БІРІНШІ БОЛ


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Спорт


«Бірінші бол» (1bol.kz) ақпараттық агенттігі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетіне БАҚ ретінде тіркелген.
⚫️ Жарнама бойынша: @olzhas_baibosin

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Спорт
Статистика
Фильтр публикаций


52 жастағы португалиялық Қазақстан футбол федерациясында лауазымды қызметке тағайындалды

Қазақстан футбол федерациясының Төрешілік және инспекциялау департаментінің директоры қызметіне 52 жастағы португалиялық маман Нуну Алешандре Паррейра де Каштру тағайындалды.

Де Каштру – Еуропадағы төрешілік саласының жетекші мамандарының бірі.

34 жылдық мансабында ол Португалия футбол федерациясы мен Бельгия футбол қауымдастығында маңызды қызметтер атқарды. Атап айтқанда, төрешілер департаментін басқарып, төрешілерді тағайындау, әкімшілік басқару және VAR жүйесін енгізу жұмыстарын қадағалады.

Сонымен қатар, Португалия футбол федерациясының Төрешілер академиясының техникалық директоры ретінде төрешілерді дайындаудың кешенді жүйесін әзірлеп, заманауи оқыту әдістерін, онлайн бағдарламаларды және төрешілік шеберлікті дамытуға бағытталған CORE жобасын іске қосты.

Халықаралық деңгейде УЕФА-мен тығыз жұмыс істеген ол CORE бағдарламасының нұсқаушысы болып, жетекші турнирлерде төрешілердің жұмысын қадағалап, Англия, Ирландия, Украина және Швециядағы төрешілік жүйесінің дамуына үлес қосты. CORE бағдарламасының тәлімгері ретінде ол Бенуа Бастьен, Гленн Нюберг секілді жоғары деңгейлі төрешілерді дайындады.

Инспектор ретінде 170-тен астам халықаралық матчта және УЕФА сарапшысы ретінде 100-ден аса ойында жұмыс істеген.

Қазіргі уақытта ол УЕФА-ның инспекторы әрі техникалық бақылаушысы, сондай-ақ УЕФА төрешілік конвенциясы комитеті және УЕФА төрешілер корпусының мүшесі.

«Каштрудың бұл қызметке тағайындалуы Қазақстандағы төрешілік жүйесін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Оның халықаралық тәжірибесі, заманауи әдістері мен төрешілік саласындағы терең білімі төрешілерді дайындау жүйесін жетілдіруге, ұлттық жарыстардағы төрелік сапасын арттыруға және Қазақстанның әлемдік футбол қауымдастығындағы орнын нығайтуға ықпал етеді. Сондай-ақ, аталған реформалар аясында төрешілердің, инспекторлардың, ТВ-инспекторлардың және VAR операторларының қаржылық жағдайы екі есе ұлғайтылды. Бұл олардың еңбегін әділетті бағалап, төрешілік сапасының артуына септігін тигізеді», - деді ҚФФ президенті Марат Омаров.


Жәнібек Әлімханұлы «Канело» Альваресті күйзеліске түсіруге дайын

WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өзінен бір салмақ дәрежесіне жоғары тұрған үш титулдың иегері, мексикалық Сауль «Канело» Альвареске лайықты қарсылас болатынына сенімді.

«Егер ол дайын болса, менің де дайын екенімді білесіздер! Ал сіздер бұл жекпе-жекте не болатынын жақсы білесіздер! Бұл жай ғана ақша алатын күн емес. Бұл Канело үшін өте ыстық, жүйкеге тиерлік және стресске толы күн болады!», — деп жазды «Қазақ стилі» әлеуметтік желідегі Х парақшасында өз суреті мен Альварестің фотосын жариялап.


Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі 5 сәуір күні Астанада өтеді. Ол француз Анауэль Нгамиссенгемен жұдырықтасып, өз титулдарын қорғайды.


Екі қазақ боксшысы әлем чемпионатының ширек финалында қарсылас атанды

Бокстан әйелдер арасында Сербияда өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Жасмин Қизатова ширек финалда этникалық қазақ боксшы Альбина Молдажановамен кездеседі.

Ресей боксшысы бұған дейін Еуропа чемпионатында күміс жүлдегер атанған. Түмен облысының Тобыл қаласында туған қандасымыз биыл 24 жасқа толады. Ол 2020 жылы Ресей ұлттық құрамасына қосылған. Ал 2023 жылы Черногорияда өткен жастар арасындағы Еуропа біріншілігінде топ жарды.

Бұған дейін Ресей құрамасында 81 келіде Салтанат Меденова чемпион атанған болатын. Омбы облысының тумасы жартылай финалда Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы Зенфира Магомедалиеваны айқын жеңген еді.






Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
"Айтқаным жоғары жаққа ұнамайды": Ақжүрек Таңатаров қара тізімде


Қырғызстандық көкпаршы жарыс кезінде қаза тапты

Бішкектегі жаңа ат спорты стадионында көкбөріден Наурыз мерекесіне арналған турнир кезінде «Бөрілү» командасының капитаны Мирлан Сраждинов қаза тапты.
Kloop сайтының мәліметінше, спортшының жасы 45-те болған.

«Елорданың шетінде орналасқан жаңа ат спорты стадионында көкбөру ойыны кезінде «Бөрілү» командасының 45 жастағы капитаны Мирлан Сраждинов қаза тапты. Қайғылы оқиға 12 наурызда Наурыз мерекесіне арналған турнир кезінде болды», - делінген ақпаратта.


Әлеуметтік желіде тараған видеодан спортшының салымды көтермек болған кезде атпен соқтығысып, құлап қалғанын көруге болады. Алайда көкпаршы сол күйі орнынан тұрған жоқ.

ІІМ мәліметтері бойынша, спортшы ауруханаға жеткізілгенге дейін қайтыс болған. Қазір тергеу жүріп жатыр.


«Матч қиын болады деп ойлап едім»: Рыбакинаны ойсырата жеңген ресейлік теннисші ойын айтты

Индиан-Уэллстегі WTA 1000 турнирінде қазақстандық Елена Рыбакинаны ойсырата жеңген ресейлік жас теннисші Мирра Андреева матчтан кейін осы кездесуге қатысты ойын білдірді.

Айта кетейік, Рыбакина WTA рейтингінде 7-орында тұрса, 17 жастағы Андреева 11-сатыда.

«Мен ойынның өте қиын болатынын білдім. Ол бұрын осы турнирде жеңімпаз болған. Сол себепті оның осы кортта өзін жайлы сезінетінін білдім. Сондықтан мен бұл ойынға тамаша көңіл-күй тауып, әр ұпай үшін күресуге тырыстым. Бүгінгі ойынға қатты толқыдым, неге екенін білмеймін. Кейде мұндай жағдай болып жатады. Мен жай ғана батылдық танытып, кортқа шығып, өзімнің ең жақсы өнерімді көрсетуге тырыстым», - деді Мирра Андреева.


Айта кетейік, кездесу 6:1, 6:2 есебімен ресейлік теннисшінің сенімді жеңісімен аяқталды. Осылайша, Андреева турнирдің ширек финалына шықты. Енді ол украиналық Элина Свитолинамен шеберлік байқасады.

Айта кету керек, ақпан айында Дубайда өткен турнирде де Андреева мен Рыбакина кездесіп, ресейлік теннисші жеңіске жеткен болатын.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Қазақстанның еркін күрес тарихына өз есімін алтын әріптермен жазған Ақжүрек Таңатаровтың көптен бері күрес саласына жақындай алмай жүргенінен көпшіліктің хабары жоқ шығар… Даңқты балуан Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, Азия чемпионы, халықаралық талай додада топ жарған. Соған қарамастан оған күрес федерациясының есігі жабық. Не үшін? Бүгін оны Ақжүректің өзінен сұрап білдік.

Спортшы еркін күрес саласындағы проблемаларды тізбелеп берді және оған кінәлілердің де атын атады. Сонымен қатар, Париж Олимпиадасында қырғыз бауырлардан көрген жақсылығын да айтып берді.

Сұхбатты соңына дейін көріп, сіз де пікіріңізді жазып қалдырыңыз!

https://youtu.be/UBdan1K9oVQ
https://youtu.be/UBdan1K9oVQ
https://youtu.be/UBdan1K9oVQ


Біздің күресті “өлтірген” адамның атын айтамын. Сол үшін “қара тізімдемін” – Ақжүрек Таңатаров

https://youtu.be/UBdan1K9oVQ
https://youtu.be/UBdan1K9oVQ
https://youtu.be/UBdan1K9oVQ


Қазақстандық тағы бір боксшы қыз әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Сербияда бокстан әйелрдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында 60 келіде қазақстандық Виктория Графеева алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Отандық былғары қолғап шеберлі шешуші айқаста Грекия өкілі София Легакиді төрешілер шешімімен жеңді. Енді Виктория Ниш қаласындағы дүниежүзілік біріншіліктің ширек финалында Өзбекстан-Вьетнам жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, бүгін Алуа Балқыбекова Сербияда өтіп жатқан бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Қазақстан құрамасының мүшесі 50 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда марокколық Ясмин Мутакиді жеңді.

Бүгін әлем чемпионатында тағы үш боксшы сынға түседі. Олардың арасында 63 келіде Аида Әбікеева, 66 келіде Жасмин Кизатова, 81 келіде Гүлсая Ержан шаршы алаңға шығады.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🇺🇿Тулкин Киличев өзбек боксшыларын шыбықпен сабап жаттықтырып жүр

Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Тулкин Киличев ұлттық құрама боксшыларын жігерлендіру үшін ерекше тәсіл қолданып жүр. Атап айтқанда, білікті маман жалқауланған спортшыларды шыбықпен сабайды екен.

Оқу-жаттығу жиынынан түсірілген видеороликті Киличев өзінің Instagram-парақшасында бөліскен. Видеодан аса ауыр салмақта Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Баходир Жалоловтың көбірек «таяқ жегенін» байқауға болады.

«Сендерге ең зор мотивация осы. Қойыңды еске ал, атыңды еске ал, малыңды еске ал, бірақ бәрібір осы шыбық зор мотивация», - дейді Тулкин Киличев боксшыларды ұрып жатып.


Айта кетейік, бокстан Өзбекстан құрамасы былтыр Париж Олимпиадасында 5 алтын медаль жеңіп, тарихи рекорд орнатты.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
«Қырықтан асса да бабында»: Әлия Юсупова шәкірттеріне мастер-класс көрсетті

Көркем гимнастикадан 2006 жылғы Азия ойындарының абсолютті чемпионы Әлия Юсупова жаттығулардың бірінде әлі де бабында екенін байқатты. Ол жас шәкірттеріне көркем гимнастика әдістерін қалай дұрыс жасау керектігін көрсетті.

Экс-спортшының видеосы әлеуметтік желіде тараған. Желі қолданушылары оның бабында екенін айтып мақтауын келтіріп жатыр.

«40 жасында фигурасы әдемі», «Әлия Юсупова – қандай нәзік спортпен айналысса, сондай мінезге ие абсолютті чемпион», «Әлемдік деңгейдегі спортшы», «Үнемі жоғары деңгейде өнер көрсететін элиталы гимнастшы болды», «Мынандай өнерге лүпіл баспау мүмкін емес», «Қазақтың алтын қызы», «Мықты еңбегін жаңа берсін», - деген пікірлер желіде көптеп жазылған.


Айта кетейік, Әлия Юсупова 1984 жылы 15 мамырда Шымкент қаласында дүниеге келген. Афины (2004) және Бейжіңде (2008) өткен жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы. 2000-2009 жылдары Қазақстанның абсолютты чемпионы болған. Азияның бірнеше дүркін чемпионы. 2006 жылы Дохада өткен Азия ойындарының жеңімпазы және 2002 жылы Пусанда өткен Азия ойындарының күміс жүлдегері.

Қазіргі кезде Қазақстан гимнастика федерациясының президенті.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Бокстан әлем чемпионаты: Анита Адишева жеңіліп қалды

Сербияда өтіп жатқан бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Анита Адишева (52 кг) бірінші айналымда жеңіліс тапты.

19 жастағы қазақстандық боксшы алғашқы жекпе-жегін мексикалық Жасмин Эсмиральдо Хуарес Патиноға қарсы өткізген. Адишева үш раунд бойы қарсыласын үздіксіз шабуылдап, сауатты қорғана білді. Тіпті, үшінші раундта мекскалықты нокдаунға да жіберген. Соған қарамастан, төрешілер 3:2 есебімен жеңісті Хуарес Патиноға берді.

Осылайша Анита Адишева жарысты 1/16 финалдан аяқтады.

Әлем чемпионатының алғашқы күні Алуа Балқыбекова мен Елдана Тәліпова қарсыластарын қиындықсыз жеңіп, келесі кезеңге жолдама алған болатын. Ал, бүгін Жайна Шекербек қарсыласының жарыстан бас тартуына байланысты жекпе-жексіз жеңіске жетті және 1/8 финалға жолдама алды.


Metaratings Top Awards: Дауыс берудің соңғы күні!

🎙«Үздік комментатор» номинациясында Fonteam резиденттері – Әлімжан Асқар, Олжас Байбосын және Ерсін Ерік жеңіске үміткер.

🔥 Ал өткен жылы үздік комментатор атанған Ермұхамед Мәулен биыл «Үздік бренд-амбассадор» болуға жақын.

❤️ Сонымен қатар, FONBET командасы бірнеше беттинг номинациясына ұсынылған.

🟪 metatopawards.kz сайтына кіріп, өз дауысыңызды беріңіз! ⬅️


Арабтарды «азғырған» Ивана Кноль. Қарапайым Дель Пьеро – Ермаш пен Ерсіннің фотоальбомы

https://youtu.be/O2Rplmy-1jw
https://youtu.be/O2Rplmy-1jw
https://youtu.be/O2Rplmy-1jw


Қазақстанда байлар мен кедейлер арасындағы арақашықтық үлкен – ресейлік футболшы

«Қайрат» клубының ресейлік қорғаушысы Егор Сорокин «РБ Спорт» басылымына берген сұхбатында Алматыда пәтер жалдап тұру және азық-түлік бағасы туралы айтты.

Сорокин «Қайрат» сапына 2024 жылғы 22 шілдеде қосылды. Бұған дейін ресейлік футболшы төрт ай бойы «Елімай» клубында ойнады.

— Қазақстанда Мәскеуден соң барлар, театр, дүкендер жеткілікті көріне ме?

— Иә, әрине. Алматы — жақсы қала, Қазақстандағы ең мықты қалалардың бірі. Ауа райы қолайлы, өмір сүру сапасы жоғары, дүкендерде бәрі бар, қолжетімді.

— Ал пәтер жалдап тұру ақысы қанша?

— Жақсы тұрғын үйден пәтер жалдау шамамен миллион теңге - 200 мың рубльдей. Мәскеудегі бағамен шамалас. Бірақ ол өте жақсы пәтер болады. Мен базаға жақын жерден қарап отырмын, себебі базамыз қаладан сырт жақта, ол жақта кешке кептеліс те Мәскеудегідей.

— Ал кедейлер жоқ па?

— Байлар мен кедейлер арасындағы арақашықтық өте үлкен. Бұл басқа қалаларда қатты сезіледі. Ресейде де сондай ғой.

— Қазақстанда өмір сүру қымбатырақ па?

— Жоқ, шамалас. Бағалар да ұқсайды. Такси де, әдетте мен таксимен жүремін.


«Реал» Мбаппеге 117 млн еуро бонус төледі

Танымал журналист Марсала Лорент Килиан Мбаппенің «Реалға» трансферінің қаржылық мәселелеріне қатысты мәлімет берді. Бұл туралы El Nacional басылымы жазды.

Дереккөздің сөзіне қарағанда, «корольдік» клуб француз шабуылшысына жақында ғана 117 млн еуро бонус пен жылдық жалақысын төлеген. Бұл бонус футболшының келісімшартқа қол қойғаны үшін берілген.

Мбаппе «Реалға» жазғы трансфер кезінде ауысты. Биылғы маусымда ол барлық турнирде 39 матчқа қатысып, 27 гол соқты және төрт нәтижелі пас берді.

Естеріңізде болса, Мбаппе «ПСЖ» клубынан кетіп, «Реалмен» 2029 жылға дейін келісімшартқа қол қойған.


Жалғас Жұмағұлов UFC-ге қайта оралғысы келеді

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (17-9) өзінің UFC дивизионына қайта оралғысы келетінін жасырмады.

Айта кету керек, Жұмағұлов бұған дейін UFC лигасында өнер көрсетіп, жеті жекпе-жек өктізген және оның алтауында жеңілген.

Өзінің айтуынша, ол соққыларды дәл тигізу (минутына) статистикасы жағынан UFC-де үшінші орында тұр екен (жеңіл салмақта). Бірінші орында – америкалық Джошуа Ван, екінші орында – бразилиялық Джон Линекер.

«Мен бұл дивизионға бұрынғыдан қарағанда дәл қазір көбірек керекпін», - деп жазды Жұмағұлов X әлеуметтік желісінде.


Жалғас соңғы рет былтыр 9 қарашада жекпе-жек өткізген болатын. Ол кезде қазақ файтері Словакиядағы Oktagon MMA 63 турнирінде Уэльс өкілі Аарон Абимен төбелесіп, жеңіске жетті.


49 жастағы өзбекстандық гимнаст әлем кубогінде чемпион атанды

кезеңінде тірекке секіру жаттығуында алтын медаль жеңіп алды.

Тірек секіру жаттығудың финалында 49 жастағы Оксана Чусовитина 13.516 ұпаймен үздік нәтиже көрсетті.

Оксананың бұл биылғы әлем кубогы кезеңдеріндегі екінші жүлдесі. Бұған дейін ол Германияның Котбус қаласында өткен әлем кубогының кезеңінде қола медаль олжалаған.

Оксана Чусовитина әлемдегі ең танымал гимнастардың қатарында. Ол сегіз Олимпиадаға қатысқан. 1992 жылы Барселонада командалық сайыста алтын медаль алған. 2008 жылы Бейжіңде күміс медальға ие болған. Сондай-ақ, әлем чемпионаттарында 11 медаль жеңіп алған (3 алтын, 4 күміс, 4 қола).

Былтыр БАҚ-қа сұхбат берген Чусовитина 2028 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына баруға ниетті екенін жасырмады.

Айта кетейік, Бакудегі FIG спорттық гимнастикадан әлем кубогы 10-наурызда аяқталады

Показано 20 последних публикаций.