Ескертуші


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


Басты арна
https://t.me/birrrpende

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Жақында арна өшірілуі мүмкін 🙂(әлеуметтік желілерге байланысты)
Осы арнада боламын 📝

https://t.me/birrrpende


Репост из: ulgili_soz✨
Оқу бітіргелі жатқан ізгілер, емтихандардан сәтті өтіңіздер!
Студенттергеде Алла жоғары баллмен сессияларын аяқтауды нәсіп етсін!

©жеке Автордан🍃


Әс сәләму әләйкум оқырмандар!
Қалайсыздар?)


26.Әл-Музиллу المُذِلُّ
Дәрежені төмендетуші

قُلِ اللَّهُمَّ مَالِكَ الْمُلْكِ تُؤْتِي الْمُلْكَ مَنْ تَشَاءُ وَتَنْزِعُ الْمُلْكَ مِمَّنْ تَشَاءُ وَتُعِزُّ مَنْ تَشَاءُ وَتُذِلُّ مَنْ تَشَاءُ بِيَدِكَ الْخَيْرُ إِنَّكَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ 
«Уа, Алла! Биліктің Иесі! Билікті қалағаныңа бересің, қалағаныңнан аласың. Қалағаныңның даңқын асырасың, қалағаныңның дәрежесін төмендетесің. Ізгілік Сенің қолыңда, расында Сен әрбір нәрсеге құдіреттісің» (Әли Имран, 26)


Қайталау саны: Күніне 770 рет

Ниет: Дұшпандарды жермен-жексен ету


25. Әл-Муъиззу المُعِزُّ 
Даңқты асырушы, жеңіс беруші

قُلِ اللَّهُمَّ مَالِكَ الْمُلْكِ تُؤْتِي الْمُلْكَ مَنْ تَشَاءُ وَتَنْزِعُ الْمُلْكَ مِمَّنْ تَشَاءُ وَتُعِزُّ مَنْ تَشَاءُ وَتُذِلُّ مَنْ تَشَاءُ بِيَدِكَ الْخَيْرُ إِنَّكَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ 
«Уа, Алла! Биліктің Иесі! Билікті қалағаныңа бересің, қалағаныңнан аласың. Қалағаныңның даңқын асырасың, қалағаныңның дәрежесін төмендетесің. Ізгілік Сенің қолыңда, расында Сен әрбір нәрсеге құдіреттісің» (Әли Имран, 26)


Қайталау саны: Күніне 117 рет

Ниет: Кедейлік пен пақырлықтан құтылу


24. Ар-Рафиъ الرَّافِعُ
Жоғарылатушы, Биіктетуші

﴿ليْسَ كَمِثْلِهِ شَيْءٌ وَهُوَ السَّمِيعُ البَصِيرُ﴾ 
«Оған (Аллаға) ұқсайтын ештеңе де жоқ әрі Ол бәрін Естуші һәм Көруші» (Шура, 11)


Қайталау саны: Күніне 351 рет

Ниет: Адамдар арасында әрі жұмыста жоғарылау


23. Әл-Хафид الخَافِضُ 
Төмендетуші, Түсіруші

عَنْ أَبِى مُوسَى الأشعري رضي الله عنه أن النبي صلى الله عليه وسلم قال: »إِنَّ اللَّهَ عَزَّ وَجَلَّ لاَ يَنَامُ وَلاَ يَنْبَغِي لَهُ أَنْ يَنَامَ يَخْفِضُ الْقِسْطَ وَيَرْفَعُهُ«.
مسلم في كتاب الإيمان (179).
Әбу Муса әл-Ашғаридің (р.а.)

айтуынша Пайғамбар (ﷺ): «Ұлы әрі Даңқты Алла ұйықтамайды әрі ұйқы Оған тән емес, Ол әділдікті бірде төмен түсіріп, бірде көтеріп тұрады», – деген.

Мүслім әл-Иман кітабында № 179 риуаят еткен.



Қайталау саны: Күніне 1481 рет

Ниет: Бәле-жалалардан қорғалу


22. Әл-Басит البَاسِطُ
Кеңейтуші

مَّن ذَا ٱلَّذِى يُقْرِضُ ٱللَّهَ قَرْضًا حَسَنًۭا فَيُضَـٰعِفَهُۥ لَهُۥٓ أَضْعَافًۭا كَثِيرَةًۭ ۚ وَٱللَّهُ يَقْبِضُ وَيَبْصُۜطُ وَإِلَيْهِ تُرْجَعُونَ
Кім Аллаға көркем қарыз берсе, (Алла жолында ықыласпен мал жұмсаса) сонда Алла (Т.) ол үшін көптеген есе арттырып береді. Алла тарылтады да кеңітеді. Әрі Ол жаққа қайтарыласыңдар. (Бақара, 245)


Қайталау саны: Күніне 308 рет

Ниет: Жұмыстың алға жылжып, дүние-мүліктің берекеті


21. Әл-Қабид القَابِضُ 
Тарылтушы, Ұстап қалушы


مَّن ذَا ٱلَّذِى يُقْرِضُ ٱللَّهَ قَرْضًا حَسَنًۭا فَيُضَـٰعِفَهُۥ لَهُۥٓ أَضْعَافًۭا كَثِيرَةًۭ ۚ وَٱللَّهُ يَقْبِضُ وَيَبْصُۜطُ وَإِلَيْهِ تُرْجَعُونَ
Кім Аллаға көркем қарыз берсе, (Алла жолында ықыласпен мал жұмсаса) сонда Алла (Т.) ол үшін көптеген есе арттырып береді. Алла тарылтады да кеңітеді. Әрі Ол жаққа қайтарыласыңдар. (Бақара, 245)


Қайталау саны: Күніне 903 рет

Ниет:Залымның зұлымдығынан құтылу.


20. Әл-Алим العَلِيمُ
Бәрін Білуші

فَإِنْ ءَامَنُوا۟ بِمِثْلِ مَآ ءَامَنتُم بِهِۦ فَقَدِ ٱهْتَدَوا۟ ۖ وَّإِن تَوَلَّوْا۟ فَإِنَّمَا هُمْ فِى شِقَاقٍۢ ۖ فَسَيَكْفِيكَهُمُ ٱللَّهُ ۚ وَهُوَ ٱلسَّمِيعُ ٱلْعَلِيمُ
Сонда олар, егер сендер сенген сияқты сенсе, онда рас тура жол табар еді. Ал егер олар бет бұрса, сонда олар, мүлде жолдан шыққан болады. Сонда да алла сені олардан қорғауға жетіп асады. Ол Алла, (Т.) естуші, әр нәрсені білуші. (Христиандар, туған балаларын бір сары суға шомылдырып «тазарды» дейді. Алланың жаратқан өңі жақсы. Жасама түс не керек? (Бақара, 137)


Қайталау саны: Күніне 150 рет

Ниет:Ілім арттыру.


19. Әл-Фаттах الفَتَّاحُ
Жеңуші, Ашушы

قُلْ يَجْمَعُ بَيْنَنَا رَبُّنَا ثُمَّ يَفْتَحُ بَيْنَنَا بِٱلْحَقِّ وَهُوَ ٱلْفَتَّاحُ ٱلْعَلِيمُ
Оларға: "Раббымьіз арамызды қосып, сосын арамызға шындықпен үкім етеді. Ол, қара қылды қақ жарған, аса білгіш" де.(Сәбә, 26)


Қайталау саны: Күніне 489 рет

Ниет:Материалдық-рухани игіліктерге.


18. Ар-Раззақ الرَّزَّاقُ
Ризықтандырушы

إِنَّ ٱللَّهَ هُوَ ٱلرَّزَّاقُ ذُو ٱلْقُوَّةِ ٱلْمَتِينُ
Шүбәсыз Ол Алла, ризықтандырушы және мықты күшке ие. (Зәрият, 58)


Қайталау саны: Күніне 308 рет

Ниет:Мол ризықты өмір сүру.


17. Әл-Уаһһаб الوَهَّابُ
Сый беруші

أَمْ عِندَهُمْ خَزَآئِنُ رَحْمَةِ رَبِّكَ ٱلْعَزِيزِ ٱلْوَهَّابِ
(Мұхаммед с.ғ.с) немесе өте үстем, аса жомарт Раббыңньің мәрхаметінің қазынасы олардың қасында ма?(Сад, 9)


Қайталау саны: Күніне 14 рет

Ниет:Қиыншылықсыз, қарызсыз өмір сүру.


16. Әл-Қаһһар القَهَّارُ 
 Өктем, шексіз қаһар Иесі

قُلْ مَن رَّبُّ ٱلسَّمَـٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ قُلِ ٱللَّهُ ۚ قُلْ أَفَٱتَّخَذْتُم مِّن دُونِهِۦٓ أَوْلِيَآءَ لَا يَمْلِكُونَ لِأَنفُسِهِمْ نَفْعًۭا وَلَا ضَرًّۭا ۚ قُلْ هَلْ يَسْتَوِى ٱلْأَعْمَىٰ وَٱلْبَصِيرُ أَمْ هَلْ تَسْتَوِى ٱلظُّلُمَـٰتُ وَٱلنُّورُ ۗ أَمْ جَعَلُوا۟ لِلَّهِ شُرَكَآءَ خَلَقُوا۟ كَخَلْقِهِۦ فَتَشَـٰبَهَ ٱلْخَلْقُ عَلَيْهِمْ ۚ قُلِ ٱللَّهُ خَـٰلِقُ كُلِّ شَىْءٍۢ وَهُوَ ٱلْوَٰحِدُ ٱلْقَهَّـٰرُ
(Мұхаммед с.ғ.с) олардан: “Көктер мен жердің Рабы кім?”, - деп сұра да: “Алла!”, - деп жауап бер. “Алланы қойып, тіпті өздеріне де пайда, зиян келтіре алмайтындарды ие қылып алдыңдар ма?”, - де. “Көрмейтін мен көретін немесе жарық пен қараңғылықтар тең бе?”, - де. Я болмаса, олар; Аллаға, Оның жаратқанындай жарататын; жаратулары, Алланың жаратуына ұқсас ортақтар қоса ма? (Оларға) айт: “Әр нәрсені жаратушы Алла. Ол жалғыз, аса өктем” (Рағыд, 16)


Қайталау саны: Күніне 306 рет

Ниет:Залымдарға қаһарлану.


15. Әл-Ғаффар الغَفَّارُ
Кешірімшіл, Аса кешірімді

رَبُّ ٱلسَّمَـٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ وَمَا بَيْنَهُمَا ٱلْعَزِيزُ ٱلْغَفَّـٰرُ
"Ол, көктер мен жердің әрі екі арасындағылардың Раббы. Тым үстем, аса жарылқаушы..." (Сад, 66)


Қайталау саны: Күніне 1281 рет

Ниет:Кешірілу және күнәлардан сақтану


14. Әл-Мусаууир المُصَوِّرُ
Бейнелеуші

هُوَ ٱللَّهُ ٱلْخَـٰلِقُ ٱلْبَارِئُ ٱلْمُصَوِّرُ ۖ لَهُ ٱلْأَسْمَآءُ ٱلْحُسْنَىٰ ۚ يُسَبِّحُ لَهُۥ مَا فِى ٱلسَّمَـٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ ۖ وَهُوَ ٱلْعَزِيزُ ٱلْحَكِيمُ
Ол Алла, Жаратушы, жоқтан бар етуші және бейнелеуші. Аттардың ең көркемі Оған тән. Көктер мен жердегі әр нәрсе Оны дәріптейді. Ол, өте үстем, Аса дана. (Хашр, 24)


Қайталау саны: Күніне 336 рет

Ниет:Мұрат-мақсатқа жету


13. Әл-Бари البَارِىءُ
Жоқтан бар етуші (Жаратушы)

وَإِذْ قَالَ مُوسَىٰ لِقَوْمِهِۦ يَـٰقَوْمِ إِنَّكُمْ ظَلَمْتُمْ أَنفُسَكُم بِٱتِّخَاذِكُمُ ٱلْعِجْلَ فَتُوبُوٓا۟ إِلَىٰ بَارِئِكُمْ فَٱقْتُلُوٓا۟ أَنفُسَكُمْ ذَٰلِكُمْ خَيْرٌۭ لَّكُمْ عِندَ بَارِئِكُمْ فَتَابَ عَلَيْكُمْ ۚ إِنَّهُۥ هُوَ ٱلتَّوَّابُ ٱلرَّحِيمُ
Сол уақытта Мұса (Ғ.С.): «Әй қаумым! Расында сендер бұзауды тәңір жасап алумен өздеріне қастық қылдыңдар! Ал енді жаратушыларыңа тәубе қылыңдар. әрі өздеріңді түзетіңдер. (Немесе қылмыстыларды өлтіріңдер.( Бұларың сендер үшін жаратушыларыңның қасында хайырлы. Сонда тәубелерңді қабыл етті. өйткені Ол тәубені қабылдаушы, ерекше мейірімді» деді.(Бақара, 54)


Қайталау саны: Күніне 731 рет

Ниет:Жұмыста қиыншылық пен қайғыдан құтылу.


12. Әл-Халиқ الخَالِقُ
Жаратушы

هُوَ ٱللَّهُ ٱلْخَـٰلِقُ ٱلْبَارِئُ ٱلْمُصَوِّرُ ۖ لَهُ ٱلْأَسْمَآءُ ٱلْحُسْنَىٰ ۚ يُسَبِّحُ لَهُۥ مَا فِى ٱلسَّمَـٰوَٰتِ وَٱلْأَرْضِ ۖ وَهُوَ ٱلْعَزِيزُ ٱلْحَكِيمُ
Ол Алла, Жаратушы, жоқтан бар етуші және бейнелеуші. Аттардың ең көркемі Оған тән. Көктер мен жердегі әр нәрсе Оны дәріптейді. Ол, өте үстем, Аса дана. (Хашр, 24)


Қайталау саны: Күніне 214 рет

Ниет:Жұмыста табысты болып, атаққа ие болу.


11. Әл-Мутәкәббир المُتَكَبِّرُ
Тәкаппар, Аса жоғары

هُوَ ٱللَّهُ ٱلَّذِى لَآ إِلَـٰهَ إِلَّا هُوَ ٱلْمَلِكُ ٱلْقُدُّوسُ ٱلسَّلَـٰمُ ٱلْمُؤْمِنُ ٱلْمُهَيْمِنُ ٱلْعَزِيزُ ٱلْجَبَّارُ ٱلْمُتَكَبِّرُ ۚ سُبْحَـٰنَ ٱللَّهِ عَمَّا يُشْرِكُونَ
Ол сондай Алла, Одан баска ешбір тәңір жоқ. Ол патша; өте пәк, есендік беруші, қорғаушы, тым үстем, аса өктем, өте зор. Алла олардың қосқан ортақтарынан пәк.(Хашр, 23)


Қайталау саны: Күніне 662 рет

Ниет:Абырой мен мақсатқа жету.


10. Әл-Жаббар الجَبَّارُ
Бойсұндырушы, Аса құдіретті

هُوَ ٱللَّهُ ٱلَّذِى لَآ إِلَـٰهَ إِلَّا هُوَ ٱلْمَلِكُ ٱلْقُدُّوسُ ٱلسَّلَـٰمُ ٱلْمُؤْمِنُ ٱلْمُهَيْمِنُ ٱلْعَزِيزُ ٱلْجَبَّارُ ٱلْمُتَكَبِّرُ ۚ سُبْحَـٰنَ ٱللَّهِ عَمَّا يُشْرِكُونَ
Ол сондай Алла, Одан баска ешбір тәңір жоқ. Ол патша; өте пәк, есендік беруші, қорғаушы, тым үстем, аса өктем, өте зор. Алла олардың қосқан ортақтарынан пәк.(Хашр, 23)


Қайталау саны: Күніне 206 рет

Ниет:Қалау-тілектер орындалу.

Показано 20 последних публикаций.

1 065

подписчиков
Статистика канала