📲 Енді eGov Mobile қосымшасының пайдаланушылары көлік құралының иелену тарихы туралы ақпаратты ала алады. Бұл ақпарат алу процесін айтарлықтай жылдамдатып, автокөлік сатып алу кезінде тәуекелдерді азайтуға көмектеседі.
🖇️Сервис көлік құралының ҚР аумағында алғашқы тіркелген күні, кепіл немесе ауыртпалықтың болуы, сондай-ақ алдыңғы иелерінің жалпы саны сияқты көлік құралы туралы толық ақпаратты тексеруге мүмкіндік береді. Бұл ретте алдыңғы иелердің жеке деректері құпия болып қалады.
⚙️Қызметті пайдалану үшін қосымшада автокөліктің мемлекеттік нөмірі мен техникалық паспорт нөмірін енгізу жеткілікті. Осыдан кейін пайдаланушыға көліктің толық мәліметтері, соның ішінде маркасы, шығарылған жылы, қозғалтқышының көлемі, шанақтың түсі және қосымша жабдықтардың болуы ұсынылады.
Толық ақпарат eGov.kz сайтында