"Балет әртісі ең бірінші сынып сабағына келіп, өзін бір қалыпта ұстауы маңызды. Себебі денесін қалыпта ұстамаған әртістің сахнада жаралану қаупі көп. Ағзадағы бұлшық етке де әсер етеді. Былайша айтқанда, балетке ерекше сүйіспеншілікпен қарап, ғашық болғандай айналысу керек. Егер бұл іске махаббатыңыз болмаса, нәтижеңіз де төмен болары анық. Балет әртісінің ұйқысы, ішетін тамағы дұрыс болу керек. Физикалық ауыр нәрсе көтеруге болмайды. Қысқасы, өміріңді театрға, балетке арнау керек", - деді ол. https://massaget.kz/photoreps/374/