данышпан қарға


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Цитаты


уикипедияға ұқсайтын бала

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Цитаты
Статистика
Фильтр публикаций


Сол саты.


Адамзат баласының бір сөзге келіп, келісімде өмір сүруін тілемеген адам жоқ шығар. Бірақ кейде бұған адамзаттың өзі қарсы ма деп қалам.

Сонымен. Құдыстағы "Қасиетті қабір" ғибадатханасында қозғалмай тұрған бір саты бар. Құдыс - Палестинада, күллі христиан жұрты Исаны сол жерде айқышқа керілген деп санайды (ғибадатхана да, негізі, оригиналында солай аталады, менің қазақша аудармам қуып кетсе ғафу етіңіз христиан жолдастар), ендеше ол жердегі барлық нәрсе ашық аспан астындағы мұражай болып қалуы тиіс. Әйтеуір гректер солай деп ойлайды. Бірақ, бір қызығы ол жерде гректер ғана емес, ғибадатхананың 6 топтан тұратын иесі бар:
- Иерусалимнің грек православ шіркеуі
- Католик шіркеуі
- Армян апостолдық шіркеуі
- Копт православ шіркеуі
- Сирия яковит православ шіркеуі
- Эфиопия православ шіркеуі
BTS блин...

Сатыға оралсақ. Не керек, әлгі ғибадатхананың интерьер-экстерьерін өзгерту үшін осы алты бас бір жағадан бас, бір балақтан аяқ шығарып келісім беру керек. Ал әлгі сатының бір емес, екі емес, үш ғасыр бойы (дәлірегі 297 жыл) сол күйі қозғалыссыз тұрғанын есепке алсақ, олардың болашақта да өзара келісе алуы үлкен күмән тудырады.

Бір діннің, тіпті бір ақиданың ішінде отырып алып бір сатыны қозғай алмайды деп сөгуден алдын, "кейін жөндеп қараймын" деп сарайға/балконға шығарып тастаған ескі заттарыңды еске түсір (Бұл абзацтың мәтінге қатысы жоқ, жай ұрысқым кеп кетті).

Сонда да, бұл мәселені бюрократиялық шимай деп қарастырғаннан бөлек, мәселеге басқа қырынан қарасақ өмірге тағы бір парадокс келеді (гректер ёпта, жүрген жері осы). «Егер бір топ сатыны қалдыруды, ал екіншісі - сатыны алып тастауды қалайтын болса әрі екі таңдаудың бірін жасап сатыны жылжытып я алып тастасақ - бір топтың екінші топтан үстемдігін мойындағанымыз, бұл әділетсіздік болмақ. Ал теңдікті сақтап қалудың бір ғана жолы - статус-кво», - дейді олар. Осы орайда. Барлық топ сатыны қалдыруды қолдаған топтың айтқанын істеді деген сөз емес, статус-кво – қалай бар, солай тұра берсін деген сөз, бұның ешбір топтың қалауына жатқызуға болмайды.

Сол, сөйтіп. Отырып-отырып, адамзаттың жарқын болашағына деген үміттеріңе су төккім келіп кетті. Адамзат ешқашан ынтымаққа келмейді. Адам болмайды олар, болды. Соны ертерек түсініп, басқа нәрсе тілесеңдер екен деген ізгі ниет қой менікі.


Сыйлық деген болмағыр нәрсе болу керек деп ойлайм.

Пайдалы нәрсе сыйлау керек деген ой ақылға сыйымды, бірақ пайдалы деп бір келі күріш те сыйлауға болады. Адам шын қажетсінетін нәрсесін өзі онсыз да сатып ала алады, ендеше екінші реттік қажет заттарды сыйлау керек тым құрыса.

Болмаса сол түкке тұрғысыз картина, әдемі орамдағы туалет қағазы, банкадағы нәски, гүл сияқты фигняларды.


Қандай сыйлық сыйлаған дұрыс? Спойлер: кітап емес.

Өз басым дәл осындай ақпараттық ағыннан шатырың жүріп кетуге шақ тұрған заманда жақыныңа кітап сыйлауды - арсыздыққа балап жүрмін соңғы күндері. Ал аяғым, тіпті, адамдар кітапты көрсе құсқысы келетін шығар деп ойлайды.

Бірақ ешқандай идея қалмағанда немесе ойлануға ерінгенде таптырмас вариант: кітап дүкенінен біреуін алдың да, аннотациясын оқисың, оқымасаң ол да жоқ, сыртын орап біреуге сыйлай саласың.
Кітапты ешкім нашар сыйлық дей алмайды, деп жатса жабылып сауатсыздығы мен кітапты сыйламайтын асқан күнәһарлығын есіне түсіріп, буллить етжвересіңдер.

Сонда да, бір адамның басына 10 оқылмай шаң басып жатқан кітаптан келетін уақытта тағы біреуін сыйлау деген тіпті фашизм ба деп қалам.

Сонымен не сыйлау керек? Хз не сыйлау керегін, әйтеуір кітап сыйламасаңдар болды.


«көзі ашық, көкірегі ояу адамдар атеист болады» деген пікірге тап болдым осы аралықта. сіздің ойыңыз қандай осы туралы?

Көзі ашық, көкірегі ояу адамдар барлық нәрсеге күмәнмен қарауға бейім болады. Бұл діншілдікке қарағанда, атеизмге жақынырақ болады деген сөз. Бірақ атеизмнің де өз фанатизмі бар. Сауатты атеист болу өнері де сауатты діндар болу өнері сияқты қиындау, ендеше көкірегі ояу адам басымдықты ешқайда бермесе керек-ті

531 0 5 39 15

қанша балаңның болғанын қалайсың?

2-3. Қаржылық жағдайыма қарай. Ұлт тағдыры, демографиясы туралы ойлар мені мазаламайды 😁


Жасыңыз нешеде?

24


Әйел/күйеуіңмен арадағы үлкен махаббат та аяқталуы мүмкін өмір болғасын. қалай более спокойно қабылдауға болад әлде бұған дайын болу мүмкін емес пе? раз и навсегда болғанын қалар едім

Нирвананы таныған адам ұқсатқаныңа рақмет, алайда уақыттың алдын кесіп болашақты болжау қабілетім жоқ, өкінішке орай. Меніңше бақытты боп, өз өміріне көңілі әрдайым толып жүргендер ешқандай да тұрақты бақытты емес, тек өзінің ішіндегі азғын ойларын жеңіп, өмірдің сай-саласы мен биігін таныған адамдар сияқты. Іштей қанағат, көндігу мен тағы бірнәрселерді баланста ұстап жүргендер болмаса, мәңгі бақыт еш жерде жоқ


Тамақ болса жарасы жеңіл екен,сіздей жігітке бүкіл әлемді сыйласа да жарасады ғой 🫶🏻

🥰❤️💋😪🙏🥳💅👌😶‍🌫🥵


әскерге барып пе едің?

Жоқ, осознанный уклонистпін


кәріліктен қорқасың ба? қалай елестетесің?

Қорқам өлердей. Осы күйіммен өлмей жүре берсем, 70-ке барғанда бір бөлмеден шықпайтын, потолокқа тесіліп қарап жататын шал болатын шығармын


үлкен спорт үшін оқуды, мектепті, универді тастап кететіні үшін спортшыларды жиі білімсіз, қызықсыз собеседник деп жатады ұлы спортшы болса да. келісесің бе?

Біз жақтарда профессионал спорт деген жоқ қой, сондықтан өмірлік тәжірибеммен бөлісе алмайм. Бірақ, мысалы, Крооспен, көпті көрген Модричпен, Федерермен сұхбаттасуға тақырып табуға болатын сияқты


тип привязанность қандай?

Избегающая


реалистсің бе әлде идеалист пе?

реалист болғым келед біләә, бірақ пока идеалистпін 🥲


болашақта қайырымдылықпен айналысқың келе ме?

Жағдайым жетсе. Долларлық миллионер болсам кем дегенде. Онда да, адамдардың үйіне картоп-пияз тасып жүру емес, грант, стипендия бөлу деген сияқты инвестиция дәрежесіндегі қайырымдылықпен.


қаншалықты эгоистсің?

Жан сақтау инстинкті дәрежесінде. Өліп бара жатып біреуді құтқару жайлы ойлай алмаймын


Сіз секілді сері жігіттің жүрегін қалай жаулауға болады?

Қатардағы ер азаматтың жүрегі сияқты: тамақпен 💅


Гитлер еврей ұлтынан шыққан ба ? Менің күмәнім бар, бірақ та бұлай сұрақ қойған себебім де бар тарих пәнінен беретін апайым солай айтқан. Сосын ол қайтыс болған соң қайда жоғалған ?🧐

Адамдардың этникалық тарихын қазбалаған - Сизифтің жұмысы, 5 атадан соң небір фашистер мен еретиктер шығуы мүмкін. Одан дым мән де жоқ. Гитлер 0.15 процентке, тіпті одан да жоғары ықтималмен еврей болып шықса, оның ұлты газ камераларында өліп кеткен адамдардың өмірін қайтармайды.
Сенімді емеспін, бірақ Гитлер мен жақындарына байланысты архивтердің статусы әлі құпия. Чекистер мен ФБР-лер ғана біледі қай көрден жатқанын.


әйеліңмен бірге тұрып әрі бірге жұмыс жасай алар ме едің күн сайын таңнан кешке дейін бірге болып?

Скорее нет чем да. Шаршатып жіберетін сияқты


жақыныңды ренжіткен адаммен ары қарай араласа бересің бе?

иә, вообще похуй

Показано 20 последних публикаций.