⚡️
Зеленскийге екі-үш минөт шыдап кету керек еді...Мен Зеленскийдің қатысуымен өткен баспасөз конференциясын толық көріп шықтым. Шын мәнінде, дау басталғанға дейін кездесу 40 минут бойы тыныш, қалыпты жағдайда өтті. Көпшілік тек соңғы он минуттағы шиеленісті көргендіктен, жағдайдың шынайы мәнін дұрыс түсінбей қалды.
Алғашында осы дау-дамайдың қысқа үзіндісін ғана көргенде, менің ойымда «Трамп пен Вэнс Зеленскийді әдейі арандатты, тіпті оны кемсіткісі келді» деген күдік пайда болды. Бірақ толық бейнежазба менің бұл пікірімді өзгертті.
Шын мәнінде, алғашқы 40 минутта әңгіменің ауаны өте салмақты әрі байыпты болған еді.
Вэнс Зеленскийге қатысты ешқандай шабуыл жасамады, тіпті оған қарата ештеңе айтқан жоқ. Дау-дамайды бастаған Зеленскийдің өзі болатын.
Осы уақыт аралығында Зеленский жасалғалы тұрған келісімнен асып түсетін талаптар қойып, үнемі келісілген шеңберден шығып отырды. Трампқа сұрақ қойылғанда, ол «Біз әлі көреміз» деп ұстамды жауап берді. Ал Зеленский болса,
Путинмен ешқандай келіссөз болмайтынын, Ресей соғыс үшін өтемақы төлейтінін қатаң түрде мәлімдеді.
Трамп «екі жақтан да адамдардың қаза болып жатқаны – үлкен қасірет» деп пікір білдіргенде, Зеленский оны бірден бөліп, «орыстар – басқыншылар» деп эмоциямен сөзін қайта жалғастырды.
Өз тарапынан Трамп АҚШ-тың Украинаға қару-жарақ жеткізуді жалғастыратынын анық білдірген еді.
Зеленский тек бірнеше минут қана сабырлық сақтаса болғаны – келісім жасалып, Америка тарапынан жаңа міндеттемелерге қол жеткізер еді.
❗️Текетірес Трамптың «Путин жайлы осылай қатты сөйлейтін болсаңыз, бейбіт келісімге қол жеткізу қиын болады» деген ескертуінен басталды. Осы кезде вице-президент Вэнс те әңгімеге араласып, Байденнің де Путинді балағаттағанын, бірақ бұл еш нәтижеге әкелмегенін байыппен айтып берді.
Баспасөз конференциясының атмосферасы сол сәтке дейін тұрақты әрі салмақты еді. Бірақ Вэнс сөз алған кезде, Зеленский оны күтпеген жерден сұрақтың астына алып, әңгіме ауанын жеке текетіреске айналдырды. Ол Путиннің ешқашан келісімді сақтамайтынын қайталап, келіссөздің пайдасыздығын меңзеп, Вэнсқа агрессивті сұрақтар қоя бастады. Осыдан кейін бәріміз куә болған даулы эпизод орын алды.
Зеленский бірнеше минут ішінде жетістікке жетіп, 🇺🇸 Трамп әкімшілігінен маңызды келісім алып шығудың
алдында тұрған болатын. Вэнстың ескертуі негізінен Байден мен БАҚ-қа бағытталған еді, бірақ Зеленский мұны өзіне қабылдап, дауды ушықтырып жіберді.
Мен осы уақытқа дейін Зеленскийді жақтаушылардың бірі болдым, бірақ бұл эпизод оның кәсіби біліксіздігін, тіпті эмоциялық тұрақсыздығын ашық көрсетті. АҚШ әкімшілігімен арадағы қарым-қатынасы енді түзеле қоятынына күмәнім бар. Украинаға жаңа басшылық туралы ойланатын уақыт келген сияқты.
Автор: Уәлихан Абай
Бізге тіркелуді ұмытпаңыз👇
📱
Әшкере