Құрылысты цифрландыру: процестерді басқару үшін «бір терезе» жүйесін құру.
Астана қаласында «бір терезе» қағидаты бойынша құрылысты ұйымдастыру үшін порталды енгізу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге мемлекеттік органдардың, сондай-ақ IT және құрылыс саласындағы ұйымдардың өкілдері жиналды.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс Вице-министрі Жәннат Дүбірованың төрағалығымен өтті, ол барлық мүдделі қатысушыларды құрылыс процестерінің тиімділігін арттыру үшін өздерінің IT шешімдерін «бір терезе» жүйесіне біріктіруге шақырды.
Іс-шара барысында «ҚазҚСҒЗИ» АҚ веб-әзірлеушісі Адиет Капсалямов сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында электрондық үкімет пен мемлекеттік сараптаманың ақпараттық жүйелерімен интеграцияны қамтамасыз ете отырып, құрылыс процестерін бақылауға және басқаруға мүмкіндік беретін "бір терезе" қағидаты бойынша порталдың артықшылықтарын айтты.
«Бір терезе» жобасының мақсаты—құрылысқа қатысушылар үшін атқарушылық-техникалық құжаттаманы жүргізу үшін бірыңғай цифрлық платформа құру. Порталдың негізгі артықшылықтарының қатарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту, құрылыс -монтаждау жұмыстарының барысын толық бақылау және деректерді жылдам талдау мүмкіндіктері бар.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті «бір терезе» қағидаты бойынша порталдың иесі болып табылады, ал «ҚазҚСҒЗИ» АҚ осы порталдың операторы. Іс-шарада мемлекеттік ақпараттық жүйе мен жеке шешімдердің өзара іс-қимыл схемалары ұсынылды.
«Бір терезе» қағидаты бойынша құрылысты жүргізуді ұйымдастыру порталын интеграциялау мәселелері бойынша мына электрондық поштамен байланыса аласыз: a.kapsalyamov@kazniisa.kz.