🗣 Облыс әкімі депутаттық корпусты атаулы күнмен құттықтап, мәслихаттардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлін атап өтіп, олардың өңірді дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шешімдер қабылдаудағы маңыздылығына тоқталды. Асхат Шахаров түрлі шақырылымдағы депутаттарға азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жобалар мен бастамаларды іске асыруға қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
- деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ, әкім бесінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың депутаты ретінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты өзекті мәселелерді қалай шешкені туралы естеліктерімен бөлісті. Ол әріптестерімен бірге инфрақұрылымды жақсарту, білім беру сапасын арттыру, денсаулық сақтау және ауылдық жерлерді қолдау бойынша қалай жұмыс істегенін айтты.
🚀 t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi
«Ақтөбе облысының мәслихаттары 30 жыл бойы халықтың сенімін ақтай отырып, елдің бірлігі мен тұрақтылығы үшін еңбек етті. Сіздер – халық пен билік арасындағы алтын көпірсіздер. Әлеуметтік-экономикалық даму процестерін қалыптастыру сіздердің жұмыстарыңызға тікелей байланысты. Депутаттар әрқашан бюджетті қалыптастырудан бастап, инфрақұрылымды жақсартуға және әлеуметтің әлеуетін көтеруге дейінгі маңызды мәселелерге назар аударады. Сіздер өз міндеттеріңізді абыроймен атқара беретіндеріңізге сенімдімін»,