Изатулла Рахматуллаұлы


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


• Әбу Ханифа медресе ұстазы | Алматы

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Имам Ахмад: Бір адам мешітке кіріп, жамағаттың ықыласпен намаз оқып жатқанын көргенде, өзінің де намазын көркемдеуге тырысса, бұл рия бола ма? – деп сұралғанда:

Жоқ, бұл – мұсылманның мұсылманға тигізген берекесі, – деп жауап берген.


Бұл сөздің мағынасы – адам шынайы иманды жандарды көргенде, өз намазының кемшілігін сезініп, оны жақсырақ орындауға талпынады. Ол мұны адамдар мақтасын деп емес, керісінше, өз парызын лайықты атқару үшін жасайды. Бұл – иманды ортаның адамға тигізетін игі әсері, яғни мұсылманның мұсылманға берекесі.


«И мне не стыдно признаться» тренді және оның зияны

Қазіргі таңда «И мне не стыдно признаться» деген тренд белең алып, оның аясында адамдар өздерінің жеке өмірлерін, оның ішінде ажырасу, күнәлар, теріс әдеттер секілді мәселелерді ашық жариялауға бейімделіп барады. Ислам тұрғысынан бұл трендтің қаупі зор, себебі ол жаман нәрсені тарату, отбасылық құндылықтарды әлсірету, ұят пен иманның әлсіреуіне себеп болады.


Исламда ұят – адамның ар-ожданының көрсеткіші. Егер бір адам күнәсін немесе жеке мәселесін ашық түрде айтып, оны мақтан көрсе, бұл оның иман әлсіздігі мен рухани құндылықтардың төмендеуін білдіреді.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):«Ұят пен иман – егіз. Егер біреуі жоғалса, екіншісі де кетеді» - деген.

Ажырасудың ашық түрде айтылуы:
-Отбасын құруға ниетті жастарды қорқытады
-Қоғамда ажырасуды қалыпты жағдайға айналдырады
-Отбасы құндылықтарының әлсіреуіне себеп болады

Бұл тренд адамдарды жамандықты ашық айтуға, ажырасуды қалыпты нәрсе ретінде көрсетуге, отбасы құндылықтарын әлсіретуге алып барады. Ислам бұл нәрселерден сақтандырып, керісінше ұят, әдеп, отбасылық жауапкершілік секілді қасиеттерді дәріптейді.

Бұл трендке қарсы тұрудың ең тиімді жолы – адамдарға оның қауіпті екенін түсіндіру және жақсылықты тарату.


Ащы шындық:
Ізгі салиқалы адамды жұрт сүйеді,
бірақ ол қоғамды түзетуге ұмтылса, одан теріс айналып, тіпті қарсы шығады.
Құрайыштар Алла Елшісін (ﷺ) ізгілігі үшін жақсы көріп, құрметтеген еді, ал ақиқатты жеткізіп бастағанда оған жау болды.

Қоғамда өзгеріс пен жақсылық орнатқысы келетін әрбір адам осы шындықты түсініп, қиындықтарға дайын болуы керек. Себебі тарих қайталанып отырады, ал хақ жолы – сынақ пен сабырды талап етеді.


Бірде бір бәдәуи жолда келе жатып, бір топ адамның ас ішіп отырғанын көреді. Ол оларға сәлем беріп, бөгелместен дастарқанға жайғасып, бірге тамақтана бастайды.

Таңғалған адамдар одан:
— Бізден біреуді танисың ба? – деп сұрайды.

Сонда бәдәуи асықпай тамаққа назарын салып:
— Мынаны жақсы танимын, – деп жауап береді.


Көшелерде жаршы жүріп, былай деп жар салатын:
«Кім үйленуді қаласа, біз оны үйлендіреміз. Кім үй салуды армандаса, біз оған үй тұрғызып береміз. Кімнің қарызы болса, біз оны өтеп береміз. Ал кім қажылыққа барғысы келсе, біз оны алып барамыз».


Бұл сөздер әділдігімен танылған Омеядтар халифатының ұлы халифасы Омар ибн Әбдуләзиздің (р.а.) дәуірінде ғана айтылған еді.


Жаттап алсақ екен🤲🏼🤲🏼🤲🏼⤵️

1. Зікір дұғаларының төресі:
Лә иләһә илләАллаһу уахдәһу лә шәрикә ләһ, ләһул-мулку уә ләһул-хамду уә һуа ала кулли шайин қадир.
2. Тәсбих дұғаларының төресі:
Субхана Аллаһи уә бихамдиһи адәда халқихи уә ридо нафсиһи уә зината аршиһи уә мидада калимәтиһи.
3. Дұға дұғаларының төресі:
Раббәнә әтинә фид-дуния хасанатан уә фил-ахирати хасанатан уә қинә азабән-нәр.
4. Мұңды тарқату дұғаларының төресі:
Лә иләһә иллә әнта субханака инни кунту минәз-зәлимин.
5. Истиғфар дұғаларының төресі:
Аллаһумма әнта Рабби лә иләһә иллә әнта, халәқтәни уә әнә абдука, уә әнә алә ғәһдика уә уәғдикә мастатәғту, аузу бикә мин шарри ма санәғту, әбу’у ләкә бини’матика аләййә, уә әбу’у бизәнби, фәғфир ли, фәиннаһу лә йәғфиру-з-зунуба иллә әнта.
6. Қорғаныс дұғаларының төресі:
Бисмилләһилләзи лә йәдурру ма’аисмиһи шай’ун фил-арды уә лә фис-сәмә’, уә һуәс-сәми’ул-алим.
7. Жан тыныштығы дұғаларының төресі:
Лә хәулә уә лә қуәта иллә билләһил-алиййил-азим.

613 0 22 1 33

Миллиондаған адамның осы түнде түрлі күнә мен теріс әрекеттерге барғаны белгілі.

Бірақ Алла Тағала сізді осыдан сақтап қалды.
Сондықтан өз күшіңізге, қабілетіңізге емес, Алланың рақымына тәуелді екеніңізді түсініңіз. Алланың сізге тура жолды нәсіп еткенін мойындап, осы нығметті бағалаңыз.

Егер Алла Тағала болмаса, сіз де сол адамдардың арасында болып, солар сияқты күнә жасар едіңіз. Егер Алла сізді қорғап қалмаса, сіз де адасар едіңіз. Бұл күшіңіздің, қабілетіңіздің немесе шеберлігіңіздің арқасы емес,
тек Алланың тура жолға салғанының арқасында ғана.

Сол үшін Алланың сізге берген рақымын сезініп,
Оның алдында кішіпейілдікпен бойұсыныңыз. Және Алланың өзі Құранда үйреткен мына дұғаны жиі айтып жүріңіз:

☪️ «Барлық мақтау бізді осы тура жолға салған Аллаға тән. Егер Алла бізді тура жолға салмаса, өзіміз тура жолды таба алмайтын едік»

📖 «Ағраф» сүресі, 43-аят.


2️⃣0️⃣2️⃣5️⃣ жылға бірінші, екінші және жүзінші өсиет: "БОС ОТЫРМАҢЫЗ"

Күніңізді пайдалы өткізуге арналған бірнеше мысалдар:
1. Рухани даму:
• Күн сайын Құраннан бірнеше бет оқып, мағынасын түсінуге тырысыңыз.
• Жаңа дұға немесе зікір жаттаңыз.
• Шүкірлік күнделігін жүргізіп, Алланың берген нығметтерін жазып отырыңыз.
2. Білімді жетілдіру:
• Кәсіби немесе жеке өміріңізге пайдалы жаңа дағды үйреніңіз.
• Күн сайын кемінде 10 бет кітап оқыңыз.
• Дінге қатысты кітаптарды оқып, білім деңгейіңізді арттырыңыз.
3. Денсаулық пен спорт:
• Таңертең немесе кешкісін серуендеңіз.
• Жеңіл жаттығулар жасап, денеңізді сергек ұстаңыз.
• Жаңа, пайдалы тамақ әзірлеп үйреніңіз.
4. Қоғаммен байланыс:
• Туыстар мен достарыңызға хабарласып, жағдайын сұраңыз.
• Қайырымдылық жасаңыз немесе мұқтаждарға көмек көрсетіңіз.
• Қоғамдық шараларға немесе пайдалы іс-шараларға қатысыңыз.
5. Жоспарлау:
• Алдағы апта немесе айға нақты жоспарлар құрыңыз.
• Мақсаттарыңызды жазып, оларды кішігірім қадамдарға бөліңіз.
• Өткен күннің нәтижелерін талдап, жетістіктеріңізді бағалаңыз.
6. Ішкі тыныштық:
• Таңғы кешкі зікірлер және тыныс алу жаттығуларымен айналысыңыз.
• Табиғатта уақыт өткізіп, айналаңыздың сұлулығын бағалаңыз.
• Өзіңізді марапаттап, көңіл-күйіңізді көтеріңіз.


Әбу Бәкір әл-Уаррақ:
Менің қатты науқастанып қалған он жастағы қызым бар еді. Осы сынақтан қиналғанымнан, оның өлімін қалап, тыныштық тапсам деп ойлайтынмын.
Осы ниетіме сай қызым қайтыс болып кетті.

Бір күні ұйықтап жатқанымда, түсімде осы қызымды көрдім.
Түсімде қияметтің басталып, кішкентай балалардың әкелерінің қолынан ұстап жәннатқа кіріп жатқандарын көрдім.
Сөйтіп мен қызыма: «Қызым, менің қолымнан ұстап, жәннатқа алып кіргізші», – дегенімде, ол маған қарап: «Жоооқ, Сіз менің өлімімді қалағаныңыздан олай жасауға маған рұқсат берілмейді» – деп жауап берген екен.

(Тарих Бағдад, 6/212).


Темір тоннамен, жеміс килограммен, алтын граммен, алмас каратпен өлшенеді.
Ал адам баласының амалдары болса – Құранның “Зілзала” сүресінің 7-8-аяттарында келгендей ЗӘРЕДЕЙ мөлшермен өлшенеді.

فَمَن يَعْمَلْ مِثْقَالَ ذَرَّةٍ خَيْرًا يَرَهُ

Кімде­-кім зәредей (мысқалдай) жақсылық жасаса, соның қарымын алады.


وَمَن يَعْمَلْ مِثْقَالَ ذَرَّةٍ شَرًّا يَرَهُ

Ал кімде­-кім зәредей (мысқалдай) жамандық жасаса, соның жазасын тартады.

«Зәре» сөзі араб тіліндегі «зәррә» сөзінен алынған. Ол «атом немесе материяның одан да кіші бөлшегі» деген мағынаны білдіреді. Бұл сөзді шаң тозаңындай деп бейнелеп аударушылыр да бар. Алайда аятта меңзелген басты мақсат – үлкенді­-кішілі қандай да бір жақсылықтың яки жамандықтың ақиретте ескерусіз, елеусіз қалмайтындығын білдіру. Әрине, ең дұрысын Алла біледі.


Репост из: SAYATEDU
“Мұғалімдікке жалақы алу үшін, күн көру үшін барғаннан асқан сор жоқ. Ол балалардың соры, ұрпақтың соры. Шаруашылықта, саясатта, тіпті соғыста жіберген қатені түзеуге болады. Ал тәрбиеде жіберген қатені түзеу қиын”.

#Тағылым


Бір қыздан хиджаб киюге қалай келдіңіз деп сұрағанда:
Алғашқы киетін хиджабым кебінім болып қалмаса екен деп Алладан қорықтым

депті.


Байқайсыздар ма, қазіргі уақытта ИН ШАА АЛЛА сөзінің екі түрі бар:
1. Ин шаа Алла (ИӘ)
2. Ин шаа Алла (ЖОҚ)


Бір кісі Абдулла ибн Мубаракқа келіп, өз баласын шағымданады. Абдулла ибн Мубарак оған:
Сен балаңды қарғаған (яғни балаңа ашулы кезіңде аузыңнан оңбаған, албасты сияқты т.б сөздер шыққан) ба едің?

- деп сұрайды.
Ол: Иә, - дегенде: Оны сен өзің бүлдірген екенсің, - деп жауап береді.

Сол үшін баламызға: САЛИҚАЛЫ БОЛҒЫР, ЖӘННАТҚА КІРГІР, ҚАРИ БОЛҒЫР, Т.Б ЖАҚСЫ СӨЗДЕРМЕН ҰРЫССАҚ БОЛАДЫ)


Бір ғалым айтқандай:
"Муса пайғамбар Алла Тағаланың ол үшін теңізді екіге бөліп жол ашып беретінін білген жоқ.
Бірақ Мұса пайғамбар Алла Тағаланың оны жәрдемсіз қалдырып қоймайтығын нақты білді".


Яғни әрдайым Алла Тағала жайында жақсы ойда болыңыз.


"Бәріміз Адам (а.с) жәннаттан бір күнәсі үшін шығарылғанын білеміз. Бірақ соған қарамастан жәннатқа кіруімізге 100 пайыз сенімді болып, қаншама күнә жасап жүрміз".

деп айтқан екен бір ғалым.


Махрұм ол -
Ықылас сүресі Құранның үштен біріне тең келетінін біле тұра күніне кем дегенде бір мәрте оқымаған адам.


Ал егер үш мәрте оқысаңыз Құранды толық оқығандай сауап аласыз.


Ұстаздар жиналып алып, футбол ойнағанын елестетіп көріңізші:
- Біреуі пас беріп Ма шаа Алла дейді,
- Екінші допты тоқтатып, Алла разы болсын депті,
- Үшінші гол салып Альхамдулилаһ деді,
- Қақпашы болса, Субханналаһ деп допты жіберіп алыпты,
- Капитан болса, Аллаһу Акбар деп қуана кетіпті.

Байқадыңыз ба осыны жымиып оқып, зікір айтып алдыңыз😁🤲🏼.


Бір адам ғалымға сұрақ қойып
- мен өзімнің салиқалы немесе салиқалы емес екенімді қалай білсем болады?
- Ата-анаңызға дұға жасайтын болсаңыз салиқалылардың қатарында боласыз. Себебі хадисте "оған (ата-анасына) дұға ететін салихалы ұрпақ", деп келген.

Алла Тағаланың өзі үйреткен ата-анаға жасалатын дұғалар⤵️
1. Раббирхамһума кәмә раббаяни сағира.
“Раббым! Ол екеуі мені кішкентайда тәрбиелегендей Сен де оларды мейіріміңе бөлей гөр!”, - де».
2. Раббанағфирли уа ли уалидаййя уа лиль-му’минина яума яқумуль-хисаб.
“Раббымыз! Есеп болатын күні, мені, әке-шешемді және мүміндерді жарылқа!”.

Ата-анамызға дұға жасап жүруді ұмытпайық.


Анасы баласына:
Ұлым егер сен 10 мәрте ықылас сүресін оқысаң Алла тағала саған жәннәттан үй салып береді дейді. Сонда ұлы сүрені оқып бастағанда анасы да артынан қайталап тұрады. Ол соны естіп, бірден АНАШЫМ СІЗ ОҚЫМАҢЫЗ деп тұрып алады. Анасы не үшін дегенде СІЗ МЕНІМЕН БІРГЕ МЕНІҢ ҮЙІМДЕ ТҰРАСЫЗ

деп жауап берген екен.

Показано 20 последних публикаций.