ХАЛЫҚ ҮНІ


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Новости и СМИ


Телеграм каналымыз еліміздегі соңғы жаңалықтардан хабардар етеді.
Ақпарат жіберу үшін: +7 705 563 6493
Біздің сайт: https://halyq-uni.kz

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


👥Солтүстік өңірлерде халық саны азайып жатыр

Telegram-дағы Economy_kz арнасың мәліметінше, 2024 жылғы 1 қарашадағы дерек бойынша Қазақстанда 20 млн 244 мың адам тұрады, бір жылдағы өсім – 1,3%. Оны табиғи өсім мен көші-қон ағыны қамтамасыз етті.

Ал қалаларда 12 млн 727,4 мың адам, ауылдарда 7 млн 516,6 мың адам тұрып жатыр.

📈Табиғи өсім:
▫️Астана +94,6 мың адам;
▫️Алматы: +62,6 мың адам;
▫️Шымкент: +33,5 мың адам.

📉Проблемасы бар өңірлер:

▫️Солтүстік Қазақстан облысы – 7,7 мың адамға азайған;
▫️Қостанай облысы – 4,3 мың адамға азайған.

https://t.me/halyquni


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Депутат Ардақ Назаров Түркістанда арақ ішуге және оны сатуға тыйым салуды ұсынды

https://t.me/halyquni


Тоқаев Эмманюэль Макронға көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронға Майотта архипелагында болған жойқын тайфун салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Президент қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына олардың қайғысына ортақтаса көңіл айтып, зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Айта кетсек, Франция қарамағындағы Үнді Мұхитында орналасқан Майотта аралында соңғы 90 жылдағы ең күшті циклон болды. Салдарынан жүздеген адам зардап шегіп, тұрғын үйлер мен ғимараттар қирады. Ел президенті Эмманюэль Макрон жағдайға байланысты ұлттық аза тұту күнін жариялап, жақын уақытта аралға баратынын мәлімдеді.

https://t.me/halyquni


🇰🇿🇬🇼18 желтоқсан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбало Астанаға ресми сапармен келеді

Жоғары деңгейде өтетін келіссөздер барысында Қазақстан мен Гвинея-Бисау арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық перспективасы талқыланады.

https://t.me/halyquni


🇰🇿Тәуелсіздік күні құтты болсын!

https://t.me/halyquni


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Талғардағы оқиғалардың соңы митингке ұласып кетпей ме?

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғардағы оқиғаға қатысты пікір білдіріп, жауап берді.

https://t.me/halyquni


Перизат Қайраттың қымбат мүліктері бұғатталды

Соттың санкциясымен қайырымдылық қордың тең құрылтайшысы және басшысы Перизат Қайраттың қымбат мүліктері бұғатталды.

Астанадағы Akbulak Riviera, Highvill Ishim Gold, «Көк Жайлау» (тұрақ орындарын қоса алғанда), Sensata Plaza тұрғын үй кешені, сондай-ақ Vela Village коттедж қалашығындағы элиталық жылжымайтын мүлік, Mercedes-Benz S450, Mercedes-Benz EQE 500, Lexus LX-600, Haval көліктері бұғатталды.

Перизат Қайраттың тұрғылықты жерін тінту барысында қайырымдылыққа жиналған қаражатқа сатып алынған қымбат техника, Cartier, Graff, Rolex, Bulgari, Gucci, Louis Vuitton, Versace, Chopard, Hermes, Dolce & Gabbana, Prada және тағы басқа танымал брендтердің киім, аяқ киім, зергерлік бұйымдар, сөмкелері табылып тәркіленді.


Тәркіленген мүлік заттай дәлелдер ретінде танылып, іс материалдарына қосылды. Тергеу жалғасып жатыр.

https://t.me/halyquni


Сенат шетелдік банктерден қарыз алуды көздейтін заңдарды мақұлдады

Қарыз бюджет тапшылығын жоюға, жаңа жобаларды іске асыруға жұмсалады.

Шетелдік банктерден қарыз мөлшері төмендегідей:
▫️Азия даму банкінен – 52,3 млрд жапон йенасы (шамамен 350 млн доллар);
▫️Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен – 52,7 млрд жапон йенасы (шамамен 350 млн доллар);
▫️Халықаралық қайта құру және даму банкінен 84,9 млрд жапон йенасы (шамамен 600 млн доллар).

Дауыс беру нәтижижесінде сенаторлар заңды мақұлдады.

https://t.me/halyquni


Шерзат Болаттың өлімі: тергеу жылдың соңында аяқталады

Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов айтты.

Тергеу аяқталу сатысында. Жыл соңына дейін біз барлық тергеу әрекеті мен сараптаманы аяқтаймыз. Бүгінде қылмыстық іске қатысы бар 11 күдікті қамауда отыр. Барлығы жауапқа тартылады. Оларға прокурордың келісімі бойынша түпкілікті айып тағылады, - деді Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Ол сондай-ақ Шерзат Болаттың ағасының өліміне қатысты іс қозғалғанын атап өтті. Ал сот-медициналық сараптаманың нәтижесі бойынша зорлық-зомбылық белгісі анықталмаған.

https://t.me/halyquni


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Смайылов субсидия қаржысы қалай ұрланатынын айтты

Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловтың айтуынша, ең ірі заңбұзушылықтар бойынша материалдар тергеу органдарына жіберіледі.

«Мысалы, оңтүстік өңірлерде және Ұлытау облысында 1 мыңға жуық адам кәсіпкерлік ісіне 1,5 млрд теңге субсидия алды. Алайда олар салық органдарында кәсіпкер ретінде тіркелмеген.

Сондай-ақ Түркістан облысында (ауыл шарушылығының – автор) 15 субъектісі 225 млн теңгеге жоқ инвестицияға субсидия алған. Яғни жалған шот-фактура жасалған.

Абай облысында 2 кәсіпорын сатып алынбаған ауыл шаруашылығы техникасына 131 млн теңге субсидия алған. Осылайша, жалған ақпарат берген», - деді Әлихан Смайылов Мәжілістің жалпы отырысында.

Төраға жауапты басшылар жауапқа тартылып жатқанын атап өтті.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
«Наурыз» бағдарламасы: 10% cалып, дайын пәтерді ипотекаға алуға болады

Бұл туралы Отбасы банкінің төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты.

«Біріншіден, көптеген сатып алушы үйді дайын күйде алуды қалайды. Өйткені жөндеу жұмыстарына шығын көбейіп кетеді. Сондықтан банк Тұрғын үй құрылыс компанияларының қауымдастығымен бірқатар кездесу өткізді. Олар порталға пәтерлерді дайын күйінде қояды, сатып алушылар порталдағы пәтердің (бастапқы жарнаның) 10% салу арқылы (сатып алуға) келісім береді. Бұл өзгеріс 2025 жылдың 1 қаңтарынан енгізіледі.

Екіншіден, бағдарламаға қатысушы үшін салымшыда депозитте 1 млн теңге болуға тиіс. Конкурста жеңген салымшы аз уақыт ішінде пәтердің 20%-ын салуға тиіс. Қазір 2,5 мыңнан астам өтініштің 39%-ында ғана 20% болатын жарна бар. Сондықтан 2025 жылы бағдарламаға қатысушылардың депозитін 2 млн теңге болуын ұсынамыз. Бұл бағдарламаны іске асыруды тездетеді», - деді Ләззат Ибрагимова.

https://t.me/halyquni


❄️ Қазақстандық оқушылар қысқы каникулда неше күн демалады?

Қысқы каникул кезеңі 2024 жылдың 30-желтоқсаны мен 2025 жылдың 8-қаңтарын қоса алғанда он күнге созылады.

Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

https://t.me/halyquni


Шерзат Болаттың ағасы өлі табылды

Талғар қаласының маңында Шерхат Болаттың 30 жастағы ағасының мәйіті табылды.

Алматы облысы ПД-ның алдын ала мәліметінше, ол өз-өзіне қол жұмсаған.

Қайтыс болған адам – Шерзат Болаттың ағасы. Биыл 4 желтоқсанда ол көз жұмған. Қылмыстық іс қозғалды, тергеліп жатыр.

Оларға қандай да бір қауіп төнген жоқ. Күзеткен қызметкерлердің түсініктемесі бойынша ер адам күзетілетін нысаннан сағат 23:30-да шығып, жеке көлігімен кеткен. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жарияланбайды, - деп жазылған хабарламада.


https://t.me/halyquni


Зейнетақы қорынан ақша алу: 2025 жылдың шекті сомасы белгілі болды

Зейнетақы жинақтарының 2025 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шегі 2024 жылғы деңгейде өзгеріссіз қалады.

💰Сіздің жинағыңыз жете ме?

https://t.me/halyquni


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Үкімет теңге тағы құнсызданбас үшін не істейді?

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров теңге тағы құнсызданбас үшін не істейтінін айтты.

«Келесі жылға Үкіметтің ең басты мақсаты – бірқатар ірі жобаны іске қосу. Оның ішінде инфрақұрылымдық, өнеркәсіп, жалпы
17 жоба бар. Оларды іске асыруды бастап кеттік. Жақында коммуналдық жүйені жаңғырту бағдарламасы қабылданады.

Сондай-ақ биыл көптеген шетелдік қаржы ұйымымен нақты келісімдерге отырдық. Нәтижесінде 2025 жылы біз елімізге шетел валютасында инвестицияны тарту көлемін күрт көбейеді деп есептеп отырмыз. Нәтижесінде бұл валютаның бәрі (доллар) ішкі нарық арқылы өтеді. Сол арқылы жаңа жобаларды қаржыландыратын боламыз», - деді Нұрлан Байбазаров Сенаттың жалпы отырысында.


https://t.me/halyquni


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Бүгіннен бастап камералар орташа жылдамдықты тіркейді

Жаңашылдық халықаралық және республикалық маңызы бар жолдармен жүретін барлық жүргізушілерге қатысты.

https://t.me/halyquni


«Каспий» футбол клубы жиындарына бөлінген 27 млн теңге жымқырылған

Маңғыстау облысы прокуратурасы мәліметінше, клубтың бұрынғы басшысы өзінің 2 танысымен бірге, күш қолдану арқылы клубтың қызметкерін айғақтарды өзгертуге мәжбүрлеген. Сонымен қатар оны қорқытып, 15 млн теңге алуға әрекеттенген.

3 желтоқсанда футбол клубының экс-басшысы мен тағы екі адамды қамауға алуға санкция берілді.

https://t.me/halyquni


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Ресейде қазақ мектептері қашан салынады?

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жауап берді.

https://t.me/halyquni


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Ұлттық экономика министрі отставкаға кете ме?

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров жауап берді.

https://t.me/halyquni


💸Ұлттық қордан 1,2 млрд доллар сатылды

Биыл қарашада республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін Ұлттық қордан 1 млрд 260 млн доллар сатылды.

Ұлттық банктің мәліметінше, қарашаның қорытындысы бойынша теңге бағамы 5%-ға әлсіреп, 1 доллар 512,52 теңге болды.

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа көлемі бір айда 278 млн доллардан 262 млн долларға дейін төмендеді. Сауда-саттықтың жалпы көлемі – 5,5 млрд доллар.

https://t.me/halyquni

Показано 20 последних публикаций.