Сәлем! Бұл
tekmates-тегі
Зарина ☘️
Бүгін
сынға қалай дұрыс жауап беріп, оны өсуіңе қалай пайдалануға болады деген маңызды тақырып жайлы сөйлесеміз.
🎯
Жағдай:
Сен тапсырмаларыңды істеп, бар күшіңді саласың, бірақ жетекшіңнен немесе әріптестеріңнен сын естисің. Бұл кодыңа, құжаттамаңа не тапсырмаларды орындау тәсіліңе қатысты болуы мүмкін. Жабылып қалмай, осы жағдайдан барынша пайда алған маңызды.
❌ Қалай ІСТЕМЕУІҢ керек:
👩🏻💻: «Сен осы код блогында қате жібердің. Қайта жасауың керек».
🧑🏻💻: «Бірақ бәрін дұрыс жасағандай болдым ғой! Неге әрқашан кінәлімін?»
👩🏻💻: «Мұқият болуың қажет».
🧑🏻💻: «Маған неге сонша шағым түсетінін түсінбеймін. Бәрі істеп тұр ғой!»
🔴
Неге былай істеген қате:Сен ренжіп, талқылағың келмейтіндей көрінесің.
Мәселені шешетін сындарлы тәсілің жоқ.
Әріптестерің не жетекшің сені дамығысы келмейді деп ойлауы мүмкін.
✅ Қалай ІСТЕУІҢ керек:
👩🏻💻: «Сен осы код блогында қате жібердің. Қайта жасауың керек».
🧑🏻💻: «Назар аударғаныңа рақмет! Мәселесі қандай екенін нақты айта аласың ба?»
👩🏻💻: «Мұнда төтенше жағдайлар дұрыс ескерілмеген. Кіріс болжалдарға сәйкес келмесе, код қате жібереді».
🧑🏻💻: «Түсіндім. Түсіндіргеніңе рақмет! Мұны қалай жақсы жасауға болатынын көрсететін мысал не кеңес ұсына аласың ба?»
👩🏻💻: «Соңғы жобаны қарап көр. Ол жақта жақсы көрсетілген. Түсіне алмасаң, маған кел. Талқылайық».
🧑🏻💻: «Жарайды. Сөйтемін. Көмектескеніңе рақмет!»
🔵 Неге солай жасаған дұрыс:Сынды шабуыл емес, мүмкіндік ретінде қабылдайтыныңды көрсетесің.
Қатені түзеп, болашақта оның алдын алу үшін егжей-тегжейлерді нақтылайсың.
Кәсіби шеберлігің мен дамуға дайын екеніңді меңзейсің.
🔥 Әрі қарай не істеуің керек?
1️⃣
Тапсырмаңды түзеп, нәтижесін нақтыла: «Мен өзгерттім. Дұрыс жасағанымды тексеріп көресің бе?»
2️⃣
Қорытынды жаса: пайдалы кеңестерді жазып алып, оларды жеке жазбаларыңа қосып қой.
3️⃣
Сабақтарды іс жүзінде қолдан: келесі тапсырманы орындау кезінде сынды ескеруге тырыс.
Сын — «кінәлісің/кінәлі емессің» деген нәрсе емес. Ол сенің қалай күшейе алатыныңа қол ұшын береді. Кері байланысқа ашық болу дамуға дайын екеніңді көрсетеді.
Кейс ұнаса, 🔥 қоя кет! Комментте өз оқиғаңды жаз немесе осындай келіссөзді қалай жүргізу керегі жайлы сұрақ қой.
Жаз да, бірге талқылайық!
Пост на русском в комментариях.Жаңа мүмкіндіктер ❇️ @itzholy