Гүлмира Ілесбай | QMDB


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


Гүлмира ұстаз

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Ақпанның 13-нен 14-не қараған түн БАРААТ ТҮНІ!🌑

Бараат – дұғалар қабыл болатын түн. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

«Шағбан айының жартысы толғанда түнін намазбен, күндізін ораза ұстаумен өткізіңдер. Өйткені Алла Тағала күн ұясына батқанда: «Кешірім тілеуші бар ма, кешірейін. Ризық сұраушы бар ма, ризық берейін. Ауру-сырқауға ұшыраған бар ма, шипасын берейін. Қане, не сұраушы бар?» – деп таң шапағы атқанға дейін рақымын төгеді», – деген. (Ибн Мәжа).


РАМАЗАНҒА 24 күн!

Аллаһ нәпсіні сынайын деп ең әуелі отқа салады. Оттан шығарып алып: «Сен кімсің, Мен кіммін?»,– деп сұрағанда нәпсі: «Мен менмін Сен сенсің»,– деп жауап береді.

Жаратушы оны мұзға салып, сұрағын қайталайды. Нәпсінің жауабы өзгермеді. Аллаһ тағала енді нәпсіні аш қалдырады. Нәпсі сонда ғана: «Мен құлмын, Сен Жаратушысың» деп жауап береді.

Демек, аштық сөзсіз нәпсіні тияды. Бұдан шығатын қорытынды Рамазан айында нәпсіге қыл бұрау салынып, пенде өзін тәрбиелейді.


«Алланың саған берген дәулетімен ақырет жұртын ізде де, дүниедегі несібеңді де ұмытпа».
Соңғы айда сізге берілген қай нығметін әсіресе айтар едіңіз. Жаңа таныстықтар, жаңа білім, достар, қызметтер, ізгі амалдар, саяхаттар, отбасыңызбен бірге өткізген шақтар, ыхласпен жасаған құлшылық тағы нені қосар едіңіз?
Мен жасаған күнәмды қосар едім😪
Сол арқылы иманның дәмін сездім. Күнә, харам істің жиркенішті екенін, жеке өзім бұл жолға түспес екенімді білдім . Тек Алланың ғана мейрімімен осы ақиқат жолды тапқанымды тереңірек түсіндім. Алланың жіберген сынағын нығмет көріп, содан ғибрат еттім.

@gulmiraustaz


Бүгін Миғраж түні!🌙
Қандай амалдар жасап, өткізу абзал?


Қымбаттым,
сізді халықаралық Орамал күні қарсаңында өтетін *«Шырақ»* атты күнделігімнің тұсаукесеріне орай ұйымдастырылып жатқан *рухани кешімізге* шақырамыз 🥰

Өтетін күні: 01.02.2025
Уақыты: 12:30
Құны: 3990тг

Қатысу үшін төмендегі нөмірге жазыңыз 👇
+7 747 033 3895, Райхан






Ережеп айының соңғы 10 күніне қадам бастық. Алла қаласа, қасиетті Рамазан айының басталуына небәрі 38 күн қалды.

Ережеп айындағы ерекше оқиға- Миғраж түні.Пайғамбарымыз(с.а.с) көкке көтерілген, намаз парыз етілген ерекше оқиға - 26 нан 27 қаңтарға қараған түнге сәйкес келеді!✨


Қыздар Керемет ұсыныс!!!!
Тез арада , ұстаздардың бақылауымен Құранға түсуге болады!
Осы Рамазанды ерекше Құранмен өткізгіңіз келсе тез курсқа келіңіз!!!


📌 Курс бойынша толық ақпарат алу және тіркелу үшін:
https://api.whatsapp.com/send/?phone=77718526311&text&type=phone_number&app_absent=0


Бүгіннен бастап кішкене де болса қайырымдылық жасап, жүрегімізді ұлы айға дайындайық! 🌙


Рамазанға 49 күн!

Пайғамбарымыз ﷺ:
“Бізге садақа беруге асығуымызды бұйырды, себебі, садақаны бақытсыздық аттап өте алмайды”– дейді.

Рамазан – күнәлар кешірілетін, сауаптар еселенетін ай. Осы қасиетті айларда садақа– Алланың разылығына жақындатып, жанымызды тазартатын құлшылық түрі.


Фудайл ибн Ияд رحمه الله:

"Бізге Алла Тағаланың былай дегені жайында хабар жетті :

"Ей, адам баласы, мені таң намазынан кейін бір сәт зікір ет және аср намазынан кейін бір сәт зікір ет сол екеуінің ортасында Мен саған жеткіліктімін."

Яғни, күндізгі қызып тұрған жұмысыңда неше түрлі мәселелеріңді , барлығын да Алла Өзім оңдаймын сенің ісіңді Өзім туралаймын дейді .


🔰 Ертең хижри жыл санауы бойынша Ережеп айының ортаңғы күндері, яғни, 13,14,15 күндері басталады. Бұл уақытта ай 🌒 толады😊
Сондай-ақ, ертең дүйсенбі - аптадағы сүннет ораза күні.

(13-14-15 қаңтарға сәйкес келіп тұр) + Бейсенбі күнінің оразасы😍

🔰 Осы ай толған мезгілде ораза тұту - Алла Елшісінің ﷺ сүйікті амалдарының бірі. Арабтар осы мезгілді «Әййәмул-биид», яғни жарық, әппақ күндер деп атайды.

Мухаддис Әбу Дәуіттің «Сунанында» осы күндері ораза ұстағандардың сауабы он есе еселенетіндігі айтылады (Әбу Дәуіт. Сунан).

🔰 Басқа хадисте бұл үш күнде ораза ұстау бір ай ораза ұстағанмен тең болады делінген

🔰Хадисте: “Кімде - кім Алла үшін 1 күн ораза ұстаса, Алла Тағала оны 70 жылға тозақ отынан алыстатады” делінген.

Рамазан айына небәрі 1 жарым ай уақыт қалды. Бұл күндер дайындық бастай алмай жүргендерге бір мүмкіндік🌹🌹🌹

Ертең оразаға ниеттісіз бе?


Жалғастырушы топқа








Әс сәләму әлейкум, оқырман!🫂Ережеп айы – жаңа бастамалардың айы. Сіз қандай жақсы іс бастайсыз?


Ережеп айы келді — қасиетті ай!🌙
Бұл айда жақсылық жасап, Аллаға құлшылықты арттыру өте маңызды. Осы айда не істеу керек?

1️⃣ Тәубе ету – өткен қателіктерді мойындап, Алладан кешірім сұрау.
2️⃣ Құлшылықты күшейту – намазды толық оқып, қосымша нәпіл намаздарын орындау.
3️⃣ Ораза ұстау – мүмкіндігінше нәпіл ораза ұстау сауапты.
4️⃣ Садақа беру – көмекке мұқтаждарға қол ұшын созу.
5️⃣ Алланы зікір ету – дұғаларды оқып, Алланы мадақтау.

Ережеп – берекеге толы ай, әрбір сауапты іс мың есе артығымен жазылады!

Қолдан келер жақсылықты жіберіп алмаңыз!

Показано 20 последних публикаций.