🔴
«Қарызсыз қоғам»: Алматы облысында 5 банктен қарыз алған көпбалалы әкенің қарызы кешірілуі мүмкін
🔷 Биыл «AMANAT» партиясының
«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында Алматы облысында 9 881 адам қаржылық сауаттылық курстарынан өтті. Жобаға қатысқандардың басым бөлігі ауыл тұрғындары, сондай-ақ кредит мәселесін шешуге, бюджетін дұрыс басқаруға ниетті азаматтар, деп хабарлайды «AMANAT» партияның баспасөз қызметі.
Жобаға қатысқан 7 258 адамның, яғни 73%-ының кредиті бар екені анықталды. Біреуде бір кредит болса, енді біреулердің бірнеше қарызы жиналып қалған. Одан бөлек, 500-ге жуық азаматтың қарызы 90 күннен асып, төлем мерзімі өтіп кеткен.