📲 eGov Mobile мобильді қосымшасында «Кредиттік және сақтандыру тарихы бойынша нұсқаулық» жаңа сервисі іске қосылды
Енді пайдаланушылар өздерінің несие алу және сақтандыру тарихын қадағалап, жалпы кредиттік қабілеттілік деңгейін онлайн бағалай алады. Сервис келесі бөлімдерден тұрады:
• «Кредиттеу»;
• «Сақтандыру».
🖇️«Кредиттеу» бөлімінде пайдаланушының соңғы бес жылдағы несие алу тарихы туралы есеп, белсенді несие міндеттемелері мен скорингтік балл (скорингтік балл – пайдаланушының несие қабілеттілігінің деңгейін көрсететін көрсеткіш) ұсынылады. Скорингтік балл тек ақпараттық сипатқа ие және пайдаланушылар үшін оның кредиттік мінез-құлқын бағалауға арналғанын айта кету керек.
📎«Сақтандыру» бөлімінде пайдаланушыға бұрын жасалған сақтандыру шарттары мен полистері туралы жалпы есеп, сондай-ақ міндетті автосақтандыру құнына әсер ететін бонус-малус класы туралы ақпарат қолжетімді.
🌟Айта кетейік, жаңа сервистің барлық функциялары тегін беріледі.
Толық ақпарат: eGov.kz