ҚАЗАҚСТАН ҰСТАЗДАРЫ


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Образование


Қазақстан ұстаздарына арналған үздік арна!

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Образование
Статистика
Фильтр публикаций




‼️Қайырлы күн, педагогтер! Егер app.testcenter.kz сайтында логин немесе құпия сөзді ұмытып қалсаңыз, мына бейненұсқаулықты орындаңыз.

‼️Добрый день, педагоги! Если вы забыли логин или пароль от сайта app.testcenter.kz, выполните эту видео-инструкцию.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Видео от 🇰🇿


*17-20 сәуір аралығында* 2024 жылы аттестаттаудан өтетін педагогтер үшін ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУЫНА* (ПББ) өтініштер қабылдау жүргізіледі.

Тестілеуге өтініштерді қабылдау https://app.testcenter.kz/ сілтемесі арқылы жүргізіледі. ТЕСТІЛЕУ АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛҒЫ 18 СӘУІР - 13 МАМЫР АРАЛЫҒЫНДА ӨТКІЗІЛЕДІ




Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Репост из: QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
🆕 Биыл жемқорлардан тәркіленген қаржыға салынған 25 мектеп ашылады

💬 Бұған дейін апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешу үшін Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының есебінен 76 738 орынға арналған 62 мектептің құрылысы қаржыландырылды. Оның ішінде бүгінгі таңда 37 мектеп іске қосылды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

📍 Білім беру нысандарын іске қосу нәтижесінде өңірлерде 48 мың жаңа оқушы орны пайдалануға берілді. Көпшілігі ірі мегаполистерде және оларға жақын агломерацияларда орналасқан.

«Қор Қазақстанның білім беру саласындағы жобаларды іске асыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда. Президенттің тапсырмасы бойынша құрылған қордың қызметі мектептер, оларға қосымша құрылыс нысандарын, интернаттар салу, реконструкциялау арқылы үш ауысымды, апатты мектептер мен оқушы орнының жетіспеушілігін жоюға бағытталған. Осы жылы 28 мың оқушы орнына арналған тағы 25 мектепті іске қосу жоспарлануда», – деп атап өтті инфрақұрылымды дамыту департаменті директорының м.а. Марлен Қасенов.


📌 Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың басында Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен шамамен 15 мың орындық тағы 20 жаңа мектеп салынатыны белгілі болды. Олар пайдалануға 2025 жылы беріледі деп күтілуде.




Репост из: QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
​​📚 Оқулықтар 100% цифрлық форматқа көшірілді

💻 Бүгінде мектеп оқулықтарының цифрлық форматқа көшірілу көрсеткіші 100%-ды құрайды. Оқулықтар мемлекеттік сараптамадан өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілді. Цифрлық оқулықтар елімізде 13 баспаның 11 платформасында әзірленуде.

«Пәндерді оқытуда инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу мақсатында педагогтердің қолдануы үшін әдістемелік ұсыныстар әзірленді. Мұғалімдер сабақтарды заманауи цифрлық технологияларды, онлайн коммуникацияларды, саралау мен даралауды пайдалана отырып өткізеді, сондай-ақ онлайн ресурстарды қолдану бойынша білімдерін жетілдіреді», - деп атап өтті ҚР ОАМ Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Майра Мелдебекова.

📌 Бұдан басқа, робототехника, STEM, химия, физика, биология пәндері бойынша 1345 заманауи кабинет ашу жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 20 өңірдегі 1072 мектеп заманауи кабинеттермен жабдықталды.




195168_rus_20240408.pdf
1.2Мб
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики
Казахстан от 27 января 2016 года № 83 «Об утверждении Правил и условий
проведения аттестации педагогов, занимающих должности в организациях
образования, реализующих общеобразовательные учебные программы
дошкольного воспитания и обучения, начального, основного среднего и
общего среднего образования, образовательные программы технического и
профессионального, послесреднего, дополнительного образования и
специальные учебные программы, и иных гражданских служащих в области
образования и науки»


Орта білім комитеті төрағасының орынбасары Зейнеп Махсұтова Педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережесі туралы

О новых правилах аттестации педагогов заместитель председателя Комитета среднего образования Зейнеп Махсутова




Репост из: QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
📹 1 сәуірден бастап мұғалімдер жұмысқа жаңа жүйе бойынша қабылдана бастады

▶️ Видео: 24KZ


📣9-11 сынып Жетекшілеріне Маңызды Ақпарат‼️

БІТІРУШІ ЛЕНТАЛАРЫНА -50% ЖЕҢІЛДІК
ТЕК 3 КҮН!

4-9-11 сыныпқа және балабақшаға арналған атаулы ленталар бар болғаны 940тг (1890 тг жеңілдіксіз)🔥

Акция бағасымен тапсырыс беріп үлегріңіз‼️

Сіз біздің ленталарымыз бен және аксессуарларымызбен өзгеше болатыныңызға кепілдік береміз ❤️ ❤

Біздің сыйлықтар:

🎁 Сынып жетекшісіне- тегін лента.
🎁 Тегін жеткізу қызметі.
🎁 Лента түйреуіштері.
🎁 Тапсырыс берушіге тегін лента

Біз сіздің жеке дизайныңызды жасаймыз ✅

Дизайн, надпись, цвет тегін🤩

💌 Қалай тапсырыс беруге?

1. Төмендегі сілтемеден бізге ватсапқа жазыңыз және лента түсі мен дизайнын таңдаңыз
2. Оқушылар тізімін жіберіңіз
3. Алдын ала төлем 2000 ₸ енгізіңіз
4. Дайын ленталардың фотоотчет есебін күтіңіз

Тапсырыс беру үшін және барлық сұрақтар бойынша төмендегі сілтеме бойынша ватсапқа жазыңыз 👇

https://clck.ru/38kZFn

📞: +7 705 189 26 45

Біздің Instagram🤭:
@Nursultan_lenta
https://www.instagram.com/nursultan_lenta?igsh=MXVjZmI4d2gwaGo0MA%3D%3D&utm_source=qr


Репост из: QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
​​Елімізде орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған курстар басталды

Елімізде мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтерінің біліктілігін арттыру курстары басталды. Курстарды «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы жүргізеді.

«Қазір курстарда 5665 педагог оқып жатыр. Білім беру бағдарламаларының мазмұны МОДО, ЕНТ, PISA/PIRLS нәтижелерінің статистикасына назар аудара отырып жаңартылды. Бағдарламалардың жаңартылған құрылымында педагогтердің зерттеу және жобалау құзыреттерін дамыту бойынша қосымша модуль бар», - дейді басқарма төрағасы Еламан Айбульдинов.


Қазіргі уақытта орталықта 41 білім беру бағдарламасы іске асырылуда. Биыл барлығы 68 000-нан астам педагог оқытылады деп жоспарланған. Оның ішінде білім беру ұйымдарының басшылары, бастауыш сынып мұғалімдері бар. Бұл шаралардың барлығы педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға және еліміздегі білім беру стандарттарын жақсартуға бағытталған.


Репост из: TESTCENTERKZ
📣Достар!

💻Назарларыңызға наурыз айындағы ҰБТ-ның қорытындыларын ұсынамыз.

⏳Тестілеуді 117 мыңға жуық адам тапсырды.

✅Оның ішінде:
✔️талапкерлердің 75%-ға жуығы шекті балл жинады;
✔️орташа балл – 69 балл;
✔️ең жоғары балл – 137 балл;
✔️ерекше білім беру қажеттілігі бар 252 талапкер қатысты.

🙅🏻‍♀️Ереже бұзғаны үшін 127 адамның нәтижелері жойылды. Атап өтсек:
🚫смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 71 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;
🚫тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 51 адам шығарылды;
🚫бейнежазбаларға талдау жүргізу нәтижесінде 5 адамның нәтижесі жойылды;
❌бөгде тұлғалар анықталған жоқ.






Репост из: QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
📍Су тасқыны орын алған аймақтардағы мектептерде сабақ онлайн форматқа көшіріледі
 
⌨️Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің зардаптарын жою жөніндегі республикалық штаб жұмысының аясында 88 білім беру ұйымы төртінші тоқсанды қашықтықтан оқыту форматында бастайды деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
 
Қашықтықтан оқыту су тасқыны қаупі сақталған аумақтардағы 56 мектепте, сондай-ақ эвакуациялық пункттер ретінде айқындалған 32 мектепте ұйымдастырылуда.
 
«Осы дүйсенбіден бастап 3 миллионнан астам қазақстандық оқушы үшін 2023-2024 оқу жылының төртінші тоқсаны басталады. Бұл ретте су тасқыны жағдайы сақталған өңірлердегі оқушылар қашықтықтан оқуға көшіріледі. Жергілікті жерлерде Оқу-ағарту министрлігінің аумақтық білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері мен өңірлік білім басқармалары жұмыс жасауда. Эвакуациялық пункттердегі балаларға қажетті көмек көрсету үшін психологиялық қызметтер іске қосылды. Балалар қашықтықтан оқу үшін қажетті оқу құралдарымен, киім-кешекпен және техникалық құралдармен қамтамасыз етілді. Эвакуацияланған 1-4 сынып оқушыларын тамақтанумен қамту мәселесі бойынша жұмыстар жүргізілуде”, - деп атап өтті ведомствоның ресми өкілі – баспасөз хатшысы Мереке Амангелдіқызы.

 
Оқу-тәрбие процесі мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарттарына сәйкес ұйымдастырылады. Сондай-ақ, тәуекелдерді азайту және төтенше жағдайда білім беру процесін жалғастыруды қамтамасыз ету үшін Ақтөбе облысындағы колледждер қашықтықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Показано 20 последних публикаций.