кстати, ҰБТ тапсыратын түлектерге:
1.ДИСЦИПЛИНА
Қазір сендерге қажет дүниелердің бірі. Күнделікті,үздіксіз сабақ оқыңдар,дайындалыңдар. Дисциплина болсын. Бір күн оқып,екінші күні тастап кетіп, ҰБТ-да жоғары балл жинаймын деп ойламаңдар.
"Аз-аздан үздіксіз"
2. ЖОСПАР
Иә,жоспар бір болмағыр дүние болып көрінгенмен, жоспар құру маңызды. Жоспар құру-сендердің дайындықтарыңды жеңілдетеді. Бірақ,жоспар құр деді екен деп бір күнге 1045 істерді жазып тастау қате. Барлық пәнге аз-аздан жоспар құрыңдар. Жүйелі жоспар болуы керек.
3. ЕРТЕ ТҰРУ
Таң ризығы,таң несібесі деген нәрсе бар. Таңертең оқылған дүние негізі эффективті. Өзім түнде отырып сабақ оқуды жек көретінмін, керісінше 22:00-23:00 арасында ұйықтап, ерте тұрып,сабақ оқуға тырысатынмын. Онымен қоса,түнде сабақ оқу денсаулыққа да зиян + уақыт ұтасыңдар. Түнде ұйқың келіп,ұйқы қысып отырып,не оқып,не қойғаныңды білмейсің.
5. БАЛАНС
1 күнде 2 пән емес,4 пәнді бірге оқуға тырысыңдар. Уақыт жоқ,уақыт таппаймын деген сылтау жәй ғана. Егер адам реально сол нәрсені қаласа,ол уақыт табады. + Сабақ оқығанда "осыдан құтылайыншы" деген ниетте оқымаңдар)) тақырыпқа шын көңілде мән беріп, түсініп оқуға тырысыңдар. Сонда естеріңде жақсы сақталады.
6. УАҚЫТ ӨЛТІРУ
Сендердің уақыттарыңды босқа алатын заттар: инста/тик ток/мектептегі активилер.
Ия инста/тик ток қызық, бірақ инста/тик ток қараймын деп 4 жыл тегін оқу+степендия+керемет студенттік өмір+ ата ана мақтанышынан айырылып қалмаңдар. Мектептегі активитидің бәрінен бас тартыңдар. Мен мектепте сыныптастарымның ойын-күлкілерінен өзімді аулақ ұстайтынмын. Сыныптастарым ҰБТ-ға жеңіл қарайтын. Мен жоқ, олар әңгіме айтып отырса, наушник тағып, Нейроағылшын сабақтарын қайталап қарап отыратынмын,2 деңгей тапсырмасын орындайтынмын,мс есеп шығаратынмын. Даже 25 майда уақытымды алады деп вальске қатыспадым. Вальске күн сайын -1;1.5 сағат. Ал мен үшін ол кездері уақыт құнды болды. 3 минуттық би үшін, гранттан айырылып қалғым келмеді.
7. СЕНІМ ЖӘНЕ ДҰҒА
Өздеріңе сеніңдер, ҰБТ-дан өте алмаймын,төмен балл жинаймын, грантқа түспеймін,қолымнан дым келмейді деген сияқты ойлардан аулақ болыңдар. Саған бұйырған нәрсе ешқайда кетпейді. Әрбір еңбек ақталады.
Дұға жасаңдар, салауат,истиғфар, зікір көбіреек айтыңдар. Алладан хайрлысын беруді сұраңдар.
барлықтарыңа сәттілік, бұл кішігірім сынақтан да өтесіңдер әлі-ақ❤️