KERege


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Цитаты


Үйім киіз үй, жүрегім ою.🌘
Арна иесі: @ai_zhanymm

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Цитаты
Статистика
Фильтр публикаций


Енді кешке волейболға барамын. Ұйықтап қалмау керек)


Көктемді осы үшін күттім ғой.


Миым демалып қалды.


Түнгі ауысымнан шығып Терренкурге барып, одан шоппинг жасап қайту оп-оңай)


Мен бұл өмірдің формуласын түсінемін дегенше, менің есебім шығып қоятын сияқты.


Бәйшешек жеу деген гештальтым бар.


Мың рет құлап, мың бір рет қайта тұрдым. Жалғыз. Мен біреу мені сүйемеді деп өкпелемеймін, құқым да жоқ. Бірақ, жинаған жараларымнан ешкімге арқа сүйемеуді үйрендім. Бағыты өзгеріп, басқа тарапқа кеткенде ғұмырымның тепе-теңдігі тас-талқан болып, тағы құлауға өзімді қимаймын.


Айтылмаған сөз бен, көрсетілмеген сезімді көз білдіреді. Тек оны оқи алатын адам болса.


Жасырылған сезімдер, жаныңды итшелегенде кімге барып сырыңды айтасың?


Менің жоспарымнан гөрі Құдайдың жоспары көркем екеніне көзім жетіп келе жатыр.


Бақытты жарықтан іздеп жүрсем, бақыт өзімнің жүрегімнің түбіндегі түнекте екен.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Басында осылай мәз болып кіргенмін. Соңында жылап-жылап шақтық…


Мен саған айғайладым. Бірақ зілсіз. Бірақ ашусыз. Себебі мен сені сүйемін. Сүйгенім үшін сөге алмаймын.


Сен барыңды беруге лайық деп тапқан адамың, сені қаламаса. Сезіміңнің құны бір тиын.


Сен сүймегеннің сезімін сезу жиіркенішті.


Тағдыр құрдымға махаббат жоқтықтан кетеді.


Сүймейтін адаммен сиысу үшін өзіңді құрбан етуің керек.


Екі бақытсыз адамның басын қосып, бақыт сезінуге ұмтылу неткен топастық? Өзіңмен бақытты болмай жатып, өзгеде жоқ бақытты қай жараңа жамау етпексің?


“Бізде бәрі жақсының” астында қанша зіл жатыр?

Показано 20 последних публикаций.