Репост из: Қазақстан Бас прокуратурасы
Алматы қаласында «Sim-Box» жабдығынпайдалану әрекеті кезекті рет тоқтатылды
Бүгін Алматы қаласының прокуратурасының үйлестіруімен құқық қорғау органдары мен байланыс операторларының бірлескен іс-шаралары барысында «Киберпол» бөлімшесінің қызметкерлері «Sim-Box» жабдығын заңсыз пайдалану фактісін анықтады.
Жедел іс-шаралар барысында абоненттік нөмірлерді ауыстыру, жаппай қоңырау шалу және хабарламалар тарату үшін арналған жабдық шетелдік азаматтың жалдамалы пәтерінде болғаны анықталды.
Тексеру кезінде «Sim-Box» жабдығында қазақстандық ұялы байланыс операторының 120-дан астам SIM-картасы орнатылғаны белгілі болды.
Күдікті бұл жұмысты әлеуметтік желілер арқылы тапқанын және желтоқсан айының басында белгісіз тұлғалардан нұсқаулар алып, жабдықпен бірге Алматы қаласына келгенін айтты.
Аталған фактіге байланысты ҚР ҚК 213-бабы (Абоненттік құрылғының идентификациялық кодын өзгертетін бағдарламаларды заңсыз пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ағымдағы жылдың қарашасынан бері бұл «Sim-Box» жабдығын пайдалану бойынша анықталған үшінші жағдай.
Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды сақ болуға, оңай ақша табуды уәде ететін күмәнді жұмыс ұсыныстарынан бас тартуға және күдікті әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
Алматы қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty/press/news/details/908670?lang=kk
🌐 https://t.me/GenPr
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП