біздің амбициямыздың жоғары болуы қуантады, бұл біздің ілгері жылжуымыз үшін керек нәрсе деп ойлаймын. бірақ кейде, біз дамыған елдерге ғана назар аударып, бізден жағдайы нашар елдер, халықтар бар екенін естен шығарып қалып жатамыз.
мысалға, Бангладеш елінің араб тілінде
“بابنا" деп аталатын ауылында, жаңбырлы аймақ болғасын жер бетіне мектеп тұрғызу қолайсыз. сол, себепті өзен үстіндегі қайықта оқудан басқа амалдары жоқ. Деректі видеодағы балалар: “Жоғарғы оқу орнына түсетін бір ғана жол бар, ол осы” деген сөздері жүрекке батады…
иә, мүмкін бізде жағдай күшті емес шығар, анық қанығын білмеймін, бірақ жоғары келтірілген жағдайдан әлдеқайда жақсы екеніне сенемін. қолда барға қанағат болған кезде, қолда бар дүниелер өз жемісін бере бастайды.
мысалға, үлкен бау-бақшадағы жемісті ағаштар, бір үлкен жемісті ағаш өсіп, соның жемісінен тараған ұрықтар(дән). қолдағы өскісі келіп тұрған жеміс ағаштарына өсуге мұрша берейікші, кесіп тастауға дайын тұрмай…
айтқым келгені, қолдағы бардың қадірін білейікші, және қолдағы барды гүлдендіре білейікші…шынтуайтында шүкіршілік сөзбен емес, іспен…
қолдағыны көрмей, тек өзгенікін көріп, өзіндегі барды сезбейтін жандардың қатарынан болмауымызды нәсіп қылсын…