОТГ Кубанычбек Омуралиев, руководители ряда международных организаций и другие официальные лица.

Поздравления в адрес Главы государства продолжают поступать.

t.me/aqorda_resmi


📩 Мемлекет басшысының атына Наурыз мейрамына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Наурыз мерекесіне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйым жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр.

🇷🇺Ресей Президенті Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Наурыз мейрамымен құттықтады.

– Ресей-Қазақстан қарым-қатынастары стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында табысты дамып келеді. Достас халықтарымыздың игілігі жолында, Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту мақсатында өзара тиімді байланыстарды одан әрі арттыру үшін ортақ күш біріктіретінімізге сенімдімін, – деп жазылған құттықтауда.


🇨🇳ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Наурыз көктемнің келуі мен табиғаттың оянғанын білдіретінін жазған. Сондай-ақ бұл мейрам Қазақстан халқының игілікке, ынтымақ пен өрлеуге ұмтылысымен ұштасатынын атап өткен.

– Екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға баса мән беремін. Сізбен берік достығымды мақтан тұтамын. Қытай мен Қазақстан арасындағы дәстүрлі достықты нығайтып, екі елдің мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігін тереңдету үшін күш-жігерімізді біріктіруге дайынмын, – делінген жеделхатта.


🇺🇸АҚШ Президенті Дональд Трамп жеделхатында Мемлекет басшысы мен Қазақстан халқын ынтымақ пен жаңару мерекесімен құттықтады.

– Біздің мемлекеттерімізді ұзақ жылдардан бері қалыптасқан өзара тиімді ықпалдастық байланыстырады. Алдағы уақытта қауіпсіздік, экономика және басқа да салаларда жаңа жетістіктерге жететінімізге сенімдімін. Біздің жасампаз елдеріміз табысты жолға қадам басқан кезеңде, Америка халқы Қазақстанның егемендігін, тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын әрдайым қолдайды, – деп жазған Дональд Трамп.


🇹🇷Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған жеделхатында Наурыздың сан ғасырлық дәстүрі бейбітшіліктің, бауырмалдық пен келісімнің маңызын еске салатынына тоқталған.

– Наурыз – дүние жүзіндегі бейбітшілікке деген үмітті нығайтып, халықаралық диалог пен ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілуіне септігін тигізеді деп ойлаймын. Елдеріміз арасындағы берік достық пен бауырластық байланыс қарқынды дамып, екіжақты ықпалдастығымыз кеңейе беретініне сенімдімін, – делінген құттықтауда.


Сонымен қатар Мемлекет басшысын Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Иран Президенті Масуд Пезешкиан, Палестина Президенті Махмұд Аббас, Татарстан Раисы Рустам Минниханов, Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев және бірқатар халықаралық ұйымның жетекшілері мен басқа да ресми тұлғалар құттықтады.

Құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.

t.me/aqorda_resmi


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🎦 t.me/aqorda_resmi


Президент осмотрел ярмарку ремесел в этноауле

✔️В этом году на выставку наряду с отечественными ремесленниками были приглашены мастера из Китая, России, Азербайджана, Кыргызстана, Узбекистана, Туркменистана, Турции, Ирана и Таджикистана.

✔️Касым-Жомарту Токаеву представили национальные игры и образцы национальной одежды казахстанских дизайнеров.

t.me/aqorda_resmi

Показано 20 последних публикаций.