Футбол – бұл өмір!


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Спорт


Жарнама: @futbigarna

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Спорт
Статистика
Фильтр публикаций


Джонатан Та Германия құрамасының алдағы ойынына қатыспайды

🤜 Неміс қорғаушысы Швейцарияға қарсы матчта сары қағаз алды. Бұл оның Еуропа чемпионатындағы екінші ескерту қағазы болды. Та Шотландиямен болған ойында да сары қағазбен жазаланған еді.

🇨🇭 Ал Швейцария сапында Сильван Видмер плей-офф кезеңін өткізіп алады. 31 жастағы қорғаушы Венгрия және Германиямен болған ойындарда сары қағаз алды.


🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 «Челси» «Барселона» шабуылшысына көз тікті

✅ Лондондық клуб жақын күндері 18 жастағы Марк Гиуды 6 миллион еуроға сатып алады.

❌ Испаниялық футболшы «Барселонаның» ұсынған жаңа келісімшартынан бас тартып, «Челсиге» ауысу туралы шешім қабылдады.

📊 Гиу өткен маусымда Ла Лиганың 3 матчына қатысып, 1 гол соқты.


Венгрия негізгі шабуылшысынан айырылды

🇭🇺 Барнабаш Варга Шотландия қақпашысы Ангус Ганнмен соғысып, нәтижесінде есінен танып қалған еді. Футболшы дереу арада ауруханаға жеткізілген.

🤕 Венгрия құрамасының бас бапкері Марко Россидің айтуынша, Варганың бет сүйегі сынған. Сол себепті, Еуропа чемпионатында өз командасына көмектесе алмайды.

⚽️ Варга алғашқы турда Швейцария қақпасынан саңылау тапқан еді.


🇭🇺 Венгрия Еуропа чемпионатының рекордын орнатты

⚽️ Ойынның 86-минутында алаңға шыққан Кевин Чобот турнир тарихындағы ең кеш соғылған голдың авторы атанды (99:32).

🏆 Венгрия құрамасы үш ұпаймен А тобында үшінші орын алып, плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігінен әлі айырылған жоқ.


🏅 Түндегі матчтардың үздіктері белгілі болды

🇨🇭🇩🇪 Гранит Джака Швейцария — Германия ойынының үздік футболшысы атанды. «Байердің» жартылай қорғаушысы кездесу барысында 11,8 км қашықтықты жүгіріп өтті. Максималды жылдамдығы — 31,4 км/сағ. Дәл пас беру көрсеткіші — 84%.

🏴󠁧󠁢󠁳󠁣󠁴󠁿🇭🇺 Ал Роланд Шаллаи Шотландия — Венгрия матчының үздік ойыншысы деп танылды. Венгриялық жартылай қорғаушы бұл ойында нәтижелі паспен көзге түсті.


🏆 Мануэль Нойер — Еуропа чемпионатында ең көп матч өткізген қақпашы

🇩🇪 Германия құрамасының голкипері Швейцарияға қарсы турнирдегі 18-ші матчын өткізіп, Джанлуиджи Буффонның рекордын жаңартты:

1️⃣ Мануэль Нойер — 18 матч
2️⃣ Джанлуиджи Буффон — 17
3️⃣ Руй Патрисиу — 16
4️⃣ Эдвин ван дер Сар — 16
5️⃣ Уго Льорис — 15


⚡️ Венгрия соңғы минутта жеңісті жұлып алды

🏆 Еуро-2024, А тобы, 3-тур

🏴󠁧󠁢󠁳󠁣󠁴󠁿 Шотландия — Венгрия 🇭🇺 — 0:1

⚽️ Гол: 90+10’ Чобот


💥 Германия соңғы минуттарда бір ұпайды жұлып кетті

🏆 Еуро-2024, А тобы, 3-тур

🇨🇭 Швейцария — Германия 🇩🇪 — 1:1

⚽️ Голдар: 28’ Ндой — 90+2’ Фюллькруг


HERE WE GO

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Йан Маатсен «Астон Виллаға» ауысады

💰 «Челси» Нидерланд құрамасының қорғаушысы үшін 37,5 миллион фунт алады.

✍️ Маатсен бирмингемдік клубпен алты жылдық келісімшартқа отырады.

🗞️ Фабрицио Романо


🇦🇱 Албания шабуылшысы екі матчтан шеттетілді

❌ Хорватиямен болған ойыннан кейін Сербия мен Македония жанкүйерлерін балағаттаған Мирлинд Даку алдағы екі ойынға қатыспайды.

🆚 Албания топтық кезеңдегі соңғы ойынын ертең, 24 маусымда Испанияға қарсы өткізеді.


🏆 Екінші турдың қорытындысы бойынша Еуропа чемпионатының үздік сұрмергендері:

⚽️ Автогол — 6
🇧🇪 Лукакудың есептелмеген голдары — 3
🇬🇪 Жорж Микаутадзе — 2
🇩🇪 Джамал Мусиала — 2
🇸🇰 Иван Шранц — 2

✅ Бүгін 3-тур ойындары басталады. Әлі бірде-бір футболшы дубль жасамады.


🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Руд ван Нистелрой «Манчестер Юнайтедке» келуі мүмкін

✅ Манкуниандық клубтың басшылығы 47 жастағы маманға Эрик тен Хагтың көмекшісі болу туралы ұсыныс тастады.

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 Руд ван Нистелройға «Бернли» клубы да бас бапкер қызметін ұсынып отыр.

🇳🇱 «Манчестер Юнайтедтің» экс-футболшысы бұған дейін ПСВ клубын жаттықтырып, Нидерланд кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.


🏆 Бүгін үшінші тур ойындары басталады

🏴󠁧󠁢󠁳󠁣󠁴󠁿 Шотландия — Венгрия 🇭🇺
🇨🇭 Швейцария — Германия 🇩🇪

✅ А тобынан плей-офф кезеңіне шығатын екінші команда белгілі болады.


💣 HERE WE GO

🇸🇦 Начо мансабын «Әл-Кадисияда» жалғастырады

✍️ 34 жастағы қорғаушы саудиялық клубпен екі жылдық келісімшартқа отырады.

💰 Испаниялық футболшының бір жылдық жалақысы 10 миллион еуроны құрайды.

🗞️ Фабрицио Романо


Еуропа чемпионатының үшінші турындағы ойынға қатыспайтын футболшылар:

🇪🇸 Родри (🆚 Албания)
🇵🇹 Рафаэль Леау (🆚 Грузия)
🇧🇪 Доди Лукебакио (🆚 Украина)
🇹🇷 Абдулкерім Бардакчи (🆚 Чехия)
🏴󠁧󠁢󠁳󠁣󠁴󠁿 Райан Портеус (🆚 Венгрия)


🏅 Кевин де Брюйне Бельгия — Румыния матчының үздік футболшысы атанды

🇧🇪 32 жастағы жартылай қорғаушы бұл ойында шешуші голды өз атына рәсімдеді.

📊 Бельгия капитаны 11,7 км қашықтықты жүгіріп өтті. Максималды жылдамдығы — 31,9 км/сағ.


🐯 Роналду бірнеше рекордтың мұртын бұзды

🇵🇹 Португалия құрамасының шабуылшысы Түркияға қарсы ойында Бруну Фернандештің гол соғуына мүмкіндік жасап берді.

🏆 Осылайша, Криштиану Еуропа чемпионатының тарихында ең көп ассист (7) жасаған футболшы атанды. Бұған дейінгі рекорд Чехияның экс-футболшысы Карел Поборскиге тиесілі еді (6).

✅ Сондай-ақ Роналду Еуропа біріншілігінде ассист жасаған ең егде жастағы футболшы ретінде тарихқа енді (39 жас 138 күн).

🇵🇹 Одан бөлек, португалиялық шабуылшы Еурода ең көп жеңіске жеткен футболшы атанды (27 матч, 14 жеңіс).


Бельгия алғашқы жеңісіне қол жеткізді

🏆 Еуро-2024, Е тобы, 2-тур

🇧🇪 Бельгия — Румыния 🇷🇴 — 2:0

⚽️ Голдар: 2’ Тилеманс, 80’ Де Брюйне


🏅 Бернарду Силва Түркия — Португалия матчының үздік ойыншысы деп танылды

🇵🇹 Португалия құрамасының вингері бұл ойында бір гол соқты.

🏆 Екі матчта да жеңіске жеткен Роберто Мартинес шәкірттері мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне жолдама алды.


🔝 Португалия сенімді түрде жеңіске жетті

🏆 Еуро-2024, F тобы, 2-тур

🇹🇷 Түркия — Португалия 🇵🇹 — 0:3

⚽️ Голдар: 21’ Силва, 28’ Ақайдын (аг), 56’ Фернандеш

Показано 20 последних публикаций.