𝐃𝐔𝐑𝐘𝐒 𝐉𝐎𝐋 | ЕСКЕРТУШІ !


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


📌 | ЕСКЕРТ ! ЕСКЕРТУ МҮМІНДЕРГЕ
ПАЙДА БЕРЕДІ •(ӘЗ-ЗАРИЯТ 55 АЯТ)
Инстаграм парақшамыз:
https://www.instagram.com/durys.jol?igsh=ODV6Zng1cGR5aWxj&utm_source=qr

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Бұл сөздер ауыр болып көрінуі мүмкін, бірақ шындық әрдайым жұмсақ болмайды. Кейде ескерту – ояту үшін қажет. Өмір өткінші, ал ақырет мәңгі. Сол үшін біз өзімізді есепке алып, ақиқатқа бет бұруымыз керек. Себебі ең үлкен өкініш – кеш түсіну.


Шындық ауыр болуы мүмкін, бірақ ескертусіз келген өкініш одан да ауыр.


Дүние үшін қаншама уақыт, күш, еңбегіңді жұмсадың. Арманың үшін талай тер төктің. Бірақ сол еңбегің ақыретіңе не әкеледі? Байлық, атақ, мансап – бәрі осы өмірде қалады. Ал мәңгілік сапарға не дайындадың? Себебі нағыз өмір – осы дүниеден кейін басталады...




Әр кеш сайын көзіңді жұмғанда, ертең қайта ашатыныңа сенесің. Бірақ бір күні сол сенім ақталмауы мүмкін. Өлім – күтпеген қонақ, ол есікті қақпайды. Сол сәт келгенде, дайын боласың ба? Егер бұл түнің соңғы түнің болса, Раббыңмен қай күйде кездесер едің?




Бұл дүниеде намазға уақыт таппауға түрлі сылтау айта аласың. Бірақ қабірде ешқандай ақталу болмайды. Уақыт жоқ емес, жүрек қаламады. Телефонға, адамдарға, дүниеге уақыт таптың, бірақ Раббыңа емес. Ертең қабірде «уақытым болмады» деп айта алмайсың. Сондықтан, мүмкіндік барда намазыңды оқы, себебі бір күні сен емес, сен үшін топырақ сөйлейді.






Пайғамбарымыз (ﷺ) айтты:
“Қиямет күні күн адамдарға бір найза бойындай (шамамен 1 метр) жақындайды, сонда адамдар терге батады. Әркімнің тері жасаған амалдарына қарай болады.” (Муслим, 2864-хадис)


1. Қиямет күні күн адамдарға қаншалықты жақындайды?
Опрос
  •   Күн өз орнында қалады, тек жарығы күшейеді.
  •   Күн адамдардың басына 1 метр қашықтыққа жақындайды.
  •   Күн жерге тиіп, бәрін өртейді.
143 голосов


Иә, бірақ сынақтардың сыртқы көрінісі әртүрлі болуы мүмкін. Біреудің байлыққа, біреудің кедейлікке сыналуы әділетсіздік емес. Себебі сынақтың мәні – адамның оған қалай жауап беретіні.

Біреу байлықпен сынаққа түседі – оны дұрыс жұмсай ала ма, әлде сараңдыққа салына ма?

Біреу кедейлікпен сыналады – сабыр ете ала ма, әлде наразылық білдіре ме?

Алла ешкімге көтере алмайтын сынақ бермейді:
“Алла ешбір пендеге шамасы жетпейтін жүк артпайды” (Құран, Бақара сүресі, 286-аят).

Сондықтан, өмірдегі сынақтарды Алланың әділдігі мен даналығы деп қабылдау керек. Сынақ – иманды күшейтетін бізге берілген үлкеен мүмкіндік.


2) Адамның сынақтары әділ түрде бөлінген бе?
Неге кейбір адамдар өмірде өте ауыр сынақтарға ұшырайды. Мысалы аштық,ауру,отбасымен сыналу деген сияқты???


Алланың мейірімі шексіз, бірақ Оның әділдігі де кемел. Егер әділет болмаса, жамандықтың жазасы, жақсылықтың сыйы да болмай қалады.

Мысалы, егер бір адам өмір бойы адал, әділ өмір сүрсе, ал екінші адам зұлымдық жасап, ешқандай жаза алмаса, бұл әділетсіздік болар еді. Тозақ – әділеттіліктің бір көрінісі. Бірақ Алла адамға кешірілу мүмкіндігін молынан береді, тек тәубе етіп, тура жолға түсу қажет.


1) Алланың мейірімі шексіз болса, неге тозақ бар?


Ассаляму алейкум, құрметті оқырмандар!

Қалайсыздар? Біздің парақшамызға оқырмандарымыз бірнеше сұрақ жолдапты. Сол сұрақтарға жауап бере кетсек. Ин Ша Аллаһ, бұл жауаптар сіздер үшін пайдалы әрі түсінікті болады деп үміттенеміз.


Оқып отырған жан, бәрі де керемет болады, Ин Ша Алла.

Жоспарымыз міндетті түрде орындалады Алланың қалауымен.. Тек тоқтама!

@durys.jol 🕊️


Осымен сұрақтар аяқталды. Баршаңызға пайдалы болды деген ойдамын 🫂✨


23. Қай пайғамбар “ең сабырлы пайғамбар” деп аталады?
Опрос
  •   Аюб (ғ.с.)
  •   Нұх (ғ.с.)
  •   Юсуф (ғ.с.)
466 голосов


22. Қай сүреде ата-ананы құрметтеу туралы ерекше айтылады?
Опрос
  •   Әл-Бақара
  •   Әл-Исра
  •   Әл-Фатир
450 голосов


21. Құранда адам баласына ең жақын не деп айтылады?
Опрос
  •   Күре тамыры
  •   Періштелер
  •   Оның жүрегі
459 голосов

Показано 20 последних публикаций.