БІЛІМ БАҚШАСЫ


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


Ақырет азығына арналған арна

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Репост из: БІЛІМ БАҚШАСЫ
Пітір садақасы.pdf
386.6Кб
📗 Жаңа кітапша!

🔖 ПІТІР САДАҚАСЫ

Талқыланған тақырыптар:

• Пітірдің анықтамасы және оның парыз етілу себебі;
• Пітір садақасының үкімі жəне жалпы көрінісі;
• Пітірдің мөлшері;
• Пітірдің берілу даналығы;
• Пітірдің берілетін уақыты;
• Пітірдің берілетін жынысы (түрі, тегі);
• Пітірді ақшалай берудің үкімі.

🖋 Білім бақшасы арнасының редакциясы
———————
✔️ Оқимыз әрі бөлісеміз

#pitir_sadaqa

🔗 t.me/bilim_baqshasy


Репост из: БІЛІМ БАҚШАСЫ
Құран дұғалары.pdf
286.3Кб
Дұғалар жинағы..pdf
397.3Кб
📕 Жаңа кітапша: ҚҰРАНДА КЕЛГЕН ДҰҒАЛАР
🖋 Дайындаған: БІЛІМ БАҚШАСЫ арнасының редакциясы

📌 Құрметті оқырмандар, расында бұл кітапша – Қадір түніне ең жақын түнде (Рамазанның 27-түнінде) жақындарыңызға сыйлауы мүмкін болған ең бағалы сыйлық. Өйткені қадірлі түнде Құраннан алынған таңдаулы да қасиетті дұғаларды айту арқылы мүмінге екі дүниедегі жақсылық есіктері ашылғалы тұр. Сондықтан, жақындарыңызбен осы керемет кітапшаны бөлісу жолында аянып қалмаңыз. Аллаһ Тағала баршамыздың жасаған дұға-тілектерімізді қабыл етсін. Әмин.

✔️ Оқимыз әрі бөлісеміз

🔗 t.me/bilim_baqshasy






🌘 Бүгінгі түн – Қадір түніне ең жақын түн

Ұлы сахаба Убей ибн Кағб (Аллаһ одан разы болсын) айтқан:

واللهِ إِنِّي لَأَعْلَمُهَا، وَأَكْثَرُ عِلْمِي هِيَ اللَّيْلَةُ الَّتِي أَمَرَنَا رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ بِقِيَامِهَا، هِيَ لَيْلَةُ سَبْعٍ وَعِشْرِينَ.

«Аллаһтың атымен ант етейін! Мен Қадір түнінің қай түн екенін білемін. Менің білетінім, ол түн – Аллаһ елшісі ﷺ бізге құлшылықпен өткізуді бұйырған Рамазанның жиырма жетінші түні».
📚 Муслим; (762).

Сондай-ақ , Убей ибн Кағбтың шәкірті – ұлы табиғин Зирр ибн Хубейш (рахимаһуллаһ) былай деген екен:

لَوْلَا سُفَهَاؤُكُمْ لَوَضَعْتُ يَدَيَّ فِي أُذُنَيَّ فَنَادَيْتُ: أَنَّ لَيْلَةَ الْقَدْرِ سَبْعٌ وَعِشْرُونَ، نَبَأُ مَنْ لَمْ يَكْذِبْنِي، عَنْ نَبَأِ مَنْ لَمْ يَكْذِبْهُ، يَعْنِي أُبَيَّ بْنَ كَعْبٍ، عَنِ النَّبِيِّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ.

«Егер де араларыңдағы кейбір ақылсыздар болмағанда, онда екі құлағымды бітеп алып: «Қадір түні – жиырма жетінші түнде» деп бар дауыспен жар салатын едім. Расында, бұл хабар – маған өтірік айтпағанның (Убей ибн Кағбтың) оған өтірік айтпағаннан (пайғамбарымыздан ﷺ) жеткен хабар».
📚 Ахмад; (21199).

Хадисте келгендей:

عَنْ عَبْدِ اللهِ بْنِ عَبَّاسٍ أَنَّ رَجُلًا أَتَى النَّبِيَّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، فَقَالَ: يَا نَبِيَّ اللهِ، إِنِّي شَيْخٌ كَبِيرٌ عَلِيلٌ، يَشُقُّ عَلَيَّ الْقِيَامُ، فَاؤْمُرْنِي بِلَيْلَةٍ، لَعَلَّ اللهَ يُوَفِّقُنِي فِيهَا لِلَيْلَةِ الْقَدْرِ. قَالَ: "عَلَيْكَ بِالسَّابِعَةِ".

Ардақты сахаба Абдуллаһ ибн Аббастан (Аллаһ әкесі екеуінен разы болсын) жеткен хабарда бір кісі пайғамбарымызға ﷺ келіп: «Уа, Аллаһтың пайғамбары! Мен кәрілікке жеткен әлсіз пендемін. Соңғы он түннің барлығында да құлшылық жасау маған ауыр соғады, сондықтан маған бір түнді айтсаң еді, бәлкім сол түнде Аллаһ Тағала мені Қадір түніне сай келтіретін шығар?»,- деп сұрайды. Сонда пайғамбарымыз ол кісіге: «жетінші түнге (27-түнге) мән беріңіз»,- деп өсиет қылады.
📚 Ахмад; (2149).

Пайғамбар мешітінде сабақ беретін құрметті ғалым – шейх Сулейман Рухейли (хафизаһуллаһ) өзінің твиттердегі ресми парақшасында былай деп жазған:

ليلة سبع وعشرين من أرجى الليالي لليلة القدر. وزيادة الاجتهاد فيها سنة؛ فقد دعا فيها النبي ﷺ أهله ونساءه وقام بأصحابه جماعة ومدَّ صلاته حتى خشي الصحابة أن يفوتهم السَحور

Рамазанның 27-түні – Қадір түніне ең жақын, əрі Қадір түнінің болып қалу ықтималдығы ең басым түн болып саналады. Сондықтан, ол түнде көбірек ғибадат қылуда белсенділік таныту – сүннеттен. Себебі, пайғамбарымыз ﷺ сол түнде үй-ішін және əйелдерін жинап, сахабалармен бірге жамағатпен таң атқанға дейін түні бойы намазда тұрып шығады. Түнде ұзақ намаз оқығаны соншалықты, тіпті, сахабалар: «сəресін ішіп үлгермей қалатын шығармыз» деген ойға барған.
———————
Рамазанның 27-түні – Қадір түні екендігін тіпті кейбір сахабалар ант ішіп тұрып айтқан. Сондықтан, бүгін [26.03.2025] Аллаһ қаласа, Ақшам намазының уақыты кірумен Қадір түніне ең жақын болған ұлы түн – Рамазанның 27-түні кіреді. Көптен күткен ұлы түн де есігімізді келіп қағуға санаулы ғана сағаттар қалды. Ендеше, белімізді бекем буып, таң атқанға дейін ғибадатта, әрі еліміз бен жеріміз үшін дұғада болуға тырысайық.

🌐 https://t.me/bilim_baqshasy


📌 Қадір түнінің жасырылып қоюындағы даналық

Имам Ибн Усеймин (рахимаһуллаһ) айтқан:

الحكمة من إخفاء ليلة القدر لحكمتين عظيمتين: إحداهما: أن يتبين الجاد في طلبها الذي يجتهد في كل الليالي لعله يدركها والحكمة الثانية: أن يزداد الناس عملا صالحا يتقربون به إلى ربهم وينتفعون به.

Қадір түнінің жасырылуында екі үлкен даналық бар:

1) Қадір түніне жетсем екен деп, қадір түнін барлық түндерде (соңғы он түннің барлығында) құлшыныспен іздейтіндерді анықтау үшін.

2) Адамдар өздерін Аллаһқа жақындататын ізгі амалдарды көбейтіп, оларға сол амалдардың (ақыретте) пайдасы тию үшін.

📚Әл-Фатауа (14/230).

#Qadir_tuni

🌐https://t.me/bilim_baqshasy




🤲 Соңғы он түнде ата-анаң үшін көбірек дұға қыл!

Имам Ибн Усеймин (рахимаһуллах) айтқан:

دُعاؤك لوالدك في صلاة التراويح أو في صلاة التهجد أفضل بكثير من أن تذبح له عشـر نِيَاق.

“Тарауих және тахаджуд намазында ата-анаңа дұға қылуың (Аллаһтан олар үшін екі дүние бақытын сұрауың) – (олардың атынан) он түйе сойып таратқаныңнан әлдеқайда артығырақ”.
📚 لقاء الباب المفتوح ١١٥.

#duga

🔗 https://t.me/bilim_baqshasy


🌘 Қадір түнінің белгілері

Ардақты сахаба Убада ибн Сомит (Аллаһ одан разы болсын) жеткізген хадисте Аллаһ елшісі ﷺ былай деп айтқан:

إِنَّ أَمَارَةَ لَيْلَةِ الْقَدْرِ أَنَّهَا صَافِيَةٌ بَلْجَةٌ، كَأَنَّ فِيهَا قَمَرًا سَاطِعًا، سَاكِنَةٌ، سَاجِيَةٌ، لَا بَرْدَ فِيهَا وَلَا حَرَّ، وَلَا يَحِلُّ لِكَوْكَبٍ أَنْ يُرْمَى بِهِ فِيهَا حَتَّى يُصْبَحَ، وَإِنَّ أَمَارَتَهَا أَنَّ الشَّمْسَ صَبِيحَتَهَا تَخْرُجُ مُسْتَوِيَةً، لَيْسَ لَهَا شُعَاعٌ مِثْلَ الْقَمَرِ لَيْلَةَ الْبَدْرِ، وَلَا يَحِلُّ لِلشَّيْطَانِ أَنْ يَخْرُجَ مَعَهَا يَوْمَئِذٍ.

«Қадір түнінің белгісі: оның түні аспанда ай жарқырап тұрғандай тым ашық әрі жап-жарық болып келеді. Ол түн – тып-тыныш, салқын да, ыстық та емес, жайлы болып тұрады. Ол түннің таңы атпайынша жұлдыздардың кетуіне рұқсат берілмейді. Сондай-ақ, оның тағы да бір белгісі: таңертең күн ешбір сәулесіз, толған ай тәрізді түзу болып шығады, әрі шайтандарға онымен бірге шығуға рұқсат етілмейді».
📚 Ахмад; (22765).

#Qadir_tuni

🔗 https://t.me/bilim_baqshasy




📌 Құранды қашанғы оқуым керек?

سأل رجل أحد السلف:
كم نقرأ من ‎القران؟
قال: على قدر السعادة التي تريدها.

Бір кісі алғашқы буын ғалымдарының бірінен сұрапты:
– Құранды қаншалықты көп оқимыз?
– Қаншалықты бақытты болғың келсе, соншалықты көп оқы!

———————

Өйткені, Құран – береке мен бақыт кітабы. Аллаһ Тағала айтқандай:

﴿كِتَـٰبٌ أَنزَلۡنَـٰهُ إِلَیۡكَ مُبَـٰرَكࣱ لِّیَدَّبَّرُوۤا۟ ءَایَـٰتِهِۦ وَلِیَتَذَكَّرَ أُو۟لُوا۟ ٱلۡأَلۡبَـٰبِ﴾

﴾Саған түсірген Құран – өте берекелі кітап. Біз оны адамдар ой жүгірту үшін және ақыл иелері еске алу үшін түсірдік﴿.
Сод сүресі, 29-аят.

Яғни, Құран берекесі мол кітап болғандықтан, Құранмен байланысқан нәрсенің барлығы берекелі бола түскен. Мәселен, Құранды алып түскен Жебрейіл – ең абзал періштеге, Құран түскен Рамазан айы – ең абзал айға, Құран түскен Қадір түні – ең абзал түнге, Құран түскен Мұхаммед ﷺ пайғамбар – ең абзал елшіге және Құран түскен осы үмбет – ең абзал үмбетке айналды.

Басқа бір аятта айтқандай:

﴿مَاۤ أَنزَلۡنَا عَلَیۡكَ ٱلۡقُرۡءَانَ لِتَشۡقَىٰۤ﴾.

﴾Біз саған Құранды сен бақытсыз болу үшін түсірмедік﴿.
То-һа сүресі, 2-аят.

Демек, Құран – адамзаттың екі дүниедегі бақыты үшін түскен кітап. Сондықтан, Құранмен байланысқан сахабалардың ешбірі де бұл өмірден бақытсыз болып өтпеген!

Ендеше, таңдау адамның өзінде екен!

#Quran

🔗 https://t.me/bilim_baqshasy


🌘 Қадір түнінің қадірі!

Аллаһ Тағала қасиетті Құранда былай дейді:

﴿إِنَّاۤ أَنزَلۡنَـٰهُ فِی لَیۡلَةِ ٱلۡقَدۡرِ * وَمَاۤ أَدۡرَاكَ مَا لَیۡلَةُ ٱلۡقَدۡرِ * لَیۡلَةُ ٱلۡقَدۡرِ خَیۡرࣱ مِّنۡ أَلۡفِ شَهۡرࣲ * تَنَزَّلُ ٱلۡمَلَائكَةُ وَٱلرُّوحُ فِیهَا بِإِذۡنِ رَبِّهِم مِّن كُلِّ أَمۡرࣲ * سَلَـٰمٌ هِیَ حَتَّىٰ مَطۡلَعِ ٱلۡفَجۡرِ﴾.

﴾Расында, Біз оны (Құранды) Қадір түнінде түсірдік. Сен Қадір түнінің не екенін білесің бе? Күдіксіз, Қадір түні – мың айдан да қайырлы. Ол түнде періштелер мен Рух (Жебірейіл) Раббыларының (Аллаһтың) рұқсатымен (алда болатын бір жылдық) істермен түседі. Ол – таң атқанға дейін сəлем айтылатын (тыныштық пен амандық) түні﴿.
Қадір сүресі, 1-5 аяттар.

Демек, бұл түнде перішелердің төресі «Жебрейіл» періште жер бетіне түседі екен. Сондай-ақ, Қадір түні жер бетіне түсетін періштелер санының көптілігі жайында Аллаһ елшісі ﷺ былай деген:

إِنَّ الْمَلَائِكَةَ تِلْكَ اللَّيْلَةَ فِي الْأَرْضِ أَكْثَرُ مِنْ عَدَدِ الْحَصَى.

«Расында, ол түнде (Қадір түнінде) жер бетінде періштелердің саны ұсақ тастардың санынан да көп болады».
📚 Муснад əт-Тоялиси; (2545), Муснад имам Ахмад; (10734), Сахих Ибн Хузейма; (2/223).

#Qadir_tuni

🔗 https://t.me/bilim_baqshasy


🌘 Рамазанның соңғы он түнінде айтылатын дұға!

Хадистердің бірінде Айша анамыз (Аллаһ одан разы болсын) Аллаһ елшісінен ﷺ былай деп сұрайды:

قُلْتُ: يَا رَسُولَ اللهِ، أَرَأَيْتَ إِنْ عَلِمْتُ أَيُّ لَيْلَةٍ لَيْلَةُ الْقَدْرِ، مَا أَقُولُ فِيهَا؟ قَالَ: قُولِي: اللَّهُمَّ إِنَّكَ عَفُوٌّ تُحِبُّ الْعَفْوَ؛ فَاعْفُ عَنِّي.

«Уа, Аллаһтың елшісі! Егер Қадір түні қай түн екенін білген болсам, ол түнде не деп айтамын?»,- дейді. Сонда ол оған: «Аллаһым! Сен Кешірімдісің, кешірімді жақсы көресің, менің күнəларымды кеш» деп дұға қыл»,- деген.
📚 Тирмизи; (3513), Ибн Мəжəһ; (3850), Ахмад; (25384).

Арабшасы:

اللَّهُمَّ إِنَّكَ عَفُوٌّ تُحِبُّ الْعَفْوَ؛ فَاعْفُ عَنِّي.

Транскрипциясы:
Аллаһуммə иннəкə ‘Афуун, тухиббуль-‘афуа, фа'фу ‘анни

Мағынасы:
«Аллаһым! Сен Кешірімдісің, кешірімді жақсы көресің, менің күнəларымды кешіре гөр».

#Ramazan #duga

🔗 https://t.me/bilim_baqshasy


🌘 Қадір түні жайында өте құнды дерек

Сұрақ: Қадір түні жұп түндерде де келуі мүмкін бе?

Жауабы: Шейх Сулейман Рухейли (хафизаһуллаһ) айтады:

«Пайғамбарымыз ﷺ: «Қадір түні – тақ түндерде»,- деген. Осыдан, біз Қадір түні тақ түндерде екенін анық білеміз. Бірақ та, біз тақ түндердің қай түндер екенін қайдан білеміз?
Өйткені, біріншіден: сəлəфтарымыз (алдыңғы өткен ізгілер) Қадір түнін есептеуде «Қадір түнін есептеу Рамазанның отызыншы түнінен бе, əлде бірінші түнінен бе?» деген мəселеде пікір-таласқа түскен. Олардың кейбірі Рамазанның 30-түнінен бастап төменге түсетін болған, ал ол бізде жұп санға сəйкес келеді. Ал, кейбіреулері 1-түннен бастап жоғары көтерілетін болған. Нəтижесінде, іс күрт құбыла түседі.

Екіншіден: Сосын айдың кіру мəселесі бар. Шариғат жүзінде басым ойға сəйкес бізде түн жұп болса, ақиқатында ол түн тақ түн болуы мүмкін. Сол сияқты, шариғат жүзінде есептеуге сай бізде тақ түн болса, ақиқатында ол түн жұп болуы мүмкін. Сөзсіз, біз Қадір түні – жұп түндерде емес, тақ түндерде екенін анық білеміз. Бірақ, біз жұп түндерді құлшылық етпестен тастап қоямыз ба? Əлбетте жоқ! Өйткені, бізге Қадір түнінің тақ түндерде келетіндігін хабарлаған адам (сүйікті пайғамбырымыз ﷺ) жұп түндерді тастап қоймаған. Оған қоса, біз тақ түн мен жұп түн қай түнге сай келетін жүзде-жүз пайызға білмейміз. Сондықтан, соңғы он түннің барлығында көбірек құлшылық қылуға тырысуымыз қажет.

#Qadir_tuni

🔗 https://t.me/bilim_baqshasy


🕌 Қадір түні жұп түндерде де келуі мүмкін бе?

🎙 Шейх Сулейман Рухейли

⬇️Аудармасы астында⬇️

📲 t.me/bilim_baqshasy






🌘 Қадір түні қай түн?

Ақиқатында, Қадір түні Рамазанның соңғы он түнінің бірінде жасырылған. Бұған пайғамбарымыздың ﷺ мына бір сөзі дәлел болмақ:

تَحَرَّوْا لَيْلَةَ الْقَدْرِ فِي الْعَشْرِ الْأَوَاخِرِ مِنْ رَمَضَانَ.

«Қадір түнін Рамзанның соңғы он түнінен іздеңдер».
📚 Муслим; (1169).

Сондай-ақ, Қадір түні соңғы он түннің тақ түндерінде кездесетіндігі жақынырақ. Оған келесі хадис құжат:

تَحَرَّوْا لَيْلَةَ الْقَدْرِ فِي الْوِتْرِ مِنَ الْعَشْرِ الْأَوَاخِرِ مِنْ رَمَضَانَ.

«Қадір түнін Рамазанның соңғы он түнінің тақ түндерінен іздеңдер».
📚 Бұхари; (2017).

Сонымен қатар, Қадір түні əрдайым тек бір түнде ғана қайталанып келе бермейді. Алайда, Аллаһтың қалауы мен даналығына байланысты əр жылы өзгеріп келіп отырады. Бұл жөнінде хафиз Ибн Хажар (хафизаһуллаһ) өз сөзін былай түйіндеген:

وَأَرْجَحُهَا كُلِّهَا أَنَّهَا فِي وِتْرٍ مِنَ الْعَشْرِ الْأَخِيرِ وَأَنَّهَا تَنْتَقِلُ.

«Қадір түніне қатысты айтылған сөздер мен ой-пікірлердің ең дұрысы ол түн – Рамазанның соңғы он түнінің тақ түндерінде кездеседі, əрі ол ауысып отырады».
📚 Фатхуль-Бари (4/266).

#qadir_tuni

🔗 https://t.me/bilim_baqshasy


🕌 Қадір түнінің қасиеті

Аллаһ Тағала айтады:

﴿لَیۡلَةُ ٱلۡقَدۡرِ خَیۡرࣱ مِّنۡ أَلۡفِ شَهۡرࣲ﴾.

﴾Шын мəнінде, Қадір түні – мың айдан да қайырлы﴿.
Қадір сүресі, 3-аят.

Аллаһ елшісі ﷺ былай деген:

مَنْ قَامَ لَيْلَةَ الْقَدْرِ إِيمَانًا وَاحْتِسَابًا ، غُفِرَ لَهُ مَا تَقَدَّمَ مِنْ ذَنْبِ.

«Қадір түнін иманмен (Аллаһ үшін шын ықыласпен, Аллаһқа иман келтіре отырып) жəне (намаздың сауабынан) үміт етумен түнгі намаз оқыған адамның бұрыңғы өткен күнəлары кешіріледі».
📚 Бұхари; (1901). Муслим; (760).

Имам Ибн Ражаб (рахимаһуллаһ) айтқан:

يا من ضاع عمره لا شيء استدرك ما فاتك في ليلة القدر فإنها تحسب بالعمر.

«Уа, өмірін босқа өткізген пенде! Пайдасыз өткен өміріңді Қадір түнінде дұрыста! Өйткені, ол түн – адамның ғұмырына тең келеді».
📚 Лəтоиф əл-Мағариф (1/191).

Бəлкім, ол түн – адамның ғұмырынан да асып кетеді. Бұл жөнінде сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ хадистерінің бірінде былай деген:

أَعْمَارُ أُمَّتِي مَا بَيْنَ السِّتِّينَ إِلَى السَّبْعِينَ، وَأَقَلُّهُمْ مَنْ يَجُوزُ ذَلِكَ.

«Менің үмбетімнің (осы үмбет адамдарының) ғұмыры алпыс пен жетпіс жылдың арасында болады. Ал, одан ұзақ өмір сүретіндері өте аз».
📚 Тирмизи; (3550), Ибн Мəжəһ; (4236).

Жылдық есепке шаққанда мың ай – 83 жылдан да асып кетеді екен. Көп адамдар 83 жылға жетпейді, жетсе де, ешбір адам 83 жыл бойы тоқтамастан құлшылық етіп өте алмайды. Алайда, Аллаһ Тағала бізге шексіз мейірімділік танытып, бізге соншама ұзақ уақыттағы құлшылық-ғибадаттардың сауабына тең келетін бір түннің бар екендігін хабар берген. Ол – қасиетті де қадірлі Қадір түні. Ал, енді осыншама жеңілдік пен мейірімділіктен кейін, сол түнді ұйқымен немесе күнəлі іспен өткізген адам – ең бақытсыз əрі жақсылықтың барлық түрінен мақрұм қалған адам болмақ. Ал, жақсылықтың ең биік шыңында – кеңдігі аспандар мен жердей болған Жəннат тұр. Əрі ол адамның ең бақытсыз жəне жақсылықтың барлық түрінен мақрұм қалғандығы турасында пайғамбарымыз ﷺ былай деп айтқан:

شَقِي عبدٌ أدرك رمضان فانسَلَخ منه ولم يُغفَر له.

«Рамазан айына жетіп, сосын Рамазан аяқталғанға дейін күнəсі кешірілмеген адам бақытсыз болсын».
📚 Әдаб әл-Муфрод (644).

Одан да қаттырағы – Жебрейіл періште (Аллаһтың оған сəлемі болсын) осы дұғаны айтқан кезде Аллаһ елшісі ﷺ "Əмин" деп қоштаған. Ал, дұғасы қайтарылмайтын періште мен пайғамбардың қарсы дұғасына ұшыраған адам ешқашан бақытқа жетпесі анық.

Басқа бір хадисте былай делінген:

إِنَّ هَذَا الشَّهْرَ قَدْ حَضَرَكُمْ، وَفِيهِ لَيْلَةٌ خَيْرٌ مِنْ أَلْفِ شَهْرٍ، مَنْ حُرِمَهَا فَقَدْ حُرِمَ الْخَيْرَ كُلَّهُ، وَلَا يُحْرَمُ خَيْرَهَا إِلَّا مَحْرُومٌ.

«Сөзсіз, сендерге бұл ай (Рамазан айы) келіп жетті. Əрі ол айда мың айдан да абзал, артық, қайырлы болып келетін бір түн бар. Кім ол түнді (босқа) жіберіп алса, (жақсылықтарынан құр қалса), анығында, жақсылықтың барлық түрінен қапыда қалыпты. Сөзсіз, ол түннің жақсылығынан тек нағыз мақұрым ғана құр қалады».
📚 Ибн Мəжəһ; (1644).

Осы ұлы түнде Аллаһ Тағала баршамызға Өзінің кешірімі мен шексіз сауаптарына бөленуімізді нəсіп етсін. Əмин.

#qadir_tuni

🔗 https://t.me/bilim_baqshasy


🕌 Иғтикаф турасында

Рамазанның соңғы он күнінің артықшылығының бірі – осы күндерде «иғтикаф» деп аталатын ерекше бір ғибадаттың орын алуы.
«Иғтикаф» деген – (азанды-кеш) Аллаһқа ғибадат қылу мақсатында мешіттен шықпау.
Иғтикаф жасау бұл – Құран мен хадистерде айтылған сүннет амалдардың бірі. Бұл жайында Аллаһ Тағала Құран-Кәрімде былай деген:

﴿وَلَا تُبَـٰشِرُوهُنَّ وَأَنتُمۡ عَـٰكِفُونَ فِی ٱلۡمَسَـٰجِدِۗ﴾.

﴾Сендер мешіттерде Иғтикаф жасаушы болған халде, əйелдеріңмен қосылмаңдар﴿.
Бақара сүресі, 187-аят.

Демек, иғтикафтың шарты бойынша иғтикаф мешіттерде жасалу керек. Ал, мешіттерден басқа орындарда иғтикаф жасалмайды.

Ақиқатында, Аллаһ елшісі де, оның сахабалары да, оның кезінде жəне одан кейін де иғтикаф жасаған. Абу Сағид əл-Худриден (Аллаһ одан разы болсын) жеткен хадисте, Аллаһ елшісі ﷺ айтқан:

إِنِّي اعْتَكَفْتُ الْعَشْرَ الْأَوَّلَ، أَلْتَمِسُ هَذِهِ اللَّيْلَةَ، ثُمَّ اعْتَكَفْتُ الْعَشْرَ الْأَوْسَطَ، ثُمَّ أُتِيتُ فَقِيلَ لِي: إِنَّهَا فِي الْعَشْرِ الْأَوَاخِرِ، فَمَنْ أَحَبَّ مِنْكُمْ أَنْ يَعْتَكِفَ، فَلْيَعْتَكِفْ.

«Мен «Қадір түнін» іздеп Рамазанның алғашқы он күнінде иғтикаф қыламын, сосын екінші он күнін күнін иғтикаф қылатын едім. Содан кейін, маған «Қадір түні» соңғы он түнде деп айтылды. Сондықтан кім иғтикаф жасауды қаласа, соңғы он түнде иғтикаф қылсын».
📚Муслим; (1167).

Сонымен иғтикафтың сүннет бойынша уақыты – соңғы он күн екен. Ал, он күн бойы иғтикаф жасауға шамасы келмеген адам түннен таңға дейін немесе түннің кейбір бөлігін мешітте иғтикаф ниетімен өткізсе де болады. Бірақ ол пайғамбар жасаған иғтикафты жасаған болып саналмайды. Сондай-ақ иғтикафты әйелдер де жасаса болады. Бұл турасында Айша анамыз (Аллаһ одан разы болсын) былай деген:

أَنَّ النَّبِيَّ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ كَانَ يَعْتَكِفُ الْعَشْرَ الْأَوَاخِرَ مِنْ رَمَضَانَ حَتَّى تَوَفَّاهُ اللهُ، ثُمَّ اعْتَكَفَ أَزْوَاجُهُ مِنْ بَعْدِهِ.

«Пайғамбарымыз ﷺ қайтыс болғанға дейін, Рамазанның соңғы он күнінде Иғтикаф жасап өтті. Əрі ол қайтыс болғаннан кейін, оның əйелдері де иғтикаф жасаған».
📚 Бұхари; (2026), Муслим; (1172).

Ал, сөз соңында иғтикафтың мақсаты мен артықшылығын тілге тиек ете кетсек. Оның мақсаты – бір жылда бір келетін әрі мың айдан да артық түсетін Қадір түнін құлшылық жасау арқылы соңғы он түннен іздеу. Ал, соңғы он түннен іздеп, оны ұйқымен немесе ойын-күлкімен емес, бәлки құлшылықпен және зікірмен өткізген адам Қадір түнінің артықшылығына, яғни, мың айдан да артық құлшылық жасаудың сауабына қол жеткізеді. Аллаһ Тағала баршамызды сол түнге аман-есен жеткізіп, ол түнді иманмен және үмітпен өткізуімізді нәсіп етсін. Әмин.

Ескерту: Иғтикафты рұқсат берілген мешіттерде жасау керек. Содан соң иғтикаф кезінде мешіт әдебін сақтап, барынша адамдармен таласудан, тартысудан және қажетсіз араласудан сақтану қажет. Расында, мешіттер – Аллаһтың үйі. Сондықтан, Аллаһтың үйінде Аллаһқа лайықты деңгейде қонақ бола білген жөн!!!

#Qadir_tuni #иғтикаф

🔗 https://t.me/bilim_baqshasy

Показано 20 последних публикаций.