НҚА жобаларын әзірлеу бойынша семинар өтті
⚡️Көлік министрлігінде кезекті жалпыға бірдей құқықтық оқыту өтті, оның барысында Заң департаментінің қызметкерлері Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің әріптестеріне заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және келісу жөніндегі нормалар мен талаптардың қолданылуын түсіндірді.
🔘Семинарда Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысы қағидаларының, мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және келісу қағидаларының, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің жобаларын орналастыру және жария талқылау қағидаларының нормалары мен талаптары түсіндірілді.
Жалпыға бірдей оқыту қорытындысы бойынша құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, келісу сапасын арттыруға бағытталған тиісті ұсынымдар берілді, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу реттілігіне және оларды «Ашық НҚА» порталында орналастыруға байланысты проблемалар талқыланды.
Жалпы, семинарды өткізу нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу саласындағы практикалық білімді кеңейтуге мүмкіндік берді.
___________
Семинар по разработке проектов НПА
⚡️В Министерстве транспорта состоялся очередной правовой всеобуч, в ходе которого сотрудники Юридического департамента разъяснили коллегам из Авиационной Администрации Казахстана применение норм и требований по разработке и согласовании проектов подзаконных правовых актов.
🔘На семинаре разъяснены нормы и требования Правил законотворческой работы Правительства Республики Казахстан, разработки и согласования нормативных правовых актов подлежащих госрегистрации, а также Правил размещения и публичного обсуждения проектов нормативных правовых актов.
По итогам всеобуча сотрудникам структурных подразделений даны соответствующие рекомендации, направленные на повышение качества разработки, согласования проектов подзаконных правовых актов, а также обсуждена проблематика, связанная с последовательностью разработки нормативных правовых актов и их размещением на портале «Открытые НПА».
В целом, проведение семинара позволило расширить практические знания в области разработки нормативных правовых актов.