MSPORTS.KZ


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Новости и СМИ


https://msports.kz/ сайтының ресми арнасы! Қазақстан және әлемдегі спорт жаңалықтарының жаршысы.
№ KZ31VPY00101321 – Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі берілген.

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
⚡️Қазақстан құрамасы ІХ қысқы Азия ойындарының салтанатты шеруінен жүріп өтті

🇰🇿Еліміздің көк Туын хоккейші Әділ Бекетаев пен шорт-трекші Ольга Тихонова ұстап шықты.

📌 Айта кетейік, Қытайдың Харбин және Ябули қалаларында өтетін қысқы Азия ойындарына Қазақстан құрамасынан 137 спортшы қатысады.

🥇 Жерлестеріміз 6 спорт түрінен бақ сынап, 51 медаль жиынтығын сарапқа салады.


⚡️🥅 Қазақстандық хоккейші қыздар Азия чемпионатын жарқын жеңіспен бастады

👀 Топтық кезеңдегі алғашқы ойынында Гонконгпен кездесіп, 12:0 есебімен жеңіске жетті.

🔖 Келесі ойынын ертең Астана уақытымен 16:30-да Тайландқа қарсы өткізеді.

🗓 Шайбалы хоккейден бәсеке 14 ақпан күні мәресіне жетеді.


🇪🇺 Жеребе тартылды: "Ман Сити" ⚔️ "Реал"

Чемпиондар лигасында 9-24 орын алған командалар арасындағы ойындардың жеребесі тартылды

🇫🇷 "Брест" – "ПСЖ" 🇫🇷
🇵🇹 "Бенфика" – "Монако" 🇫🇷
🇮🇹 "Ювентус" – ПСВ 🇳🇱
⚽️ "Фейеноорд" – "Милан" 🇮🇹
🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿 "Ман Сити" – "Реал" 🇪🇸
⚽️ "Селтик" – "Бавария" 🇩🇪
🇧🇪 "Брюгге" – "Аталанта" 🇮🇹
🇵🇹 "Спортинг" – "Боруссия Д" 🇩🇪

🗓 Алғашқы матчтар 11-12 ақпанға, ал қарымта матчтар 18-19 ақпанға жоспарланған.


⚡️Ресми! Станислав Черчесов қызметінен кетті

🇰🇿 Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті. Еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылды.

🇰🇿 Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылдың маусымында ұстады. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, 1 ұпай ғана жинады.

👋 Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кетті.

📊 Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне үміткерлер тізімі қарастырылып жатыр.

msports.kz


⛸️🥉 Конькимен жүгіруден Калгариде өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы қола жүлдеге қол жеткізді

🇰🇿 Қазақстандық спортшылар Кристина Силаева, Дарья Важенина және Надежда Морозова үштігі командалық спринтте сәтті өнер көрсетті. Жарыс қашықтығын 1:26.36 секундта еңсеріп, Қазақстан қоржынына қола медаль салды.

📊 Жарыста Канада құрамасы жеңімпаз атанды. Күміс жүлдені Польшадан келген спортшылар иеленді.

🥇 Алтын жүлде – Канада (1:24.90)
🥈 Күміс жүлде – Польша (1:25.02)
🥉 Қола жүлде – Қазақстан (1:26.36)

msports.kz


2nd round ✔️ Әмір Омарханов Australian Open жарысының үшінші айналымына шықты

🇰🇿 Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты.

🎾 17 жастағы отандасымыз екінші айналымда аустралиялық Юмерали Ибраимиді жарыс жолынан шығарды. Екі сет қорытындысы бойынша 2:0 (6:4, 6:3) есебімен жеңіске жетті.

⏰ Ойын 1 сағат 35 минутқа созылды.

🤝 Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген Омарханов ширек финалға шығу үшін швециялық теннисші, 17 жастағы Виллям Режхтман Винцигаррамен кездеседі.

💪 Айта кетейік, Әмір Омарханов өткен жылы да өз жас категориясы бойынша сәтті өнер көрсетіп, ширек финалға дейін шыққан болатын.

msports.kz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
😱 Қамшыбек Қоңқабаев карьерасын аяқтады

🗣️ Бұл туралы Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Қайрат Сәтжанов айтты.

🇫🇷 Қамшыбек Қоңқабаев Париж Олимпиадасынан кейін шаршы алаңға оралмаған еді.

👏 – құрметке лайық


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🇰🇿 Али Ахмедов (23-1, 17 КО) қарсыласын екінші раундта нокаутпен жеңді

Қазақстандық боксшы Калифорниядағы бокс кешінде америкалық Малком Джонсты (17-5-1, 10 КО) оңай жеңіп шықты.


🔥 Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жек күні белгіленді

📱 Келесі кездесуі жайлы қазақстандық боксшының өзі жазды. Бірақ ашып айтпай, жұмбақ күйінде қалдырды.

Келесі жекпе-жек күні белгіленді. Жақында кездесеміз, достар! - деп жазды.

💪 Айта кетейік, Жәнібек биыл күзге дейін үш бірдей чемпиондық атақтың басын біріктіргісі келеді.


✔️ Ресми: Ғалымжан Кенжебек – «Кошице» ойыншысы атанды

✍️ Тараптар арасындағы келісімшарт 2027 жылдың маусым айына дейін жарамды.

🇸🇰 «Кошице» Словакияның жоғарғы лигасында өнер көрсететін клуб. Қазіргі сәтте турнирлік кестеде жетінші орында келеді.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🥇 Алғашқы алтын! Анастасия Городко Универсиада чемпионы атанды

🇰🇿 Қазақстандық могулшы Туринде басталған қысқы Универсиада ойындарында топ жарды.

📊 Жарыстың ашылу салтанатында Туды ұстап шыққан Аяулым Әміренова 5-орыннан көрінді.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🥇 Дінмұхаммед Райымқұл әлем чемпионатында алтын медаль алды

🇰🇿 Қазақстандық жас спортшы Алматыдағы "Шымбұлақ" тау шаңғы курортында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды.

👏 Отандасымыз фристайл-акробатикада үздік болып шықты. Финалда 104.52 ұпай жинады.

📹 Спортты дамыту дирекциясы


🇦🇺 Australian Open-2025. Қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды

🎾 Мельбурнде теннистен Аустралия ашық чемпионатының жеребесі тартылып, қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды. 

🇰🇿 Елена Рыбакина – Эмерсон Джонс 🇦🇺
🇰🇿 Юлия Путинцева – Элина Аванесян 🇦🇲
🇰🇿 Александр Бублик – Франсиско Серундоло 🇦🇷

🇰🇿 Александр Шевченко – Карлос Алькарас 🇪🇦

msports.kz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
⚡️🥇 Анастасия Городко алтын алды

🇰🇿 Қазақстандық Анастасия Городко фристайл-могулдан Алматыда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

🔖 Бір күн бұрын Анастасия жекелей жарыста күміс алған еді.


UFC-дің 2024 жылғы үздік нокауты мен сабмишені

🥊 Ұйым өткен жылдың үздік сәттерін анықтады. Нокаут нұсқасы бойынша Макс Холлоуэй үздік деп танылды. Ол UFC 300 турнирінде Джастин Гэйджиді сұлатып түсірген болатын.

✔️ Ал сабмишен әдісінде Ислам Махачев үздік болып шықты.

msports.kz


🇰🇿 Теннистен Қазақстан құрамасы United Cup жарысының жартылай финалына шықты

✔️ Бірінші ойында Елена Рыбакина Лаура Зигемундпен кездесіп, 6:3 және 6:1 есебімен айқын жеңіске жетті. Осылайша Рыбакина жаңа маусымдағы үш ойынында да жеңіске жетті.

✔️ Ал Александр Шевченко Даниэль Мазурдан айласын асырып, 6:7(5), 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

🔖Турнир Аустралияның Перт қаласында өтіп жатыр.

Жылдың алғашқы жеңісі құтты болсын! 👏


🔥 Теннистен Қазақстан құрамасы United Cup турнирінің ширек финалына шықты

🇰🇿 Қазақстандық теннисшілер Аустралияда өтіп жатқан турнирде Грекия құрамасын ұтты.

🎾 Бірінші болып кортқа шыққан Александр Шевченко (78) сенсация жасады. Ол әлемнің 11-ші ракеткасы Стефанос Циципасты 6:4 және 7:6 (7:0) есебімен жеңіп шығып, маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

🎾 Екінші болып кортқа шыққан Елена Рыбакина Мария Саккариді 2:0 (6:4, 6:3) айқын жеңіп шықты.

🔖 Қазақстан құрамасы ширек финалда "Е" тобынан үздік шыққанымен кездеседі. Ол топта Қытай, Бразилия және Германия құрамалары бар.

🗓 Бұл ойын 1 қаңтарға жоспарланған.

msports.kz


⚡️ Бибісара Асаубаева әлем чемпионатында үздік ондыққа кірді

🇰🇿 Қазақстандық шахматшы қыз Нью-Йоркта өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында рапидтен 8-орын алды.

📊 Отандасымыз 11 ойын өткізіп, ешбірінде ұтылған жоқ. 4 қарсыласынан басым түсіп, 7 рет тең ойнады. Барлығы 7,5 ұпай жинады.

🔼Соңғы турда Бибісара 17 дүркін әлем чемпионы атағына ие қытайлық Цзюй Вэньцзюньмен ойнап, тең түсті. Нәтижесінде қарсыласы чемпион атана алмады.

🥇 Хампи Конеру (Үндістан) - 8,5 ұпай
🥈 Цзюй Вэньцзюнь
(Қытай) - 8 ұпай
🥉 Екатерина Лагно
(Ресей) - 8 ұпай

Меруерт Қамалиденова 16-орыннан көрінді.

🔜 Ары қарай Нью-Йорктегі әлем чемпионаты блиц сайысымен жалғасады


Теннистен Қазақстан құрамасы Испанияны ұтты

🇰🇿  United Cup турнирінде қазақстандық теннисшілер Испаниядан басым болды.

❌ Александр Шевченко 0:2 Пабло Карреньо-Буста

✅ Елена Рыбакина 2:0 Лена Джессика Бусас Манейро

✅ Шевченко/Рыбакина 2:1 Кавалье-Реймерс/Карреньо-Буста.

msports.kz


⚡️🥇 Қазақстандық ауыратлет әлем чемпионатынан кейін Азияда алтын алды

🏋️ Қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин Дохада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды.

🔼Чуркин жарыста 89 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Қоссайыстың нәтижесі бойынша ол 360 (163+197) келі көтерді.

🥈🥉Екінші орынды ирандық Илия Салехипур еншіледі – 356 (161+195) келі, ал қола медальді тағы бір ирандық Аббаспур Алиреза жеңіп алды – 355 (159+196) келі.

🔖Айта кетейік, жақында Манама қаласында өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатында Алексей Чуркин күміс жүлдеге ие болған еді.

msports.kz

Показано 20 последних публикаций.