Данияр Кенжеұлы (екінші парақша)


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Блоги


Бұл парақшада өзімнің жеке ойларым, сыни пікірлерім мен оқыған шығармаларым жайлы бөлісіп отырамын.
Негізгі білімге қатысты парақшам осында: ➡️ t.me/mauaranahr

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Блоги
Статистика
Фильтр публикаций




«Мен жастарға сенемін» деген бір ауыз сөз бар. Бұл сөзді бүгінде бәріміз қолданамыз. Мағынасы терең. Салмағы ауыр. Бірақ бұл сөзді кім айтты, не үшін айтты деген сұраққа бүгін жауап бере алмайтындар көп. Кейбірі бұл сөзді ұран етіп айтады. Кейбірі сылтау қылып қолданады.

Мағжан бұл жолды сеніп тапсыру үшін айтты. Ол өзі иықтап келе жатқан жүктің қаншалықты ауыр екенін сезді. Алаш идеясы, ұлттың еркіндігі, тіліміз, дініміз, жеріміз — бәрі мойнында тұрды. Бірақ сол мақсаттар орындалмай қалды. Кесіліп түскен жоқ. Жеткізілмей тоқтады. Сол үшін Мағжан бұл сөзді ертеңгі ұрпаққа қаратып айтты. «Мен жеткізе алмадым. Енді сен жалғастыр» деді. Жауапкершілікті өткізіп берді.

Ал біз ше?

Біз бұл сөзді қай кезде қолданамыз? Әркім өз міндетін ұмытқанда. Ұлт үшін, дін үшін бір адым жасамаған адам да айтады. «Мен жастарға сенем» дейді. Істемеймін, бірақ жастар істесін деген сөздің сұлу нұсқасына айналдырып алғанбыз. Жеткізе алмай кеткен істі тапсыру — ар. Істемеген істі тапсыру — айла.

Мағжан бұл сөзді сеніп тапсырды. Біз оны жауапкершіліктен жалтарудың құралы етіп алған жоқпыз ба?

Сенем десең ең алдымен өзіміз істейік. Сонда ғана сенім сөзі шынайы болады. Сонда ғана кейінгі буын біз айтқан сөзге сенеді.


ремонтада ❌
ремонт надо?✅

Шал кет!😀


Жүрекпен сезіп тұрмын
бүгін римонтада иісі шығып тұр…😉


Айша анамыз (رضي الله عنها) риуаят етеді:

Хабиб ибн Харис Алланың Елшісі ﷺ-ға келіп:

— Уа, Расулаллаһ! Мен — күнәні жиі жасайтын, нәпсісіне әлсіз пендемін, — деді.


Пайғамбарымыз ﷺ оған былай деді:
— Онда, уа, Хабиб, Алла ﷻ-ға тәубе ет!


Хабиб:
— Бірақ мен тәубе етем де, қайта сол күнәларыма оралып қоямын…


Сонда Алланың Елшісі ﷺ:
— Сен әр күнә жасаған сайын Алла ﷻ-ға тәубе ете бер, - деді.


— Онда менің күнәм тым көбейіп кетпей ме? — деп сұрағанда


Пайғамбарымыз ﷺ:

— Бірақ Алланың ﷻ кешірімі сенің күнәңнен де мол, уа, Хабиб ибн Харис, деп жауап қатты.


(“Хилятул Әулия” — Дәйләми)


Не болсада сәрсенбі күні ұйқы жоқ. Интрига бола ма🥲🤫


Күні кеше тағы бір кітап бітті. Бірақ мен әлі соның ішінде жүрмін. Әр сөйлем, әр абзац ішімде бір сыз болып қалғандай. Бұл жолы жай ғана аударып не құрастырып қойған жоқпын. Өзімнің де ішкі үнім араласып кетті. Кей беттерде өзімді танымай қалдым, кей жерлерде ішімдегіні бірінші рет қағазға түсіргендей толқыдым. Мен жазушы емеспін. Әдебиетші де, философ та емеспін. Бірақ осы жолы жүрегім жаза бастады. Бұл жай еңбек емес. Бұл жанның көшірмесі сияқты.


Әркім өзі біледі. Әркім өзі шешеді. Бірақ кейде жалғыз шешім – қате шешім.


Әйел ешқашан жылағысы келмейді. Әйел ешқашан жалғыз қалғысы келмейді. Бірақ кейде ол таңдамайды. Тек аман қалу үшін, жүрегін алып қалу үшін соңғы амалын жасайды. Бұл — әлсіздіктің емес, аман қалудың тәсілі. Сондықтан, егер бір күні бір әйел үнсіз кетіп бара жатса, оның қанша түн үндемегенін ешкім өлшей алмайды...


Соңғы екі айда әйел затына Алла берген сабырдың шынайы табиғатын жүрекпен түсіндім. Шын айтам. Расында, әйел — әлсіз емес, ең МЫҚТЫ жаратылыс. Мықтылығы — үнсіз шыдамында, іркіліп қалған сөзінде, іштей езіле тұрып, сырттай жымиған қалпында.


Шариғат еркекке қорған бол деді. Бірақ бүгінде кей ерлер сол қорғанның көлеңкесіне тығылып алған. Әйел бәрін жасайды. Ер тек ренжиді. Әйел бәрін кешіреді. Ер тек сынайды. Әйел бәрін көтереді. Ер тек үнсіз тұрады.

Сонда ше? Бұл әділет пе?

Жоқ. Бұл жаралы әйелдің өзімен күресіп, күйеуін де, үйін де алып қалуға тырысқан бейнесі. Бірақ бұл ұзаққа бармайды. Себебі әйелдің де жүрегі бар. Ол да құлайды. Ол да босайды. Сосын бәрі кеш болады...


Екі сурет арасында 10 жыл

Он жыл ішінде адам көп нәрсеге жетпейді. Бірақ артық ойдан, артық сөзден, артық дәлелдеуден алыстай бастайды. Бұрын сөйлегісі келетін тақырыптарға қазір қарағысы да келмейді. Себебі ілім жиналған сайын пікір азаяды.

Осы екі суреттің арасында кітап та, ұстаз да, сәтсіздік те бар. Бірақ бәрінен бұрын сенімнің пісуі бар. Бұрын айтқың келетін нәрсеге қазір күліп қарайсың. Бұрын білем дегеніңе қазір үндемейсің. Себебі кей білім сөзге емес, үнсіздікке апарады.


...Сондықтан, ер-азамат, егер әйелің үйде отырса, ол «ештеңе істемей отыр» деген сөз емес. Ол ең жауапты орында отыр. Ол сен кеткенде үйдің амандығын, балаңның күлкісін, анаңның көңілін, тіпті өзіңнің шаршаған бетіңді күтіп отыратын жалғыз жан. Сондықтан оған қарай салмақты сөз айт. Үйдегі жұмысты «қызмет емес» деп қабылдама. Қайта сол тыныш үйге кіріп келе жатқаның үшін, сол мейірге оранып шай ішіп отырғаның үшін Аллаға шүкір ет. Әйелдің үйде отырғаны – сенің де бақытың екенін ұмытпа.


Салыстыру деген біреудің жақсысын көру емес. Ол өзіңнің бар нәрсеңді жек көре бастау...


Сен әлсіз емессің. Тек ұзақ күткенсің. Енді күту емес, сенуді үйрен. Алла сені тастап кеткен жоқ. Сен ғана сәл алыстап қалдың. Бірақ кері қайту үшін ұзақ жол жүрмейсің. Тек бір дұға, бір тыныш сәт, бір шынайы ниет жеткілікті.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Чат жипити МҰСЫЛМАН😲


Веткаға кіріп қалсам, бәрі жап-жақсы жазады екен. Жазбаларында бірізділік бар, пунктуация өз орнында. Бұрын ң мен н-ді ажырата алмай, “баратрм” “кактасын” деп жүретіндер қазір нағыз әдебиетші болып кеткен ғой😀. Бұл не ғажап? Сөйтсем, бәрі Чат ЖИ-дің құдыреті екен ғой.😀

Әй, қыздар, балдар! ЖИ-ге тым арқа сүйеп кетпеңдер, осылай кете берсеңдер топастанасыңдар.


"Қара түннің ішінен бір үн естілді. Ол үн – әйелдің үні емес. Бұл Алланың әділеттілікпен сөйлеген үні. Ол үн – әйелге «Сен адамсың» деді. «Сенің де еркіндігің бар» деді. «Сенің де қадірің бар» деді. Және сол үн – тарихты өзгертті..."


Көөп әйелге таныс сезім бе?


"Бала кезден бастап құлағымызға құйылған сөздер — біздің ішкі сенімімізге айналды. "Қыз балаға ұят", "Күйеу – қожайын", "Әйел — қызмет етуші" деген сөздер түсіндірусіз, махаббатсыз, мейірімсіз айтылғанда, міндетке емес – зорлыққа айналып кетеді. Содан кейін әйелдің санасында: "Мен еркін емеспін. Мен тек басқалар үшін өмір сүріп жүрмін" деген ауыр сезім орнығады."

жазып жатқан кітабымнан үзінді...

Показано 20 последних публикаций.