Министрлер, әкімдер мен депутаттар Үкіметтен 32 триллион теңге сұрапты. Мұндай "тәбет" тарихта болмаған!
Жаңа жылда маңызды қос құжат өмірге жолдама алады. Олар "ҚР Ұлттық қорынан 2025–2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заңы мен "2025–2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңы деп аталады.
Екеуі де ел тарихында ешқашан болмаған тарихи рекорд орнатады. Сарапшылар мұны "бюджеттік дағдарыс" деп бағалап отыр. Бұл депутаттарды да алаңдатуда.
Мәжіліс депутаты Татьяна Савельеваның түсіндіруінше, Парламент қабылдаған бірінші заңға сәйкес, 2025 жылы Үкімет Ұлттық қордан алдымен 2 триллион теңге кепілдендірілген трансферт алады.
"Бұған қоса, екінші заңмен бекітілген республикалық бюджет аясында Ұлттық қордан тағы 3,3 триллион теңге нысаналы трансферт қаражат алынады. Сонда келесі жылы Ұлттық қордан республикалық бюджеттің ағымдағы шығыстарына жалпы сомасы 5,3 триллион теңге жұмсалып кетеді. Ұлттық қорды дәл осылай қарқынды шығындау бұрын ешқашан болмаған! Үкіметтің Ұлттық қордан алып қоятын қаражаты қорға түсетін түсімнен көп асып кетті. Шығыс ауқымы арғы жылдарда да артады. Бұл алаңдаушылығымызды туғызып отыр. Мұндай қарқынмен Үкімет 2030 жылы Ұлттық қордың валюталық активін 100 миллиард долларға жеткізу жоспарын орындай алмайды. Бұл ретте Үкіметтің Ұлттық қор қаржысын ұтымды пайдалану уәдесі бос ұран болып қалды", – деді депутат.
Источник: https://inbusiness.kz/kz/news/ulttyk-kor-100-mlrd-dollar-mezhesine-zhete-almauy-mumkin