ЦИФРЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 8 ЖОЛЫ
1️⃣Жаңа әдістер мен құралдарды жинақтайтын цифрлық қоржын жасап алыңыз.
Start.me сервисі көмектеседі.
2️⃣Тіл білмеу кедергі емес. Chrome-ның аударма қызметін қолдануға дағдыланыңыз.
3️⃣Балалар жаңа нәрсені сынағанды ұнатады. Сабағыңызда жаңа технологияны қолданатын кезде оларға ескертіңіз.
4️⃣Бір сабақта - бір технология. Бірнешеуін қолданамын деп қиындатпаңыз.
Сабақ жоспарларыңызға технологияны біртіндеп енгізуді бастаңыз. Оқушылардың белсенділігін жақсарту үшін мультимедиялық презентацияларды, цифрлық бағалауларды т.б. қолданыңыз.
5️⃣Қарапайым интерфейсі бар сервистерден бастаған дұрыс. Мысалы, бағалауда Gimkit, тақта ретінде Classroomscreen т.б. қолданыңыз.
6️⃣Біліммен бөліссеңіз көбейеді. Әріптестеріңізге үйретіңіз.
7️⃣Edtech блогтарды жиі оқыңыз. Edutopia, EdTech Magazine т.б.
8️⃣Үздіксіз даму.