⏱️ Бюджеті дағдарысқа ұшырап, Ұлттық қоры тесік шелекке айналған Қазақстанға да бір Маск керек
Дональд Трамп америкалық миллиардер Илон Маскты министр етіп тағайындады. Ол тағы бір америкалық кәсіпкер Вивек Рамасвамимен бірге Мемлекеттік басқару тиімділігі департаментінің арнайы құрған басқармасына басшылық ететін болды.
Жаңа қызметке Маск кездейсоқ таңдалып алынбаған. Hargreaves Lansdown компаниясының қаржы және нарықтар бөлімінің басшысы Сюзанна Стрит бюрократиялық былық-шылықтан арылу міндетін технологиялық инновациялардың алдыңғы қатарында тұрған Маск компаниясы жақсы атқара алады деп санайды.
Айта кетсек, сайлау басталған күннен бастап осы аптаның дүйсенбісі аралығында электр көліктерін өндіруші компанияның бағалы қағаздары 35%-дан асаға қымбаттап, Investing.com-ның есептеуінше, Масктың байлығы шамамен 70 миллиард долларға өсті.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalafinance

Трамп бұл екі адамның үкіметтегі ЫСЫРАПШЫЛДАРМЕН күрсетінін мәлімдеді, деп жазады Reuters. "Мұндайда жүйеде сілкініс болады, өйткені үкіметте ысырапшылдыққа қатысты адам көп", деп CNN Масктың сөзін келтіреді.
Жаңа қызметке Маск кездейсоқ таңдалып алынбаған. Hargreaves Lansdown компаниясының қаржы және нарықтар бөлімінің басшысы Сюзанна Стрит бюрократиялық былық-шылықтан арылу міндетін технологиялық инновациялардың алдыңғы қатарында тұрған Маск компаниясы жақсы атқара алады деп санайды.
"Бюджет тапшылығы дағдарысына ұшырап, Ұлттық қоры (биыл бюджет тапшылығын жабу үшін қордан 6 трлн теңге алынған) тесік шелекке айналған Қазақстанға да осындай бір адам қазір ауадай қажет болып тұрғаны. Сондықтан ысырапшылдармен күреспек Маскқа қазақтардың да назары ауып, бұл реттегі жаңалықтарды жібермей қарары хақ. Себебі мұндай істі дөңгелету біздегі жаңа Қазақстан Үкіметі басына арнайы алдыртылған бұрынғы Антикор басшысының қолынан келмей жатқаны...", деп жазады DALA FINANCE.