MMMarketing


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский


Бизнес және маркетинг жайлы қазақша блог✅

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Статистика
Фильтр публикаций


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Vanmoof деген велосипед сататын компания бар✅ Сол компанияға клиенттерден мынандай көп шағым түседі: “жіберген велосипедтерің шашылып келді, қораптары жыртылып қалған” - деген.

Сөйтіп, олар ойлана келе мықты шешім табады🔥 Жіберетін қораптарының көлемі телевизор жіберетін қорапқа ұқсас болады, сол үшін қораптың сыртына теледидардың суретін салып қоюға шешім қабылдайды✅😳

Нәтижесінде, клиентке жеткізілген қораптардың бұзылуы 70-80% төмендейді👍✅ Ішінде сынатын қымбат зат деп ойлаған жеткізушілер осылайша қорапқа ұқыптылықпен қарай бастаған🔥


Төрт жобаның бірі осы Tisso жаңа дүкені болады Алла қаласа🙏 Қазақстандағы ең үлкен хит тауарлар дүкені болады бұйыртса😍🔥


Жуырда 4 жаңа өнімге запуск болады, уәде еткен бизнес идеяны бірінші болып осында телеграмда ұсынатын боламын😍👍


Қандай бизнес ашарын білмей жүрген адамдарға мықты дайын бизнес бар👍🔥 Кімге қызық?
Опрос
  •   Маған🙋‍♂️🔥
  •   Қажет емес, бизнесім бар
179 голосов


Маған тек ақша табу қызық емес✅

Менің бизнеске қатысты жеке принциптерім бар, яғни жасап жатқан бизнесім табыспен қатар басқаларға пайда әкелуі керек деген принцип. Сол үшін маған инфобизнес қатты ұнайды, мұнда сен табыспен қатар басқаларға көп пайда тигізе аласың.

Тіпті қазіргі бүкіл жобаларымда міндетті түрде әрқайсында академиялары бар, мысалы оптом тауар сататын Tisso компаниясының “Tisso academy” деген серіктестерге білім беру мектебін жасап қойғанбыз.

Жай ақша табу маған мүлдем мотивация бермейді, біраз уақыттан соң ол маған қызық болмай кетеді😏


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Маркетинг саласының ғалымы Джек Трауттың жақсы сөзі бар - “Ерекшелен немесе өлесің” деген, бәсекелестерден ерекшеленуді үйрену қажет, ол: өніммен, маркетингпен, команданың деңгейімен, бизнес процесспен✅

Әлемдік пицца саласының бренді Domino’s компаниясы жаңа технологияны өз жарнамасына осылай пайдаланыпты👍


Қайсысы дұрыс? Көп бизнес болған дұрыс па, әлде тек бір бизнесті басқарған дұрыс па?
Опрос
  •   Көп бизнес болған дұрыс
  •   Бір бизнесті дұрыстап басқарған дұрыс
185 голосов


Осы сәт✅

Серуендеу жаңа идеялардың келуіне, ойларыңды қорытуға ең мықты нәрсе🔥 Көбірек серуендеңіздер, жалғыз👍


Сіз қайсысын қолданып жүрсіз?
Опрос
  •   Клиентті күтемін
  •   Клиентті әкелемін
116 голосов


Жаңа клиенттерді әкелудің 2 стратегиясы бар:
1. клиенттің өзі келгенін күту (бутик, дүкеннің алдынан өтіп жатқан адамдарға қарап отыру)
2. клиентті іздеу және оны саған келуге ынталандыру (инстаграм, тикток, гугл, ютуб арқылы іздеу)


Клиент нені көп көрсе, соны алады✅

Конкурентіңе қарағанда клиентке көбірек көрін, шешімі сол🔥


Телеграм каналды енді қалай жүргізу керектігін енді түсінген сияқтымын)


Threads пайдаланып көрдіңіз бе?
Опрос
  •   Жоқ, ол не?
  •   Естідім, әлі пайдаланбадым
  •   Аха, бастап кеттім
265 голосов


Threads пайда болғалы телеграм мен твитердің өмірі не болады екен деп отырмын🤔


Мен соңғы жылдары жапондықтардың дәстүріне, менеджментіне, мәдениетіне қызыға бастадым, сол себепті кайдзен бойынша сабақ алып, Жапония жайлы кітаптар оқи бастадым.

Маған жапондықтардың бір-біріне сыйластықпен, құрметпен қарауы қызық болды, бір-біріне сенуі таңқалдырды. Осының құпиясы неде екен деп біраз ойландым.

Ойлағанның алдынан іздемей ақ табылар демекші, өткенде Алматыда “Жақын Жапония” кітабының презентациясында жапондық Савайя мырзаның мына слайды өзіме қатты өтті🔥👍

Әр қазақ бір-біріне осылай сенсе ғой шіркін😍

Ойыңызбен бөлісіп кетіңіз👍👇🏻


Отан қорғаушылар мейрамы құтты болсын құрметті бауырлар🙋‍♂️👏👏🇰🇿






Алматыда жаңбыр емес, жігіттердің көз жасы жауып жатыр дейді😂

Показано 20 последних публикаций.

1 820

подписчиков
Статистика канала