Candidate Kairov


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Спорт


Комментатор Ербол Каировтың авторлық телеграм-каналы;
@erbol_kairov
Instagram: https://instagram.com/footballinkz?igshid=YmMyMTA2M2Y=

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Спорт
Статистика
Фильтр публикаций


Бірінші лиганың бірінші турында тіркелген нәтижелер:

Түркістан – Шахтер – 1:2
Каспий – Akas – 3:1
Ертіс – Екібастұз – 4:0
Оңтүстік – Алтай – 0:2
Тараз – Жетісай – 1:2
SD Family – Қайрат Ж – 3:0
Хан Тәңірі – Ақтөбе Ж – 2:0

@candidate_kairov


🏟 Атырауда жаңа стадион салынады

🛠️
Құрылыс жұмыстары осы айдың соңында басталады. Аренаның сыйымдылығы 12 мың адамды құрайтын көрінеді.

✅ Стадион соғуды шетелдік компания өз мойнына алады. Бірақ отандық компаниялар да құрылыс жұмыстарына атсалысады екен.

📆 Стадион 2026 жылдың соңында пайдалануға беріледі деген жоспар бар.

@candidate_kairov


Репост из: Meta-ratings.kz
🇧🇷 Кафудың қолтаңбасы бар үш жейдені ойнатамыз!

Төмендегі шарттарды орындап, аты аңызға айналған бразилиялық футболшының қолтаңбасы бар жейдені ұтып алыңыз:

Гол емес!, Candidate Kairov және Meta-ratings.kz арнасына тіркеліңіз
✅ Осы посттың астындағы «Жейдені алғым келеді» деген түймені басыңыз

18 сәуірде арнайы бот шарттардың орындалғанын тексеріп, сыйлықтың жеңімпаздарын анықтайды. Сәттілік 🙌

🇧🇷 Розыгрыш трех футболок с автографом Кафу!

Пара кликов — и уникальный приз с подписью легендарного бразильца почти твой:

✅ подпишись на Гол емес!, Canditade Kairov и Meta-ratings.kz
✅ Нажать «Хочу футболку» под этим постом

18 апреля бот проверит подписки и назовет случайных победителей розыгрыша. Удачи 🙌


🇧🇷 ✍️ Атақты бразилиялық қорғаушы, әлемнің екі дүркін чемпионы Кафудың жейделерін ойнатамын. Жеке автографтарымен бірге.

🟪 Айтпақшы, «Миланның» аңызы Metaratings Top Awards премиясының арнайы қонағы болды.

@candidate_kairov


🏆 «Астана» клубы Дженнифер Лопестің концертіне қатысты мәлімдеме жасады

📞 Аталған шараны ұйымдастырушылар клубпен байланысқа шығып, дайындық және монтаж жұмыстарына алты күн қажет болатынын растаған екен. Сонымен қатар алғаш рет алаң төсенішін (газон) кез-келген сыртқы әсерден қорғайтын заманауи қорғаныш жамылғы орнатылады.

🇪🇺 Елордалық клубтың басшылығы УЕФА және қарсылас командамен 24 шілдеде Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде өз алаңында өтетін ойынға қатысты келіссөздер жүргізеді. Бұл «Астана Аренада» өтетін еурокубок ойыны мен әлемдік деңгейдегі концертті дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

@candidate_kairov


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Магомед Адиев ресейлік клубты тізгіндеуі мүмкін

💚 Инсайдер Иван Карповтың айтуынша, 47 жастағы маман қазір «Атыраумен» келіссөз жүргізуде.

🔚 «Пари НН» командасының бас бапкері Виктор Гончаренко жақын арада қызметінен қуылуы мүмкін. Егер оның командасы 12 сәуірде «Динамодан» ұтылса, ал Адиев «Атыраумен» келісе алмаса, Магомед Мұсаұлы «Пари НН» клубын тізгіндеуі ықтимал.

@candidate_kairov


🏆 «Астана» тағы да қаңғып қалды

🎙 1 тамыз күні Дженнифер Лопес Қазақстанда, атап айтсақ, «Астана Аренада» үлкен концерт өткізеді.

🏟 Осыған байланысты стадионды шілде айының ортасынан бастап жауып тастайды. Елордалық клуб чемпионаттың екі-үш турын және еурокубоктегі бір ойынын басқа стадионда өткізуге мәжбүр болады.

🐦 «Астана» биыл Конференция лигасындағы жорығын екінші іріктеу кезеңінен бастайды. Бұл кезеңдегі матчтар 24 және 31 шілдеге жоспарланған.

@candidate_kairov


💪 Фавориттер жеңіске жеткен тур

Қазақстан Премьер-лигасының 4-туры өз мәресіне жетті. Тек бір ойын, атап айтсақ, «Қайрат» пен «Атырау» матчы 16 сәуірде өтеді. Ал кеше қос команда шілде айына жоспарланған 16-тур ойынын өткізді.

Бұл турда кездесу фавориттері ретінде есептелген командалардың барлығы жеңіске жетті. «Ақтөбе» мен «Елімай» ірі есеп тіркесе, «Астана» мен «Тобыл» бір доп айырмасымен ұтты. «Жеңіс» қатарынан төрт матчта тең ойнады. Ал «Тұран» маусымдағы екінші жеңісіне қол жеткізді.

Сұрмергендер тізімінде айтарлықтай өзгерістер болды. Марин Томасов 4 голмен көш басында қала берді. Есесіне, 16 жастағы Дастан Сәтпаев пен «Қайсар» шабуылшысы Айбар Жақсылықов 3 голмен екінші орынға көтерілді. Гиорги Зарияның еншісінде де 3 гол бар.

Үздік ассистенттер тізімінде Томасов пен Умаев бірінші орында тұр. Екеуінде де 3 нәтижелі пастан бар.

Төртінші турда командалар бас-аяғы 23 гол соғыпты. Бұл нәтиже әр тур сайын жақсарып келеді. Үшінші турда 18, екінші турда 14, бірінші турда 11 гол соғылған.

Осы аптада (12-13 сәуір) Қазақстан кубогының матчтары өтеді. Ал ҚПЛ 5-туры 19-20 сәуірге жоспарланған.

@candidate_kairov


💚 «Елімай» Семейге оралады

🏟 Андрей Карпович шәкірттері өз алаңындағы келесі ойынын 4 мамырда ҚПЛ 7-туры аясында «Оқжетпеске» қарсы өткізеді. Дәл осы матч Семейдегі «Спартак» стадионында өтеді.

✅ «Елімай» жаңа маусымды «Астана Аренада» бастауға мәжбүр болды. Бұл жақта «Қайсар» мен «Ұлытауды» ұтты.

@candidate_kairov


👊 «Елімай» да еш қиналмай жеңіске жетті

🇰🇿 ҚПЛ, 4-тур

💚 Елімай – Ұлытау 🇰🇿 – 3:0

⚽️ Голдар: 44’ Плакка, 74’ Мулич, 90+3’ Жұмаханов

@candidate_kairov


🔴⚪️ «Ақтөбе» ірі жеңіске қол жеткізді

🇰🇿 ҚПЛ, 4-тур

❤️ Ақтөбе – Қайсар 🐺 – 4:1

⚽️ Голдар: 14’ Қайыров, 43’ Бердібек, 55’ Умаев, 75’ Өміртаев – 90+1’ Жақсылықов

@candidate_kairov


🔥 Сәтпаевтың қос голы «Қайратқа» жеңіс сыйлады

🇰🇿 ҚПЛ, 16-тур

💚 Атырау – Қайрат 🏆 – 1:4

⚽️ Голдар: 57’ Чунчуков – 51’ 54’ Сәтпаев, 71’ Станоев, 80’ Жоржиньо

@candidate_kairov


🇰🇿 Бүгін төртінші турдың қалған үш ойыны өтеді

15:00. 💚 Атырау – Қайрат 🏆
16:00. ❤️ Ақтөбе – Қайсар 🐺
17:00. 💚 Елімай – Ұлытау 🇰🇿

@candidate_kairov


Репост из: Kommentator_Maulen
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Григорий Бабаян мен журналист сөзге келіп қалды

Бұл жағдайға байланысты кімді қолдайсыз?

@kommentator_maulen


🔥 «Тұран» камбэк жасады

🇰🇿 ҚПЛ, 4-тур

🦅 Қызылжар – Тұран 💙 – 2:3

⚽️ Голдар: 36’ Гбамбле, 44’ Себай – 40’ Стасевич, 67’ Асқаров, 90’ Згурский

@candidate_kairov


«Ордабасы» жеңіске жетуді тағы да кейінге қалдырды

🇰🇿ҚПЛ, 4-тур

🏆 Астана – Ордабасы 💙 – 2:1

⚽️ Голдар: 34’ 58’ Камара – 40’ Астанов

@candidate_kairov


💙 «Ордабасы» маусымдағы алғашқы голын соқты

⚽️ Ойынның 40-минутында анау-мынау емес, көш басындағы «Астананың» қақпасынан саңылау тапты. Гол авторы – Сұлтанбек Астанов.

🤝 Бірінші таймның аяқталуына бірнеше минут қалды. Әзірге есеп – 1:1.

@candidate_kairov


👊 «Тобыл» матч соңында жеңісті жұлып әкетті

🇰🇿 ҚПЛ, 4-тур

🐴 Оқжетпес – Тобыл 💚 – 0:1

⚽️ Гол: 90+3’ Зуев

@candidate_kairov


«Оқжетпес»-«Тобыл» ойыны Qazaqstan Football League версиясы бойынша Қостанайдың «Тобыл Арена» манежінде өтіп жатыр.

Көкшетаудан жасалып жатқан трансляциясы кезінде (69 минут) кенеттен картинка ауысты.

Көрермендер көкшетаулықтардың капитаны Нияз Ыдырысовтың неліктен қызыл қағаз алғанын түсінбей қалды.

@candidate_kairov

Показано 20 последних публикаций.