Narkes


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Лингвистика


Имам Әбу Ханифа (оған Алла разы болсын!): «Араларыңда хадиске көңіл бөлетін (хадисті талап ететін) адам жүрген уақытта, адамдар әрдайым игілікте, жақсылықта болады.

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Лингвистика
Статистика
Фильтр публикаций


Репост из: Ақида дәрістері
Адамдарды ақиқатпен қабылда. Ақиқатты адамдармен қабылдама.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
“Әйелді еркектің қабырғасынан” жаратты деген сөзді талқыға алып жатқанда Християндар былай дейді. ))


Мунафиқ - тілдік мағынада: “сырты бөлек, іші бөлек” деген мағына береді.

Шариғи тұрғыда екіге бөлінеді:
1. Иман + мунафиқ: сырты мұсылман, іші күпір.
2. Амалы мұнафиқ: мұнафиқтердің амалын жасаушы мұсылман.

Нузхатул муттақин. 1586 хадистің шархы


“Семіздікті қой ғана көтереді”, бұл мақал тек дүниеге айтылған деп көбісі ойлайды. Бірақ бұл өмірде дүниеден бөлек оның алтернативасы бар. Ол - атақ-даңқ.

Ілім жолында жүрген адам медресе, универін бітіріп келгенде Алла Таға оған бір абырой беріп қояды. Қызметке кіріп, айналасына жамағат жинала бастайды. Жамағаттың көңілінен шықса, жамағат оны көтере бастайды. Оның аты сол қалаға тарай бастайды. Көргені тек құрмет, отырғаны кафе болады. Бұрын соңды көрмеген құрметті, әкімдер, байлар көрмеген құрметті көре бастайды. Ия, бұл құрметтің барлығын Алла береді. Бұл да бір нығмет.

Енді осы нығметті көтере алатындар бар, көтере алмайтындар бар:

1. Көтере алатындар - “Бұл Алланың берген нығметі”, “Бұлар мені емес, ілімді құрметтеп жатқан адамдар”, “Мені Алла осы жолға қызмет етсін деп таңдады”, “Мен емес жасап жатқан, Алла жасатып жатыр”, “Мен тек Алланың дінін хикметпен жеткізушімін”, “Басқа қызметкерлерден ешқандай айырмашылығым жоқ” және т.б осындай ниетпен өзін түзетіп жүреді.
2. Көтере алмайтындар - өзінің ғана амбициясын ғана ойлайды. Жамағаттың құрметіне мастанып, “мен құрметке лайықпын” деген оймен өзіне иемденіп алады. Қасындағы қызметкерлерді менсінбей, оларға жоғарыдан қарайды. “Мен жасап жатқан”, “мен болмасам сендер адасасыңдар” деген менмендік оймен жүреді. Және т.с жаман ниеттер, ойлармен жүреді.

Сен Аллаға керек емессің, Алла саған керек. Берілген қызметке басыңды иіп жаса. “Сен болмасаң Алла сенен де сұлу, сенен де ақылдыға беріп жасатады”. Бұл қызмет тек Алланың разылығы үшін жасалады. Барлығымыз кемшіліктен пәк емеспіз. Аспаннан түс! Барлығы кітаптағыдай бола бермейді.


يُؤۡتِي ٱلۡحِكۡمَةَ مَن يَشَآءُۚ وَمَن يُؤۡتَ ٱلۡحِكۡمَةَ فَقَدۡ أُوتِيَ خَيۡرٗا كَثِيرٗاۗ وَمَا يَذَّكَّرُ إِلَّآ أُوْلُواْ ٱلۡأَلۡبَٰبِ

• Аль-Бакара:269

Ол хикметті (даналықты) қалаған пендесіне нәсіп етеді. Кімге даналық берілген болса, расында, оған қыруар игілік берілгені. Алайда (бұл ақиқатты) тек шынайы ақыл иелері ғана терең түсініп, ғибрат ала алады.


Алладан тауфиқ, тура жол, көмек сұраймыз.


Бұрынғы даналар: «Егер сен қарныңның қалауына еріп, арсыздыққа құмар болсаң, біліп қой! Саған қарата айтылған жаман сөздердің бәрі – әділ», – деген екен.


Байлықта, жағдайда, денсаулықта өзіңнен төмен болғандарға қара.
Дінде, ілімде, абзалдықтарда өзіңнен жоғары болғандарға қара.

Ибн Хазм.


Өмірімде бірінші рет өте тез өтіп кеткен Рамазанды көрдім. Сол уақытты кеземіз деп ойламаппын. 😢


Бұл хадиске амал жасайын деп жатқандар бар ма?


Мықты махаббат бірге жоспар құрғанда, жоспарды бірге орындағанда, бірге жаудан қорғанғанда, мейірім мен сыйластыққа толы болғанда пайда болады. Осылар орындалғанда жүректер байланады. Олар бірін бірі алсытан естиді. Сөзсіз түсінеді. Осылардың барлығын адам дүние үшін емес, атақ үшін емес тек Алла разылығы үшін орындаса бірбірінің қолдарын ұстап Алланың берген нұрдан жасалған минбарында отырады. Оған пайғамбарлар, әулиелер, шахидтер қызыға қарайды.


Ақымақ достан, ақылды жау артық.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
❌Тек 20 ракағат қана емес.
✅Тарауйх 20 ракағат және 20 қырағат.

Әл-Азхар мешіті

- رواية حفص عن عاصم.
• رواية شعبة عن عاصم.
• رواية قالون عن نافع.
• رواية ورش عن نافع.
• رواية قنبل عن ابن كثير.
• رواية البزي عن ابن كثير.
• رواية الدوري عن أبي عمرو.
• رواية السوسي عن أبي عمرو.
• رواية هشام عن أبن عامر.
• رواية ابن ذكوان عن أبن عامر.
• رواية خلف عن حمزة.
• رواية خلاد عن حمزة.
• رواية الدوري عن الكسائي.
• رواية أبي الحارث عن الكسائي.
• رواية ابن وردان عن ابي جعفر.
• رواية ابن جماز عن ابي جعفر.
• رواية رويس عن يعقوب.
• رواية روح عن يعقوب.
• رواية اسحاق عن خلف.
• رواية ادريس عن خلف.


وَأَن لَّيۡسَ لِلۡإِنسَٰنِ إِلَّا مَا سَعَىٰ
• Ан-Наджм:39

Әр адам өз еңбегінің ғана қарымын алады.


“Рамазанның жартысы өтті мені әлі ешкім ауызашарға шақырмады” деп бақытсыз болып жүрсің бе?

Біліп қой ауызашарлар енді басталады.))


“Егер әйел үндемесе отбасыны ешкім бұза алмайды” - депті бір данышпан.


Сахабалардың ісін Алла Тағала Құранда былай сипаттаған:

وَإِذَا سَمِعُواْ ٱللَّغۡوَ أَعۡرَضُواْ عَنۡهُ وَقَالُواْ لَنَآ أَعۡمَـٰلُنَا وَلَكُمۡ أَعۡمَـٰلُكُمۡ سَلَـٰمٌ عَلَيۡكُمۡ لَا نَبۡتَغِى ٱلۡجَـٰهِلِينَ
әл-Қасас: 55

Олар бос (ғайбат), бейәдеп сөз естігенде, сырт айналып: «Біздің істеріміз өзімізге, сендердің істерің өздеріңе. Біз сендерге тек жақсылық пен есендік тілейміз. Әйтсе де, біз (Алладан безген) надандарға жақын болуды қаламаймыз», – деп айтады.


Рамазан айында шайтандар кісенделеді. Бірақ адамдардан болған шайтандар бостандықта. Ортаңды таңда, тазарт!

ٱلَّذِي يُوَسۡوِسُ فِي صُدُورِ ٱلنَّاسِ
• Ан-Нас:5

адамдардың көкірегіне уәсуәса салатын (әзәзіл шайтанның кесірінен сақтай көр деп сиынамын деп айт),

مِنَ ٱلۡجِنَّةِ وَٱلنَّاسِ
• Ан-Нас:6

(Ондай әзәзіл шайтан) жыннан да, адамдардан да (шығады).


"8 наурыздың тарихын жаман екенін барлығымыз білеміз, бірақ аналарымыз, әпке-қарындастарымызға сол күні сыйлық берсек қалай болады? Қарым-қатынасымыз күшейеді ғой!" - деп сұрақты қойып жатыр. Ізгі іс жақсы тарихтан басталмайды ма?!


Терең ілімдер мықты дәрі сияқты.
Күшті ағзаларды мықтылайды, әлсіз ағзаларды құртады. Тура сол сияқты күшті ақылды сапалы қылады, барлық апаттардан сақтайды. Және әлсіз ақылды құртады.


Надандарға ілімді жеткізу оларды бұзады.
Тәттіге аллергиясы барға бал берген сияқты, иістерге басы ауыратындарға миск жаққан сияқты.

Ибн Хазм


Құран - Муғжиза.
Мағынасы: әлсіретуші. Барлық нәрседен үстем, ештеме одан асып түсе алмайды, оның жанында барлығы әлсіз.

Показано 20 последних публикаций.