Azattyq - Азаттық


Гео и язык канала: Казахстан, Русский
Категория: Новости и СМИ


Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!
❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.
📍Website: https://www.azattyq.org
📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Русский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


Qaznews24 сатиралық паблигінің авторы Темірлан Еңсебек екі айға қамалды. Сот осындай шешім шығарды.

Алматы қалалық полиция департаменті алдына Еңсебектің жиырмаға жуық жақтасы жиналды.

t.me/azattyq


Тегерандағы атыс кезінде екі судья оққа ұшып, тағы біреуі жарақаттанды. Бұл жөнінде IRNA агенттігі хабарлады. Тағы бір судья жарақаттанған. Шабуылдаушы өзіне қол салған. Билік оқиғаны теракт деп бағалады.

Атыстың салдарынан екі судья: Мохаммад Могисе және Әли Разини қаза болды. Олар ұлттық қауіпсіздік, тыңшылық және терроризмге қатысты істер бойынша маманданған.


Темірлан Еңсебекке бұлтартпас жаза тағайындау бойынша сот кейінге қалдырылды деп хабарлады журналист Әсем Жәпішева

"Сотты кейінге қалдырды. Оны түнде соттайтын шығар, бізде сондайды жақсы көруші еді ғой" деп жазды журналист өзінің телеграм-арнасында.


Бүгін белсенді, Qaznews24 сатиралық паблигінің авторы Темірлан Еңсебекке бұлтартпас жазасын тағайындау бойынша онлайн сот өтеді деп хабарлады Qaznews24 телеграм-арнасы.

Адвокат Жанара Балғабаева “Пятое января” телеграм-арнасына Еңсебектің қамалуына "Йоу, орыстар" атты әзіл ән түрткі болғанын айтқан. Еңсебек осы әнді ресейлік тележүргізуші Тина Канделаки туралы сатиралық постқа қосқан. Былтыр осы әнді орындаған белсенді Мария Кочнева 10 күнге қамалған еді.

Блогер Антон Бударов осы әнге байланысты Еңсебектің үстінен арыз жазғанын хабарлады.

Дегенмен адвокат Жанара Балғабаеваның айтуынша, сотқа дейінгі тергеу амалдары Бударовтың арызынан емес – қылмыстық қудалау органының рапортынан басталған.


Қытай халқының саны үш жыл қатарынан азайған

2024 жылы Қытайда өлім көрсеткіші дүниеге келген нәрестелер саны көрсеткішінен асып, осылайша халық саны үш жыл қатарынан азаю тенденциясын байқатқан. Сарапшылар бұл тренд алдағы жылдары күшейе түседі деп болжайды.

Статистика ұлттық бюросының мәліметінше, 2024 жылы Қытай халқының саны 1,39 млн адамға азайып, 1,408 млрд болған. Ал 2023 жылы бұл көрсеткіш 1,409 млрд болған.

Бұл дерек экономиканың ірілігі жағынан әлемде екінші орында тұрған Қытайдың жұмысшылар мен тұтынушылар санының қысқаруына байланысты алдағы уақытта қиындықтарға кезігеді деген қауіпті зорайта түседі дейді сарапшылар. Қарттарды күтіп-бағу шығынының артуы және зейнетақы онсыз да қарызға белшесінен батып отырған жергілікті атқару органдары үшін қосымша салмаққа айналмақ дейді олар.


Журналист Вадим Борейко өзі туралы тараған жалған ақпаратқа байланысты полицияға шағым түсірді

Журналист, "Гиперборей" YouTube-арнасының авторы Вадим Борейко полицияға шағым түсірді. Бұған әлеуметтік желіде "Борейко әйелін ұрып-соғып, қоғамдық тәртіпті бұзды-мыс" деген жалған ақпараттың тарауы себеп болған. Алматы қалалық полициясы да аталған ақпарат фейк екенін растады.

"Журналист Вадим Борейконың ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Азаматтарды жалған ақпарат таратпауға және ресми дереккөздерді жетекшілікке алуға шақырамыз" деп жазылған Алматы қалалық полиция департаментінің хабарламаында.

Толығырақ


Шәкерім, тарих және Жаңаөзен. Мұхтар Мағауин мұрасына тарихшы көзқарасы | Азаттық толқынында

Азаттықтың маңызды хабарларына арналған "Азаттық толқынында" подкасында жазушы Мұхтар Мағауиннің "Қазақ тарихының әліппесі" кітабы, "Қан төгілді!.." мақаласы және Шәкерім мұрасы жайлы айтамыз. "Әліппе" туралы тарихшы пайымы қандай?

🎧Азаттық сайты
🎧YouTube


❗Qaznews24 паблигінің авторы Темірлан Еңсебек ұсталды

Сатиралық Qaznews24 паблигінің авторы, белсенді Темірлан Еңсебек ұсталып, үйінде тінту жүргізілгені айтылды. Бұл туралы алдымен белсенділер хабарлады. Олар Еңсебектің үстінен "әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни алауыздық қоздыру" бабымен іс қозғалуы мүмкін деген еді.

Артынша Алматы қаласының полиция депарламенті Азаттыққа "қазір тергеушілер желіде ұлтаралық алауыздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Күдікті ретінде бір пабликтің авторы ұсталып, тергеу изоляторына қамалды" деді.

t.me/azattyq


Ресей әділет министрі Азаттықтың серіктесі "Настоящее время" телеарнасының тілшісі, украиналық журналист Ирина Ромалийскаяны "шетел агенті" тізіміне қосты. Ол бұған дейін украиналық "Громадське Телебачення", "Громадське радіо", "Цензор.Нет" медиаларында жұмыс істеген.

"Ресей мені қандай тізімге қосса да бәрібір. Демек "Настоящее время" командасы мықты жұмыс істеп, жақсы іс жасап жатыр деген сөз. Біз ешқандай тізім мен статусқа қарамастан жұмысымызды жалғастыра береміз" деді Ромалийская.


Трамп өзінің TruthSocial желісінде Қытай басшысы Си Цзиньпинпен телефон арқылы сөйлескенін мәлімдеп, "әңгіме АҚШ пен Қытайға да өте жақсы болды" деді.

"Біз көп мәселені шешеміз деп ойлаймын және бірден іске кірісеміз. Біз сауда балансын, фентанил, TikTok және басқа мәселелерді талқыладық. Төраға Си және мен әлемді бейбіт әрі қауіпсіз ете түсу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз" деп жазды Трамп.

Қазір АҚШ-та Қытайдың TikTok желісін бұғаттау жайлы сөз болып жатыр.

t.me/azattyq


⚡Қытай басшысы Си Цзиньпин АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Қытайдың Синхуа агенттігі хабарлады.

Агенттік Си Цзиньпин пен Трамп не туралы сөйлескенін айтпаған. Трамп 20 қаңтарда АҚШ президенті қызметіне кіріседі.

t.me/azattyq


📹 Үш жылға сотталған Олжас Айдарханов Азаттыққа "сот әділ өткен жоқ, [үкімге] келіспеймін" деді.

Сотталушы Арман Шойбековтің анасы Жаңагүл Шойбекова апелляциялық шағым түсірмек.

Журналистерге пікір берген сотталушылардың бірінің жақыны "балаларымыз үкіметті, қираған нысандарды қорғады. Жан-жақтан 20 мың террорист келді деп, сіздерді де, бізді де сендірді. Оны сендірген үкімет" деді. Ол баласы жазықсыз сотталды деп есептейді.

Бұған дейін жәбірленуші жақ сотталушыларға тым жеңіл жаза берілген деп санайтынын айтқан. Олардың сөзінше, жаппай азаптау болған және адамдардың денсаулығына ауыр зақым келген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
📹 Қошмамбеттегі азаптау ісінде жәбірленуші деп танылған 23 өзбек азаматының адвокаты Айна Шорманбаева Азаттыққа сот жаппай қатыгез азаптау үшін полицейлерге тым жеңіл жаза берді деді.

Шорманбаеваның сөзінше, моральдық өтемақы өндіру туралы өтініш ішінара қанағаттандырылған, ол жәбірленушілер саны 44 емес, 98 болуы керек еді дейді. Адвокаттың айтуынша, бұл тізім тергеу органдарына 2022 жылдан бастап белгілі болған.

🗣 "Тергеу жан-жақты, объективті, уақытылы, толық жүргізілуі керек еді. Іс сотқа шикі күйде түсті. Оқиғаның жай-жапсары, айыпталушылар да толық анықталған жоқ" деді Шорманбаева.

Жәбірленуші жақтың тағы бір адвокаты Айнара Айдарханова "бұл іс ауыр бап бойынша қаралуы керек еді" деп мәлімдеді.

🗣 "Біріншіден, жаппай азаптау болды, оның үстіне жәбірленушілердің денсаулығына ауыр зақым келген. Біз әрине, бұл бап бойынша тіпті айыппұл немесе шектеу жазасын бере ме деп қорықтық. Бірақ бүгін алты сотталушыны сот залында қамады. Бұған азды-көпті келісеміз. Өтініштерімізді жартылай қанағаттандырды. Бірақ бізде азаматтық тәртіпте шағым түсіруге құқығымыз бар" деді ол.

❤️Азаттыққа жазылыңыз


📹 Қошмамбеттегі азаптау ісі бойынша сот үкімін тыңдауға "әріптестерін қолдау үшін" 50 шақты полицей де жиналған. Сот ғимараты маңайында қауіпсіздік күшейіп, арнайы жасақ тұрды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз


💬 Қошмамбеттегі азаптау ісі: полицейлерге үкім шықты

Бауыржан Сопақов, Арман Шойбеков, Берік Әбілбеков, Олжас Айдарханов, Серік Тұрпанов, Нұрсұлтан Хамитов үш жылға бостандығынан айырылды. Полицейлерді сот залында қамауға алды.

Үш жыл түрме – бұл прокурор сұраған жаза. Бұған дейін жіберленуші жақтың адвокаттары жаппай азаптау үшін бұл тым жеңіл жаза деп мәлімдеген еді.

Сот былтыр қыркүйекте басталған. Күдікті полицейлерге "Лауазымын асыра пайдалану" және "Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, азаптаулар" баптары бойынша айып тағылған. Іс бойынша үш елден 44 азамат жәбірленуші деп танылған. Арасында қырғыз музыканты Викрам Рузахунов та бар.

❤️Азаттыққа жазылыңыз


💬 Солтүстік Корея сәуірдің ортасына қарай Курск облысында Ресей жағында соғысып жатқан әскерінен түгел айырылуы мүмкін

Украина мен Оңтүстік Кореядағы барлау қызметінің деректеріне сүйенген Американың Соғысты зерттеу институты (ISW) осылай деп хабарлады.

🇰🇵 Оңтүстік Корея мен Пентагонның дерегінше, Пхеньян қазанда Ресейдің Курск облысына 10-12 мың сарбаз жіберген, бір айдан соң олар Украина қарулы күштерімен шайқаса бастаған. Оңтүстік Корея барлау қызметінің есебінше, қаңтардың басында Солтүстік Кореяның 300 сарбазы қаза тауып, тағы 2700-ге жуығы жараланған.

🪖 Ал Украина президенті Владимир Зеленский Пхеньянның 3800 сарбазы қаза тапты я жараланды деп мәлімдеді. ISW сарапшылары Солтүстік Корея күнде 92 сарбазынан айырылып жатқан болуы мүмкін деп топшылайды. Пхеньянның жараланған сарбаздары майданға оралған-оралмағаны белгісіз.

❤️Азаттыққа жазылыңыз


💬 Ресей соты оппозиционер Алексей Навальныйдың адвокаттарына түрме жазасын берді

Сот Вадим Кобзевті – 5,5 жылға, Алексей Липцерді – 5 жылға, Игорь Сергунинді 3,5 жылға бостандығынан айырды.

Адвокаттар 2023 жылғы қазаннан бері тергеу изоляторында қамауда отырған. Тергеу болжамынша, олар "өз статусын пайдаланып", түрмедегі Навальныйдың хаттарын әріптестеріне жеткізіп отырған.

Тергеушілердің пікірінше, бұл Навальныйға "экстремистік ұйымның қызметін түрме ішінде де жалғастыруға" мүмкіндік берген.

Алексей Навальный былтыр ақпанда Ресейдегі түрмеде көз жұмған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз


💬 Сарыөзек гарнизонындағы сарбаздың өліміне қатысты Қорғаныс министрлігіне қарасты құрлық әскерінің баспасөз қызметі хабарлама таратты. Онда оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны, тергеу жүріп жатқаны жазылған.

🗣 "Қызмет барысында сарбаз өзін оң жағынан көрсетті. Әскери бөлім қолбасшылығына қандай да бір арыз, шағым айтқан емес. Қызметтік міндеттерін толық көлемде орындады. Ата-ана мен туған-туысқандардың қайғысын, әрине жақсы түсінеміз, олардың қайғыларына ортақпыз. Әр командир үшін де жауынгердің қазасы қайғы болып табылады" деп жазылған хабарламада.

Олар марқұмның туыстарына тиісті барлық көмек көрсетуге уәде берген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз


🔴 Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы әлемдегі адам құқының ахуалы туралы жаңа есебін жариялады

❗️HRW қазақ билігі әлі күнге дейін 2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде мерт болғандардың өлімі мен кейін қамалғандардың азапталуын жан-жақты тергеу жұмысын бастамады деген. Қазақстан үкіметі Қаңтарға қатысты тергеу амалдары объективті өткенін, парламентте екі рет ашық тыңдау ұйымдастырылғанын және жауапты адамдар жазаға тартылғанын айтып келеді.

❗️Халықаралық ұйым 2024 жылы Қазақстан билігі өзіне сын айтатын оппозициялық белсенділерге қысымды күшейтті деп жазды.

❗️Құқық қорғаушылар елде "әйелді қорғайтын" заң қабылданғанымен, іс жүзінде ештеңе өзгере қоймады деп есептейді. Себебі заңда физикалық, сексуалды және экономикалық зорлық, психологиялық қорлық жасау мен сталкинг жеке-дара қылмыс ретінде қарастырылмаған.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз


🗣 Ұлттық банк инфляция мен теңгенің әлсіреуіне байланысты базалық мөлшерлемені өзгертпеді

Былтыр базалық мөлшерлеме 15,75 пайыз болған. Осыдан кейін Ұлттық банк біртіндеп оның мөлшерін қысқартып, шілдеде 14,25 пайыз қылды. Ал қараша айында кейінгі үш жылда алғаш рет Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,25 пайыздан 15,25 пайызға дейін көтерді. Бұл теңге әлсіреп, АҚШ доллары қымбаттаған шақта болды.

ℹ️ Базалық мөлшерлеме – бұл орталық банктің ақша құнын басқару тетігі. Ұлттық банк базалық ставканы екінші деңгейлі банктерге кредит берерде және олардың ақшасын депозитке қабылдарда қолданады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Показано 20 последних публикаций.