📚 MAKTUBAT - ДІНИ КІТАПХАНА


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Книги


@maktubatkzbot ботының ресми каналы. Каналда бот базасына енгізілген кітаптар туралы мәліметтер жарияланады.
🔝 Канал - @maktubatkz
🔝 Чат - @maktubatchat
🔝 Ұсыныс пен сұрақтар - @iamsyrym

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Книги
Статистика
Фильтр публикаций


💡 Оразам бұзылмай ма?
Бiр рамазан-орза күнi  мектепте бұзықтық жасаған оқушыға
👩🏻‍🏫ұстазы:
- Тыныш отыр, болмаса таяқ жейсiң!- дептi.

🧒🏻 Оқушы да:
– Ұстаз  әпендiм! Таяқ жейтiн болсам оразам бұзылмай ма? - дептi.


https://t.me/maktubatkz


💡 Қожанасырдың ораза тұтуы

Қожанасыр бұрын ораза тұтпаған екен. Келісімді ораза айы туар алдында әйелі бір күні: «Пайғамбар жасына келіп қалдың, енді оразаға  кіріс», – депті. Содан  Қожанасыр оразаға кірісіпті.

Қандай іске болса да әрі шорқақтау, әрі аңқау Қожекең байқамай оразаның заңын бұза беріпті. Әйтеуір, әйелінің аңдып, бақылауымен үш-төрт күн ораза тұтыпты.

Жаздың ұзақ күнінде аш жүру Қожекеңе оңай соқпай, үш-төрт күн тұтқан оразасы жанына батыпты. Бұл елдің батыс жағында биік тау бар екен, күннің көзі таудан асып, көрінбей кететінін «Күн баттыға» саяды екен. Қожанасыр түс ауа болды, күннің көзі тауға жетіп жоғалатын кезін шыдамсыздана күтеді екен.

Шыдамы кеткен Қожекең бір күні «ақыл таптым» деп қара үйін бұзып, есегіне арта  бастайды. Әйелі аң-таң болып: «бұның не!» – деп  Қожекеңнің бірдеңеге былыққанын көріп безек қағыпты.
     Қожанасыр:
     – Үндеме, айла таптым, күннің қысқа жеріне барып отырамыз ораза біткенше,– деп таудың нақ терең сайына барып қара үйін тігіпті. Бұл жерде күннің көзі түс ауса болды, таудан асып көрінбей кетеді екен. Ал, Қожекең осыны аңдып тұрады да, күн батты, ауыз ашық,– деп әйелінің қарсылығына  қарамай, аузын ашып, оразаны осылай ұстаған екен

https://t.me/maktubatkz


🌸 «Көк пен жердің арасындағылар,
илеуіндегі құмырсқа, теңіздердегі балықтарға
дейін (бүкіл тіршілік иелері)
ІЛІМ ҮЙРЕНУШІГЕ игі дұға тілейді»

Осыдан кейін, қалай кітап оқымайсың?😀😶‍🌫️

https://t.me/maktubatkz


Репост из: Әпендінің әңгімелері | Посткүнем👳‍♂️
Наурыз келген сайын қоғамда әйелдердің еркектердің ықыласы мен қошыметіне мұқтаж екенін, оларға әрдайым еркектерден жылулық жетіспей жүргенінін түсінемін...

Ол еркек әкесі, күйеуі, баласы, тіпті әріптесі болуы да мүмкін...

Өміршең ислам діні әйелдің қоғамдағы құқығы мен мән-маңызын 14 ғасыр бұрын бекітіп, жерге құлаған әйел статусын тіктеп берген дін. Олардың абыройын көтеріп, арсыздықтан сақтау үшін әуретін жабуы туралы аяттар түсірді.

Әйел әркімнің құмарының құлқы мен қолжаулығына айналмас үшін некелесу санын төртке дейін қысқартты....

Тіпті, Алла Тағала 176 аяттан тұратын сүреге «Әйелдер» деген атау берді.

Ислам Ананың статусын Әкеден жоғары қойған дін.

Үлкендігі жер мен көктей Жәннатты ананың табанының астына сыйдырып қойғаны және бар...

Ислам қарындасына, туған қыздарына көркем мәмілесі мен тәрбиесі үшін астыранын өзен аққан Жәннатты уәде еткен дін...

Мүбәрак пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде «Сендердің ең жақсыларың әйелдеріңе жақсы қарағандарың» десе, сахабаларының «Адамдардың ішінде кімді ең қатты жақсы көресіз» деген сұрағына «Айша» деп жауап беріп, некелі жарына деген құрметі мен қадір қасиетін сездірген...

Алла Тағала Адам Атаға серік болсын деп Хауа анамызды жаратса, сәби Мұсаны Әсия анамыз арқылы перғауыннан құтқарды...

Исаны Мәриям анамыз арқылы ерекшеледі. Қасиеті жоғары Зәмзәм бұлағына Ажар анамызды себепкер етті...

Алла Тағала ақырғы пайғамбары Мұхаммедке арқа сүйері етіп Хадиша анамызды берді әрі ол ең алғашқы мұсылман болды.

Әрине, мұндай мысалдар өте көп.... Бұл бізге Исламның әйел затын қаншалықты құрметтегенін ұқтырады...

ДЕМЕК, ислам желісімен өмір сүретіндер үшін 8 наурыз қалыпты күн ғана. Мұсылман түсінігі мұндай бір күндік мерекелерге мұқтаж емес.

Әйелдер де бір күн сыйлық алып, қошымет көргеніне мәз болмай қоғамдағы құндылығын сақтап қалуға тырысса екен деймін...


🔴 ФИҚҺУС-СИРА PDF КІТАБЫН САТЫП АЛ ДА, ЖАБЫҚ КАНАЛҒА ТЕГІН ТІРКЕЛ!

Пайғамбар ғұмыры туралы кітаптар өте көп. Солардың ішінде бірегейі - “ФИҚҺУ ӘС-СИРА” (Сира түсінігі) кітабы.

Жеті жүз беттен асатын еңбек “Мінбер шәһиді” марқұм шейх Рамазан әл-Бутидің есімін ислам әлеміне әуелеткен құнды туынды.

Бұл кітапта жай пайғамбар ғұмырын баяндап қоймайды, сираны тәпсірлейді.

Мысалы, ислам неге арабтарға түсті, неге пайғамбар жетім өсті, неге ислам Мекккеде емес, Мәдина қаласында өркендеді деген сынды сан сұраққа жауап береді әрі фиқһ үкімдеріне үңіледі.

Сіздер дәл осы кітапты сатып ала отыра біздің жабық каналымызға ТЕГІН тіркеле аласыздар.

Бұл каналда эксклюзивті діни кітаптар, бұрын еш жерде жоқ су жаңа еңбектер және канал мүшелері үшін арнайы сатып алған кітаптар болады. Әрі олар ашық каналға шықпайды.

Қазірдің өзінде отызға жуық кітап жабық канал оқырмандарына ұсынылды.

❗️ АЛДАҒЫ УАҚЫТТА БҰЛ КАНАЛҒА ТІРКЕЛУ АҚЫЛЫ БОЛАДЫ. ҚАЗІР 0 теңге!

🔺 Кітап + жабық канал бағасы: 3000 тг.

▪️Каспи Голд: +7705363-93-11

▪️Чек жіберу: @mustagan


💡Барлық нәрсенің зекеті бар
Дененің зекеті - ОРАЗА

https://t.me/maktubatkz

📚❤️🤗 Жұма мүбәрәк болсын




Қазіргі уақытта хит болып жатқан «Болмаған балалық шақ» фильмінің кітабы✅




💡 Кей адам ораза ұстайды, кей адамды ораза ұстайтын көрінеді.

📚 Мәлік Отарбаев «Таңғы шық» кітабынан

Нәтиже:
Ораза жақсылықты үйретіп, жамандықтан жирендіреді.


Репост из: Бауыржан Әлиұлы (ресми)
Не жұмысың бар?
Қожанасыр бір ауылға оразада тарауих намазын өткізетін имам болып барады. Бір ай бойы ауылдағыларға Құран үйретеді, оларға имамдық қылады. Ауылдағыларға әртүрлі діни қызмет көрсетіп, уағыз жүргізеді. Ал имамның сәресі мен ауызашарын ауыл тұрғындары кезектесіп беретін. Алайда Қожанасыр өзінің ойлағанындай күтім көрмейді. Қайда болса да жейтіні құр нан. Бір күні Қожекең екінті намазынан кейін мешіт мінбесінде уағыз айтады. Иса пайғамбардың жеті қат көктің төртінші қабатында жүргенін әңгімелейді. Уағыздан соң, бір әйел Қожанасырға жақындап келіп, қоятын сұрағының бар екендігін жеткізеді. Қожекең:
– «Сұрай беріңіз?»
– «Қадірлі имам мырза! Расымен-ақ Иса пайғамбарымыз көктің төртінші қабатында не жеп, не ішеді екен?»
– Әй, қатын! Сен ауылыңдағы имамның бір айда не ішіп, не жегенін білмейсің?! Иса пайғамбардың не жеп, не ішкенінде не жұмысың бар? – деп ренішін білдіріпті.


📚 Рамазан айында еселенетін қайырымдылық

Пайғамбарымыз (с.а.у.) жомарт кісі болатын. Ал, Рамазан айында асқан жомарттық танытушы еді. Алла елшісінің осы сүннетіне берік мұсылмандар қаржысын ораза ұстағандарға ауыз аштыруға,
жетім-жесірдің мұқтаждықтарын өтеуге т.б. жұмсап жатады.

🪔 Сіз Алла разылығы үшін қанша қаражат жұмсауға дайынсыз? Алла оны 70 немесе одан да еселеп кайтаруға дайын!

Барлық қаржыңызды сарып қылып, өзіңізге қажет қаражаттың артылмай қалуының алдын алу үшіп
есептеп алғаныңыз жөн.

💡 Рамазанда қанша қаржылай көмек жасай аласыз?

Мысалыға, күніне 100 немесе 200 теңге болсын десеңіз, соны 30-ға көбейтсеңіз, жалпы сомасы белгілі болады. Сол
соманы қайырымдылыққа мақсатқа бөлек алып
қоясыз.

🪔 Бір күнде 200 теңгеден бергенде, отыз күнде жиналған ол ақшаға бір окушының бір жылға шыдарлық сөмкесін сатып алуға болады.

Құдіретті Раббымыз: «Расында, ата-анаға, жақындарыңызға, жетімдерге, кедейлерге және
жолаушыларға жұмсалған қаражат абзалырақ.
Сендер қандай жақсылық жасасаңдар да, Алла
оны керуші» деген.

https://t.me/maktubatkz




📝Ибн Шихаб аз-Зухри:

«Рамазандағы бір тәсбих(Сухбаналлаһ сөзі) басқа уақыттардан мың есе артық»(«Фадаил Рамадан»,23)

📚
https://t.me/maktubatkz






400.000₸ айлық табысқа қалай жетуге болады?

Оңай — дағдыларыңды дамытып, ақшаға айналдыр.

Курстарға көп ақша жұмсаудың қажеті жоқ, менің архивімді сатып алсаң болады.

> 500-ден астам курс, кез келген тақырыпта
> Табысын кепілді түрде өсуі
> Қолжетімді бағадағы сапалы өнім

Донер комбо бағасына өміріңді жақсарта аласың.

Жабық каналға кіру үшін — @realsalerby


15 адам қалды🥲🙃


17 000 болсақ, сізді қызықтыратын Рамазан айында оқылуы тиіс кітаптар тізімін салатын боламын😍


Ертеңге дейін 17 000 бола аламыз ба😽

Показано 20 последних публикаций.