BOLASHAK NEWS


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Новости и СМИ


“Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ ресми Telegram-каналы
Официальный Telegram-канал АО “Центр международных программ”

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


👩‍⚖️Құрметті судьялар мен сот қызметкерлері!

🥳Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздің қызметіңіз құқықтың үстемдігі қағидатын бекітуде және әділеттілікті қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады. Сіздің күш-жігеріңіз елдің тұрақтылығын нығайтуға, әлеуметтік-экономикалық саланы дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді.

⚖️Мемлекет судьялардың біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөледі. 2024 жылы судьялар мен сот қызметкерлері үшін жаңа мүмкіндік ашылды – "Болашақ" бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өту. Бұл сот жүйесін нығайтуға және оның тиімділігін арттыруға ықпал ететін судьялар корпусының кәсібилігі мен құзыреттілігін дамыту үшін маңызды қадам.

👨‍⚖️ 12 айға дейінгі тағылымдамадан жетекші халықаралық ұйымдар мен университеттерде өтуге болады. Бағдарлама оқу ақысын, стипендияны, рейстерді, визалық шығындарды және басқа да байланысты шығындарды жабады.

Тағылымдамадан өтуге үміткерлерге қойылатын негізгі талаптарға мыналар жатады:

✅ Шетелдік ұйымнан шақырудың болуы;
✅ Таңдалған саладағы соңғы 12 айды қоса алғанда, жалпы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
✅ KazTest Сертификаты / Qazaq Resmi Test;
✅ Шет тілі бойынша Сертификат.

* * * *

👩‍⚖️ Уважаемые судьи и работники суда, а также ветераны профессии!🎉

⭐️ Сердечно поздравляем вас с профессиональным праздником! Ваша деятельность играет огромную роль в утверждении принципа верховенства права и обеспечении справедливости.
👨‍⚖️ Ваши усилия способствуют укреплению стабильности страны, развитию социально-экономической сферы и повышению благосостояния народа.

📘🌍 Государство уделяет особое внимание повышению квалификации судей. В 2024 году для судей и работников суда открылась новая возможность – прохождение стажировок по программе «Болашак». Это важный шаг для развития профессионализма и компетенций судейского корпуса, который способствует укреплению судебной системы и повышению её эффективности.

✈️Стажировку сроком до 12 месяцев можно пройти в ведущих международных организациях и университетах. Программа покрывает расходы на обучение, стипендию, перелеты, визовые расходы и другие сопутствующие расходы.

Основные требования для претендентов на прохождение стажировок включают:

✅Наличие приглашения от зарубежной организации;
✅Общий стаж работы не менее 3 лет, включая последние 12 месяцев в выбранной области;
✅Сертификат KazTest/Qazaq Resmi Test;
✅Сертификат по иностранному языку. 📝


🇰🇿МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН КӘСІБИ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

🤝Мемлекеттік қызметшілер - мемлекет тұрақтылығын нығайтып, әлеуметтік-экономикалық саланың дамуына, халықтың әл-ауқатын жақсартуға үлес қосып, мемлекет басшысының міндеттемелерін жүзеге асыруда аса маңызды қызмет атқарады. Бұл қызмет иелеріне халықтың сенімі мен қолдауы әрқашан жоғары.

📖Естеріңізге сала кетейік, мемлекеттік қызметшілер «Болашақ» бағдарламасының мүмкіндіктерін магистратура мен докторантурада, сондай-ақ тағылымдамадан өтуде пайдалана алады. Сондай-ақ «500 ғалым» ғылыми тағылымдамадан өту мүмкіндігі бар.

💵Тағылымдамадан 12 айға дейін жетекші халықаралық ұйымдар мен университеттерде өтуге болады. Мемлекет студенттерге оқу, екі жаққа ұшу, медициналық сақтандыру, визалық алымдар мен оқу материалдарына шығындарды өтейді.

🗣️Тағылымдамадан өтуге үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

- Шетелдік ұйымның шақыруының болуы;
- жалпы жұмыс өтілі 3 жыл (оның ішінде таңдаған салада соңғы 12 ай жұмыс өтілі);
- кемінде В1 деңгейдегі мемлекетік тілден KazTest/Qazaq Resmi Test сертификаты және шет тілін меңгерудің орташа деңгейін растайтын құжат талап етіледі.

****

🇰🇿 Сердечно поздравляем ветеранов и работников государственной службы с профессиональным праздником!

👏Ваш труд играет ключевую роль в укреплении стабильности страны, развитии социально-экономической сферы и повышении благосостояния народа.

В настоящее время предпринимаются значительные усилия для повышения профессионализма государственной службы и конкурентоспособности государственного управления.

📖 Напоминаем, что государственные служащие могут воспользоваться возможностями программы «Болашак» для обучения по магистратуре и докторантуре, а также стажировками. Существует также программа научных стажировок «500 ученых».

🎓Стажировку сроком до 12 месяцев можно пройти в ведущих международных организациях и университетах. Покрываются расходы на обучение, стипендию, перелет, визовые расходы и т.д.

🔹Основные требования для претендентов для прохождения стажировок:
- Наличие приглашение от зарубежной организации;
- Общий стаж работы 3 года, включая последние 12 месяцев в выбранной области;.
- Сертификат КазТест/ Qazaq Resmi Test.
- Сертификат по иностранному языку.


🩺«БОЛАШАҚ» ТҮЛЕГІ: АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ТУМАСЫ МИКРОХИРУРГИЯНЫ ҚАЛАЙ ДАМЫТЫП ЖАТЫР

Еліміздің барлық өңіріндегі 300-ден астам дәрігер, медбикелер, оқытушылар, ғалымдар, медициналық ұйымдардың басшылары, денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен сарапшылар «AMANAT» партиясының «Дәрігер Talks» диалог алаңында бас қосты. Олар медициналық қызмет көрсету жүйесінің қазіргі жай-күйін талқылап, отандық медицинадағы өзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсынды.

🧑‍⚕️ Олардың ішінде «Болашақ» бағдарламасының түлегі, отоларинголог Медет Маханбет те бар.

💬 «Болашақ» бағдарламасы аясында Литвадағы Сантаришкес университетінің клиникасынан алғантәжірибем біліктілігімді одан әрі шыңдай түсті.
Тәжірибе барысында құлаққа трансканальды эндоскопиялық ота жасаудың әдіс-тәсілдерін өз бетімше талдауды үйрендім. «Болашақ» бағдарламасы аясында Литвадағы Сантаришкес университетінің клиникасынан алғантәжірибем біліктілігімді одан әрі шыңдай түсті.
Тәжірибе барысында құлаққа трансканальды эндоскопиялық ота жасаудың әдіс-тәсілдерін өз бетімше талдауды үйрендім. 13 жылдық еңбек жолымда 6мыңнан астам сәтті операция жасап, оның ішінде бірегей уникалды жаңа әдіспен 100-ден астам құлақтың дабыл жарғысын қалпына келтірдім», - дейді Маханбет.


🥇Кездесу соңында «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова және Қазақстан денсаулық сақтау менеджерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Қуаныш Ерғалиев кәсіби қызметіндегі еселі еңбегі үшін бірқатар медицина қызметкерін марапаттады. Олардың ішінде Медет Маханбет те бар.

📹 🔗 https://www.instagram.com/reel/C8edT35owkE/?igsh=MXFlZ2JybGRwbjNldA==


🇰🇿🇭🇺 STIPENDIUM HUNGARICUM ГРАНТ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ ЖАРИЯЛАНДЫ

🎓2024-2025 академиялық жылға арналған үкіметаралық гранттар шеңберінде Венгрияның жетекші жоғары оқу орындарында оқуға арналған қазақстандықтардың тізімі жарияланды.

✨Тең балл болған жағдайда жетім балаларға, бала кезінен мүгедектер мен мүгедек балаларға, көп балалы отбасыдан шыққан балаларға, ауылдық елді мекендерден келген үміткерлерге артықшылық берілді.

✅ Білім беру гранттарын беру туралы соңғы шешімді қабылдаушы тарап қабылдады.

📌Грант оқу ақысын, стипендияны, жатақханада тұруды немесе жалға берілетін тұрғын үйге ақы төлеуді, сондай-ақ медициналық сақтандыруды қамтиды. Қосымша шығындарды грант иегерлері өз бетінше өтейді.

🔗Грант иегерлерінің толық тізімімен bolashak.gov.kz. ресми сайтымызда таныса аласыздар.

****

🇰🇿🇭🇺 ОПУБЛИКОВАН СПИСОК ОБЛАДАТЕЛЕЙ ГРАНТОВ STIPENDIUM HUNGARICUM

🎓Опубликован окончательный список казахстанцев для обучения в ведущих вузах Венгрии в рамках межправительственных грантов на академический год 2024-2025.

✨При равных баллах преимущество отдавалось детям-сиротам, инвалидам с детства и детям-инвалидам, детям из многодетных семей, претендентам из сельских населенных пунктов.

✅ Окончательное решение о присуждении образовательных грантов было принято принимающей стороной.

📌Грант покрывает расходы на обучение, стипендию, проживание в общежитии или оплату арендуемого жилья, а также медицинскую страховку. Дополнительные расходы покрываются обладателями грантов самостоятельно.

🔗С полным списком обладателей грантов можете ознакомиться на официальном сайте bolashak.gov.kz.


⚡️БОЛАШАК: РЕШЕН ВОПРОС С В.ГАВРИЛЕНКО. ГОСУДАРСТВЕННЫЕ СРЕДСТВА БУДУТ ВОЗВРАЩЕНЫ В БЮДЖЕТ

В.Гавриленко принесла извинения гарантам и обязалась добровольно погасить задолженность за обучение.

🔶Резонансная ситуация с бывшей стипендиаткой В.Гавриленко и гарантами М.Дарибаевой и Н.Воробьевой решена в правовом поле. По итогам медиации В.Гавриленко обязалась добровольно погасить полную сумму задолженности за обучение.

Залоговое имущество, предоставленное для обеспечения Договора, покрывает необходимую сумму расходов, поэтому соглашение с гарантами и Центром расторгнуто.

Напомним, в январе 2024 г. Центр направил материалы выявленных нарушений в правоохранительные органы. Агентство по противодействию коррупции РК зарегистрировало и проводит досудебное расследование в отношении бывших должностных лиц Центра. Валерия Гавриленко принесла извинения гарантам и возмещает задолженность в порядке установленном Центром.

Центр международных программ продолжит работу по возврату в государственный бюджет средств от лиц, отклоняющихся от исполнения договорных обязательств и лишенных стипендии.


🔗 ПОДРОБНЕЕ ЗДЕСЬ


⚡️БОЛАШАҚ: В.ГАВРИЛЕНКОМЕН МӘСЕЛЕ ШЕШІЛДІ. МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРАЖАТ БЮДЖЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

В.Гавриленко кепілгерлерден кешірім сұрап, оқу ақысы бойынша қарызын өз еркімен төлеуге міндеттенді.

🔸Бұрынғы стипендиат В.Гавриленко және кепілгерлер М.Дарибаева мен Н.Воробьевамен резонанстық жағдай заң аясында шешілді. Медиация қорытындысы бойынша В.Гавриленко оқу берешегінің толық сомасын өз еркімен өтеуге міндеттенді.
Шартты қамтамасыз ету үшін берілген кепіл мүлкі шығындардың қажетті сомасын жабады, сондықтан кепілгерлер мен Орталық арасында келісімшарт бұзылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың қаңтарында Орталық анықталған бұзушылықтардың материалдарын құқық қорғау органдарына жолдаған болатын. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Орталықтың бұрынғы лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Валерия Гавриленко кепілгерлерден кешірім сұрады және Орталық белгілеген тәртіпте қарызды өтеп жатыр.
Халықаралық бағдарламалар орталығы шарттық міндеттемелерді орындаудан ауытқыған және стипендиядан айырылған тұлғалардан мемлекеттік бюджетке қаражатты қайтару жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

🔗ТОЛЫҒЫРАҚ МҰНДА


Репост из: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
⚜ СОСТОЯЛАСЬ ПРЕСС-КОНФЕРЕНЦИЯ ПО ОТКРЫТИЮ ФИЛИАЛОВ ЗАРУБЕЖНЫХ ВУЗОВ

✔ Сегодня на базе Службы центральных коммуникаций при Президенте РК на пресс-конференции Cаясат Нурбек рассказал о проводимой работе по открытию филиалов зарубежных вузов. На брифинге со СМИ также присутствовал Марк Бигс, провост и заместитель вице-канцлера университета Хериот-Уотт.

✔ Глава государства поручил к 2025 году открыть в стране не менее 5 филиалов престижных зарубежных университетов. В настоящее время в Казахстан приглашены около 20 сильнейших зарубежных университетов.

✔«В новом учебном году будет открыто еще 8 сильных филиалов», - сказал министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек на пресс-конференции на площадке СЦК.

✔По словам министра науки и высшего образования РК Саясата Нурбека, иностранные университеты инвестируют в Казахстан, строят или покупают здание и начинают обучение в британском или иностранном формате.


Репост из: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
⚜ ШЕТЕЛДІК ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ФИЛИАЛДАРЫН АШУ ЖӨНІНДЕ БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

✔ Бүгін ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында Саясат Нұрбек шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарының ашылуы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы мәлімдеді. БАҚ өкілдерімен брифингке сондай-ақ Хериот-Уотт университетінің провосты және вице-канцлерінің орынбасары Марк Бигс қатысты.

✔ Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай елімізде беделді шетелдік университеттердің кемінде 5 филиалын ашуды тапсырған болатын. Қазіргі таңда 20 жуық мықты шетелдік университет Қазақстанға шақырылды.

✔«Биыл жаңа оқу жылында тағы 8 мықты филиал ашылады», - деді ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

✔ ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, шетелдік университеттер Қазақстанға инвестиция салып, ғимарат салады немесе оны сатып алады және британдық форматпен немесе шетелдік форматымен оқытуды бастайды.


Репост из: ORTCOM.KZ
🔶Биыл Қазақстанда шетелдік жоғары оқу орындарының тағы 8 филиалы ашылады

Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай елімізде беделді шетелдік университеттердің кемінде 5 филиалын ашуды тапсырған болатын. Қазіргі таңда 20 жуық мықты шетелдік университет Қазақстанға шақырылды.

«Биыл жаңа оқу жылында тағы 8 мықты филиал ашылады», - деді ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.


🔶В этом году в Казахстане откроют еще 8 филиалов зарубежных вузов

Глава государства поручил к 2025 году открыть в стране не менее 5 филиалов престижных зарубежных университетов. В настоящее время в Казахстан приглашены около 20 сильнейших зарубежных университетов.

«В новом учебном году будет открыто еще 8 сильных филиалов», - сказал министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек на пресс-конференции на площадке СЦК.


@ortcom_kz #CCS

1k 0 0 10 10

⚡️ МИРАС ДАУЛЕНОВ COVENTRY UNIVERSITY KAZAKHSTAN УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Мирас Дауленов – «Болашақ» стипендиясының иегері, «Uniwersytet Wroclawski» (Польша) университетінің «Құқық, заң ғылымдары» докторантурасында оқыды.

🎉Құттықтаймыз!

****

⚡️МИРАС ДАУЛЕНОВ НАЗНАЧЕН ПРЕЗИДЕНТОМ УНИВЕРСИТЕТА COVENTRY UNIVERSITY В КАЗАХСТАНЕ

Мирас Дауленов – стипендиат программы «Болашак», учился по направлению «докторантура» «Право, юридические науки» в «Uniwersytet Wroclawski» (Польша).

🎉Поздравляем и желаем успехов!


⚡️«Болашақ» бағдарламасының түлегі жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Арман Бақытжанұлы Қасенов ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша Лондон бизнес мектебінде (Ұлыбритания) «қаржы» мамандығы бойынша магистратураны тәмамдады.

Кэмбридж университетінің Eurasia Business Executive & Leadership Programme Judge Business School басшыларға арналған бағдарламасын аяқтады.

Еңбек жолын 2002 жылы қаржы секторында бастаған. 

🥳Түлегімізге сәттілік тілейміз!

******

⚡️Выпускник программы «Болашак» назначен на новую должность

Постановлением Правительства Республики Казахстан Арман Касенов назначен на должность вице-министра национальной экономики.

Окончил программу «Болашак» Лондонской школы бизнеса (Великобритания) со степенью магистра финансов.

Программа Eurasia Business Executive & Leadership в Кембриджском университете завершила программу для руководителей Judge Business School.

Свою карьеру в финансовом секторе начал в 2002 году. 

🥳Желаем удачи нашему выпускнику!


🔹Тікелей эфирде «Болашақ» бағдарламасы мен “500 ғалым” ғылыми тағаламдамалар бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауап берілді

🔸
В прямом эфире были получены ответы на часто задаваемые вопросы по программе «Болашак» и научным стажировкам «500 ученых»

⬇️
https://www.instagram.com/reel/C8ZVo3vos2a/?igsh=c3Y2c3dnb29iejY4


⚡️ «БОЛАШАҚ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТҮЛЕГІ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

✍️ ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ақмола облысы әкімінің өкімімен Ернар Жаркешов Ақмола облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

🎓 Ернар Серікбайұлы АҚШ-тағы Гарвард университетін (“Болашақ” бағдарламасы бойынша магистратура бағыты) , Дж. Кеннеди атындағы Жоғары мемлекеттік басқару мектебін, Сингапур Ұлттық Университеті Ли Куан Ю атындағы Жоғары мемлекеттік саясат мектебін, Ұлыбританиядағы Бирмингем Университетін (“Болашақ” бағдарламасы бойынша бакалавриат бағыты) және Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін тәмәмдаған.

2024 жылдың ақпан айынан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Сенат төрағасының кеңесшісі (штаттан тыс) болды.

🚀Түлегімізге сәттілік тілейміз!

••••

⚡️ВЫПУСКНИК ПРОГРАММЫ «БОЛАШАК» НАЗНАЧЕН НА НОВУЮ ДОЛЖНОСТЬ

✍️ По согласованию с Администрацией Президента распоряжением акима Акмолинской области Ернар Жаркешов назначен заместителем акима Акмолинской области.

🎓Ернар Серикбаевич имеет четыре высших образования, окончил Высшую школу государственного управления имени Дж. Кеннеди Гарвардского университета, США (магистратура по программе «Болашак») , со степенью магистра государственного управления, Высшую школу государственной политики им. Ли Куан Ю Национального Университета Сингапура, Университет Бирмингема, Великобритания (бакалавр по программе «Болашак»), со степенью бакалавра государственной политики, правительства и менеджмента, и Казахский университет экономики, финансов и международной торговли им. Т.Рыскулова по специальности «финансы» программы бакалавриат.

С февраля 2024 года являлся советником Председателя Сената Парламента РК (внештатный).

🚀Желаем удачи!


Халықаралық бағдарламалар орталығы "Болашақ" бағдарламасының түлегі Айгүл Сайлыбаеваның Германиядағы қайғылы қазасына байланысты отбасы мен жақындарына көңіл айтады.

Осы қиын сәтте біздің ойымыз бен көңіліміз оның отбасында.

Әділдік орнап, кінәлілер табылар деп сенеміз.
Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын.

•••••

Центр международных программ выражает глубокие соболезнования семье и близким выпускницы программы «Болашак» Айгуль Сайлыбаевой в связи с её трагической гибелью в Германии.

Мы потрясены этой утратой. Наши мысли и сочувствие с её родными в этот трудный момент.

Надеемся, что справедливость восторжествует, и виновные будут найдены.


⚡️ «Болашақ» бағдарламасының түлегі жаңа қызметке тағайындалды

Мұратжан Смайылов (The University of Warwick университетінің түлегі) ҚР Үкіметімен байланыс жөніндегі менеджер - «North Caspian
Operating Company N.V»
(Астана қ.) кеңсесінің басшысы
болып тағайындалды.

🥳 Құттықтаймыз


‼️ТІКЕЛЕЙ ЭФИР

⏰Сәрсенбіде, 19.06.2024 сағат 16:00-де құжат қабылдауды ұйымдастыру басқармасының қызметкерімен тікелей эфир өтеді.

Тақырыбы: «Болашақ» бағдарламасы мен «500 ғалым» тағылымдамасы.

🙌Эфирді жіберіп алмаңыз!

📣📣 📣

‼️ПРЯМОЙ ЭФИР

⏰ В среду, 19.06.2024 в 16:00 пройдет прямой эфир с сотрудником управления организации приема документов.

Тема: Программа «Болашак» и стажировка «500 ученых».

🙌🏼 Не пропустите эфир!

______

🔗 https://www.instagram.com/p/C8UCr-OoOrJ/?igsh=MXdkbGYzYXluajk0ag==


🥼Құрметті достар, медицина қызметкерлері күні құтты болсын! 🎉

Медицина қызметкерлеріне құрмет көрсету – біздің азаматтық борышымыз. 🙏

🎓🌍 Халықаралық бағдарламалар орталығы Қазақстан медицина саласына өзінің үлесін қоса алғанымен мақтанады. Біздің академиялық және тағылымдама бағдарламалары кәсіби даму мен тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндіктер ашады. Біз Сіздердің білімге ұмтылуыңызға және өзіңіздің асыл миссияңызда сәтті қолданатын дағдыларыңызды жетілдіруге қуана көмектесеміз!

🎊🎈Медицина саласының барлық өкілдерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге қуаныш, кәсіби өркендеу және маңызды миссияңызда табыс тілейміз!

Бейбіт күннің батырлары, кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!

****

🩺 Дорогие друзья, поздравляем с Днем медицинского работника!

Оказывать должное уважение и признательность медицинским работникам – это наш гражданский долг.

Центр международных программ гордится тем, что смог внести свой скромный вклад в развитие медицинской сферы в Казахстане. Наши академические программы и программы стажировок предоставляют возможности для повышения квалификации и обмена опытом. Мы рады, что смогли оказать содействие в вашем стремлении к знаниям и совершенствованию навыков, которые вы успешно применяете в своей благородной миссии.

🧑‍⚕️Сердечно поздравляем всех представителей медицинской отрасли с профессиональным праздником!

Желаем вам радости, благополучия и дальнейших успехов в вашей важной миссии!


Құрметті мұсылман қауым! 🌙

Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймыз!✨

🕊️ Құрбан айт – бейбітшілік пен бірлікке, жақсылық пен қайырымдылыққа бастайтын мейрам. Бұл күні мұсылман қауымы Жаратқанға қол жайып, бейбіт өмір, берекелі тіршілік, ел амандығы мен рухани күш-қайрат тілейді.🙏

✨Мейрамда айтылған игі тілектеріңіздің бәрі орындала берсін! Шалған құрбандықтарыңыз бен ізгі ниеттеріңізге сауаптан жазылсын!

Айт қабыл болсын! 🤲

⚜⚜⚜

🌙 Друзья, поздравляем Вас с праздником Курбан айт!

🤝 Курбан айт – праздник символизирующий торжество единства, добра и милосердия. В эти особо чтимые дни мусульмане всех стран мира мысленно обращаются к истокам веры, желают мира и достатка на земле, добра и благочестии.

Пусть в этот праздник сбудутся все ваши благие пожелания!
🌠 В этот священный день желаем всем добра, счастья, благополучия и процветания!

С праздником Курбан айт!🤲


🏆ВРАЧ, КОТОРЫЙ НЕ СДАЕТСЯ: ИСТОРИЯ МАРАТА САРШАЕВА

👨‍⚕️Марат Саршаев, руководитель отделения нейрохирургии Национального госпиталя Управления делами Президента, первоклассный медик и выпускник программы «Болашак», является одним из ведущих специалистов страны. Он провел более трех тысяч сложных операций.

💬 Я два года обучался у высококвалифицированных профессионалов. Я узнал о программе по радио, собрал документы и отправился в Москву. Затем я повышал квалификацию в Турции, Франции, Южной Корее, ОАЭ и Бразилии», — рассказывает врач.

📸 Напомним, в социальных сетях распространялись фотографии и видео, демонстрирующие врачей, проводящих операцию в больнице во время землетрясения 4 марта в Алматы. В описании говорилось, что, несмотря на землетрясение, врачи продолжили работу, и операция прошла успешно. Одним из них был нейрохирург Марат Саршаев.

🏥 Как вы выбрали медицину?

— В старших классах я профессионально занимался дзюдо, но на соревнованиях сломал руку и был вынужден оставить спорт. Тогда я решил поступать в военное училище. Но родители хотели, чтобы кто-то из детей стал врачом, и так как я хорошо учился в школе, выбор пал на меня. Мама даже просила медицинскую комиссию не принимать мои документы. Но я ни разу не пожалел о своем выборе, и сейчас я врач, продолжающий активно заниматься спортом. Мой спортивный характер мне очень помог в медицине.

🧑‍🎓 После этого Марат Саршаев продолжил обучение в НИИ нейрохирургии в Москве по программе «Болашак».

👨‍⚕️Расскажите о самой длительной операции.

— Самая долгая операция длилась 13 часов. Но важнее всего для меня то, что пациент выздоровел. Мне было радостно видеть его здоровым, несмотря на все трудности, которые он пережил, и слова благодарности, которые он произнес.

👨‍👩‍👧‍👦 Марат Саршаев не скрывает, что мечтает, чтобы один из его четверых детей стал врачом.

💬
Прежде всего, они должны понять, что это сложный путь, требующий много времени и самоотдачи. Мастерство достигается только при полной преданности своему делу», — говорит врач.


📋 Интервью записала Полина Шиманская, matrica.kz.


💪ҚИЫНДЫҚҚА БЕРІЛМЕЙТІН ДӘРІГЕР: МАРАТ САРШАЕВТЫҢ ТАРИХЫ

👨‍⚕️ Президент істері басқармасы Ұлттық ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі, бірінші санатты дәрігер, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Марат Саршаев – еліміздің жетекші дәрігерлерінің бірі. Ол қазірдің өзінде үш мыңнан астам күрделі операция жасады.

📘 💬Екі жыл жоғары білікті мамандарда оқыдым. Сонымен қатар, негізі мен бағдарлама туралы радиодан естіп, құжаттарды жинап тапсырдым және Мәскеуге бардым. Содан кейін Түркияда, Францияда, Оңтүстік Кореяда, Араб Әмірліктерінде, Бразилияда біліктілігін арттырдым”, - дейді дәрігер.


📸 Әлеуметтік желіде 4 наурызда Алматыда жер сілкінген кезде ауруханада науқас адамға ота жасап жатқан дәрігерлердің қандай күйде болғаны бейнеленген фото, видеолар да тарады. Олардың сипаттамасында дәрігерлер жер дүмпуіне қарамай, өз жұмысын жалғастырып, ота сәтті аяқталғаны айтылған. Солардың бірі – нейрохирург Марат Саршаев.

🏥 Медицина саласына қалай келдіңіз?

— Орта мектепте дзюдомен кәсіби түрде айналыстым, бірақ жарыстар кезінде қолымды сындырып алдым, сол кезде спорттық мансабымды тастауға тура келді. Содан кейін әскери училищеге құжаттарымды тапсырамын деп шештім. Бірақ содан кейін ата-анам араласты - олар шынымен балаларының бірі дәрігер болуды армандады, мен мектепте жақсы оқығандықтан, таңдау маған түсті. Анам тіпті медициналық комиссияны құжаттарымды қабылдамауға көндірді. Бірақ мен олардың таңдауына ешқашан өкінген емеспін, қазір мен дәрігермін және спортпен белсенді айналысуды жалғастырамын - мен бәрін біріктіре алдым. Спортшы ретіндегі мінезім маған медицинада көп көмектесті. Ешқашан жеңіл жолдар мен мамандықтарды іздеген емеспін, мен медицинаны таңдаған кезде мен ең қиын мамандыққа – нейрохирургияға оқуға түсіп, Астанада дәл осы бөлімге медбике болып жұмысқа орналастым.

🎓 Одан кейін Марат Саршаев «Болашақ» бағдарламасы бойынша Мәскеудегі нейрохирургия ғылыми-зерттеу институтында білімін жалғастырды.

Ең ұзақ ота туралы айтып беріңізші?

— Ең ұзақ операция 13 сағатқа созылды. Бірақ мен үшін ең бастысы, науқастың сауығып кетуі мені қатты қуантқаны, тіпті олардың сол кезде айтатын алғыс сөздері де емес, ол адамның үмітсіз болса да, жылдар өткен соң маған толық сау келуі;

🏃 Бұл мамандық психикалық және физикалық тұрғыдан өте қиын болғандықтан, өзіңізді қалай формада ұстайсыз?

— Күнде таңертең мен 5.30-да тұрамын, жүгіремін - мен үшін бұл медитация мен күндегі көңіл-күй сияқты. Аптасына қырық шақырым жүгіремін, қыста шаңғы тебемін, жартылай марафонға қатысып, толық марафонға дайындалып жатырмын.

👨‍👩‍👧‍👦 Марат Саршаев төрт баласының бірі дәрігер болуды армандайтынын жасырмады.

«Біріншіден, олар бұл қиын жол екенін түсінуі керек, бұл көп уақытты, жанқиярлықты қажет етеді Егер сіз өз ісіңізге толықтай сіңген болсаңыз ғана шебер бола аласыз», - дейді дәрігер.


📝 Сұхбаттасқан: Полина Шиманская, matritca.kz

Показано 20 последних публикаций.