Жай Спорт KZ 🇰🇿


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Спорт


Қазақстан спортының ең қызық жаңалықтары, өзекті тақырыптар мен сіз білмеген ақпараттар.

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Спорт
Статистика
Фильтр публикаций


#Wimbledon2024

🇰🇿🎾Қазақстандық теннисшілер Уимбилдондағы жорығын тек жеңіспен бастады

Бейбіт Жукаев vs Юрий Родионов- 7:6(5), 7:6(7)

Тимофей Скатов vs Андреа Пеллегрино- 6:3, 6:3

Денис Евсеев vs Маттео Мартино- 6:7(4), 6:2, 7:6(7)

Михаил Кукушкин vs Виталий Сачко🇺🇦- 6:3, 6:3


Мұхаммедсабыр Базарбайұлы:

Парижге тек алтын алу үшін барамын


💪Түркістандықтар соңына тырысып, семейлік ұжыммен ұпай бөлісті

😑 «Тұран» 2:2 «Елімай» 🤔

0:1 - Дмитрий Яшин 33’
1:1 - Антонио Яколич 43’
1:2 - Сергей Кейлер 45+2
2:2 - Артем Дмитриев 90+4

✊😀 Марко Николич 61’


Ромера ақтөбеліктерді көшбасында сақтап қалды

😘«Ақтөбе» 1:0 «Шахтер» 🤗
1:0 - Дорни Ромеро 70’


😱Дембо Дарбо "Жеңіс" - "Ордабасы" арасындағы кездесудің ең үздік ойыншысы атанды.

⚡Дербо "Жеңіс" қақпасына гол соғып, ойын барысында біршама қауіпті сәттер жасап, өте белсенді болды


"Ордабасы" сырт алаңда сенімді жеңіске қол жеткізді


🎾Юлия Путинцева (#41) Бирмингемде өткен WTA 250 турнирінде топ жарды

👏Ақтық ойында Юлия аустралиялық Айлу Томлянович (#190) 6:1, 7:5 есебімен тізе бүктірді


😘Максим Самородовқа Еуропадан қызығушылық бар

👀Аустриялық "Штурм" футбол клубы осы жазда Максим Самородовты сапына қосуы мүмкін.

⚡Қазіргі сәтте Максим Ресейден де ұсыныстар қарастырып жатыр және ағылшын тілінің курстарына қатысып жүр.


Астанов «Астанаға» көптен күткен жеңіс сыйлады

😀 «Қызылжар» 0:1 «Астана» 😀
0:1 - Эльхан Астанов 70’ (пенальти)


🔥 Қасқырлар қарсыластан жеңісті жұлып алды

😀 «Жетісу» 1:2 «Қайсар» 😀
0:1 - Валерий Громыко 2’
1:1 - Серікжан Мужиков 21’
1:2 - Руслан Юденков 67’

❌😀 Серікжан Мужиков 41’ (пенальти)
❌😀 Валерий Громыко 57’ (пенальти)


🇰🇿Қазақстан 2025 жылы жастар арасында өтетін Еуропа Чемпионатын өткізуге ресми ұсыныс жасады

🇰🇿Қазақстан футбол федерациясы және Қазақстан футзал қауымдасты бірлесіп 19 жасқа дейінгі жастар арасында 2025 жылы өтетін Еуропа Чемпионатын өткізуге ниетті.

🇪🇺Ақтық шешімді УЕФА 2024 жылдың қыркүйек айында жариялайды.

⚡️Өтініш мақұлданған жағдайда чемпионатты Астана қаласы қабылдайды. Ал, біздің U-19 турнирдің қожайыны ретінде чемпионатқа автоматты түрде жолдама алады.


🇰🇿Елена Рыбакина Берлинде өтіп жатқан WTA 500 турниріне қатысудан бас тартты



🇧🇾Виктория Азаренкоға қарсы ойында Елена өзін жайсыз сезініп, турнирді әрі қарай жалғастыра алмайтынын жеткізді.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🏆Олимпиадаға дайындықты пысықтау жұмыстары жалғасуда.

🏆Нәзік жанды былғары қолғап шеберлері қазіргі сәтте Алматыдағы жаттығу базасында. Олимпиадаға баратын қыздарымыз:

🥊 Назым Қызайбай (50 келі)
🥊 Карина Ибригаимова (57 келі)
🥊 Валентина Хальзова (75 келі)


Соңғы 6 жылда спорт клубтарына 200 млрд теңге қаржы жұмсалған

Антикор спорт саласындағы былықтың артын ашуды жалғастыруда. Бүгін соңғы 6 жылда спорт клубтарына мемлекеттен 200 млрд теңге қаржы алғаны хабарланды. Қомақты қаржының басым бөлігін «Астана» футбол клубы мен «Барыс» хоккей клубы жұмсаған.

Қаржыландыру бар да, нәтиже жоқ жүйенің жоқ болуына аз қалды.


🎙Ризабек Айтмұхан ММА жайлы:

Шавкатпен жекпе-жек өткізген соң мені ММА барады деп ойлаған жанкүйер бар екен. Иә, маған еркектерді еркек ететін спорт түрлерлі ұнайды. Бірақ, менің мақсатым Олимпиада да Қазақстанға алтын алып беру


🤑«Тобыл» Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласын білді

🐒 Словакиялық «Ружомберок» біздің қарсыласымыз атанды.

Алғашқы ойын 11-шілдеде Словакияда, қарымта ойын 18 шілдеде Қостанайда өтеді.


😘«Ақтөбе» Конференция Лигасының бірінші кезеңінде кездесетін қарсыласының есімін білді

🏆Ньон қаласында УЕФА Конференция Лигасының алғашқы іріктеу кезең жеребесі тартылып, «Ақтөбе» қарсыласы анықталды. Ол «Сараево» футбол клубы.

Алғашқы ойын 11-шілде күні Ақтөбеде қаласында, қарымта ойын 18 шілдеде Босния және Герцеговина астанасы Сараево қаласында өтеді.


✔️Иван Карп растайды:

❎Бахтиер Зайнутдинов Ресейге оралудан нақтырақ айтқанда "Зенит" сапына ауысудан бас тартты.

💰"Занит" жартылай қорғаушы үшін "Бешикташқа" 5,5 млн еуро ұсыныпты


💙 «Ордабасы» Чемпиондар Лигасын іріктеу кезеңінің алғашқы турында кездесетін қарсыласын білді

Шымкенттік ұжып бірінші іріктеу кезеңінде «Петрокуб» (Молдова) командасымен күш сынасады

📆 Алғашқы ойын – 9-10 шілде, ал қарымта ойын 16-17 шілдеде өтеді.


Еурокубоктаргк қатысатын клубтарымыздың болжамды қарсыластары анықталды

💙🏆 «Ордабасы»:
🇧🇬 "Лудогорец"
🇷🇴 ФКСБ
🇦🇲 "Пюник"
🇲🇩 "Петрокуб".

💚🏆 «Тобыл»:
🇸🇪 "Эльфсборг"
🇷🇴 "Корвинул"
🇧🇬 "Ботев"
🇦🇿 "Зиря"
🇸🇰 "Ружомберок"
🇽🇰 "Лапи"

❤️🏆 «Ақтөбе»:

🇬🇪 "Динамо" (Тбилиси)
🇦🇱 "Партизани"
🇲🇩 "Милсами"
🇧🇦 "Сараево"
🇦🇲 "Урарту".

🏆 «Астана» Конференция лигасындағы жорығын екінші кезеңнен бастайды.

Показано 20 последних публикаций.