Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үй саясатын реформалау мәселесі бойынша тиісті заңға қол қойды. Отбасы Банкке Ұлттық даму институты мәртебесі берілді.
Бұл азаматтар үшін нені білдіреді?
- Отбасы Банктің өкілеттігі кеңейді. Енді тұрғын үй кезегіне қою және оны бөлу қызметі әкімдіктен банкке беріледі. Отбасы Банк тұрғын үй кезегіне қою және оны бөлуді орталықтандырылумен қатар ашық түрде жүзеге асырады.
- Енді кезекке санатына қарамастан соңғы бес жылда тұрғын үйі жоқ азаматтар тұра алады. Осыған байланысты «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» құрылуда.
- сонымен қатар Отбасы банк коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жергілікті атқарушы органдар жалға алған жеке қордағы тұрғын үйді беру туралы шешімді қабылдайды.
- Жеке қордан жалға алынған тұрғын үйдің жалдау ақысын субсидиялайды.
- Тұрғын үй алу құқығы бірінші кезекте келесі санаттарға беріледі:
- Ұлы Отан соғысының ардагерлері
- Басқа мемлекеттердің аумағында әскери іс-қимылдарға қатысқан ардагерлер
- Жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген азаматтар
- Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар
- көпбалалы отбасылар
- Мүгедек балалары бар отбасылар
- Бірінші және екінші топтағы мүгедектер
- Жесірлер
- Азаматтарға тұрғын үйді жекешелендіру құқығы беріледі.
Отбасы Банк екінші деңгейлі банк ретінде жұмысын жалғастыра береді және қазақстандықтар өз жинақтарының тұрақтылығы мен депозиттерінің сақталуына сенімді бола алады.