бір кесе шай құйды есалаң


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Цитаты


сұрықсыз үстел бетін ескі дастархан жапқан. оның үстінде тек бір кесе шай. алдыңда есалаң. татар ма едің оның дәмін?
ие кісі: @waikikish

мылжың әңгіме: https://t.me/birkesecayci

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Цитаты
Статистика
Фильтр публикаций


егер мен нағыз комедия жазсам, кейіпкерлерімнің барлығы тупоооой болушы еді.


достар, мен диплом жазып жүрмін, неғылса.


өзімді комедия жаза алмаймын-ау деп ойлайтын едім. бірақ қазіргі драмамның драмасынан гөрі комедиясы көп болып бара ма деп қорқамын, ахахах.


шынымен сұрап отырмын. мен білетіннен басқа қандай жағдайлар бар екен деп. боқ басып ғана кеткеннес.


әйел неден өлуі мүмкін?


кеңестік киноның әндерін жақсы көрем!


«диплом жазайын, ойбай!» деген ниетім ұзағынан болғай деп тіледім.


наурыз мерекесі құтты болсын! 🌷


Құдай маған сабыр берсін. техникалық жағынан өзің барлығын түсініп тұрып, оны түсінбейтін адамдарға ұқтыру — өмірімнің ең шамалы сәттері екен.


сәлем, бір кеселерім.
ұстаған оразаларың қабыл болсын!


жаңа-жылдық көңіл-күй үшін тым әдемі #түстібұла 🌲


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
«saikojiman gwaenchanha», 2020
— park shinwoo, jeong dongyoon
#сізкімсізкамырза

mood: менің адамдарға деген махаббатым жайлы қысқаша.


бұл өмірді қалай сүруді үйрететін мастер де, не нұсқаулық та жоқ. сонысы шамалы. лау.


бақытты болыңдар!
аман болыңдар!
бай болыңдар!
бар болыңдар!

сүйім болыңдар!


өзімдікі демей-ақ, әйтеуір үйдегі көрпенің бірінде, үйдің бір бұрышында жатқанымды ойласам қайта-қайта езуіме күлкі жиырылады.

қуаныштан.


қазіргі сана, ой, күшпен қайтадан мектепке барсам біраз адамның көтенін айыратын едім.


үйге келіп жатқалы бері телепонымды өзім анда-санда көрем.

таңертең деп өтірік айтпаймын, түсте тұрғаннан бастап түнге дейін ананы-мынаны істеп, үйдегі кіріп-шыққанмен сөйлескенде уақыттың қалай өткенін аңғармай қаласың. оның үстіне телепонымды көбіне ойнау үшін інім ұстап жүретіні бар. анда-санда біреу жазды ма екен деп қарап қоямын. келгенімді де жөнді ешкімге айтпағанмын ғой, кейбір құрдасым анаммен, ағаммен әріптес, сол кісілерден естіп «үн-түнсіздігімді» айтып жазып та жатыр. түсірген анау-мынау нәрселерімді де салып жатқан жоқпын. тамақ пісіріп, үй жинап, інішектермен қырылып, ағаммен ыржалақтап, әкеммен ойнап,анашыммен күбірлесіп, кемпіріммен айқайласқаныма мәз болып жүрген жайым бар.

үйге келіп жатқалы бері телепонымды өзім анда-санда көрем. отбасымды көрем. үйдегі уақытты жақсы көрем. солай, қодыран қобыл.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


мына өмір үйдегі дастарханда шынымен рақат.


аэропорт мен үшін өте түсініксіз жерлердің бірі. қай жерінен кіріп, қай жерінен шығарымды білмей жүрем өмірі.

әйтеуір атырауға баратын бір кісіні көріп қалсам, танымасам да сол кісінің артынан жүріп отырам. бір рет сөйтіп әжетханаға кетіп қалғам да. қайтеміз, бастысы үйге жеткізсе бопты.

Показано 20 последних публикаций.