📖
Құранды толық оқып шығудың артықшылығы 🪶Құранды толық оқып шығудың шариғатта бекітілген ең аз мерзімі - ол үш күн. Ал ең ұзақ мерзімі - ол қырық күн.
📌Ибн Қудама ▪️ былай деді:
«Құранды қырық күннен артық толық оқуды кешіктіру - мәкрүһ».
📌Әл-Қуртуби ▪️ былай деді:
«Қырық күнде Құранды оқып шығу – әлсіздер мен жұмысбастылардың уақыты».
⚡️Әр мұсылман өзіне қарайтын болса, қанша қырық күндер, айлар, жылдар өтті!?
💡Егер біз Құранды толық оқып шығудың маңыздылығын түсінсек, ол үшін жүректер дірілдер еді!
💫
Құранның нығметтерінің бірі – Аллаһ Тағала оны оқушының және жаттап алушының ақыл-ойына береке береді.⏺Абд әл-Мәлик ибн Умейр▪️: «Адамдардың ең ақылдысы (ақыл-ойы сақталғандар) Құран оқитындар» делінген.
Және бір риуаятта:
"Ақыл-ойы таза адамдар – Құран оқитындар".
⏺Әл-Қуртуби ▪️ былай деді:
"Кім Құран оқыса, ол ақылынан жүзге жетсе де рахаттанып пайда алады!".
⏺Ибраһим әл-Мақдиси ▪️ шәкірті Аббас бин Абдул Дайемге ▪️ кеңес берді:
"Құранды көбірек оқы және оны назардан тыс қалдырма, өйткені оқығаңның мөлшеріне қарай іздеген нәрсеңе жеңіл жетесің".
⏺Ибн әл-Салах ▪️ былай деді:
Періштелерге Құран оқу қасиеті берілмеген, сондықтан да олар оны адамдардан тындауға тырысады!
⏺Әбу әз-Зеннад ▪️ былай деді:
"Мен таң намазына дейін Аллаһ Елшісінің ▪️ мешітіне шығатынмын, сол кезде үйлердің жанынан өткенде әр үйде Құран оқып жатырғаның естейтінмін".
⏺Шейх әл-Ислам ▪️ былай деді:
"Аллаһ Тағаланың Кітабына үнемі қараудан артық ақыл мен жанды қуаттандыратын, тәнді сақтайтын, бақытқа кепілдік беретін ешнәрсе көрмедім!".
🌸
Құранға жабысыңыз, сонда сіз береке табасыз.Аллаһ Тағала шешуші уахиінде:
«Олар аяттарды ой елегінен өткізулері үшін саған мүбәрак кітап түсірдік», - деді.
Кейбір тәпсіршілер: «Біз Құранмен айналысып, дүниеде береке мен жақсылыққа кенелдік», – дейтін.
🌟#Білім_сөз_бен_амалдан_бұрын
✅
Telegram 📱
WhatsApp🌐
Instagram😄
Status