Жалғыздықтың ең қиыны – ішіңде бір дүние қайнап жатса да, соны бөлісетін жан табылмайды. Жан-жағыңда адамдар бар сияқты, бірақ ең маңыздысын айтқың келсе – үнсіз қаласың. Кей нәрсені тіпті ең жақын достарға да жеткізе алмайсың, себебі кейбір ауырлықты сөзбен жеткізу мүмкін емес.
Сол үнсіздікпен күндер өтеді. Жинайсың, жұтасың, басуға тырысасың. Бірақ адам шексіз емес – ішке жиналған дүниенің де бір күні шегі болады. Сол кезде немесе жарылып кетесің, немесе мүлдем өзіңе қол көтеретіндей күйге түсесің. Қасірет те – үнсіз жиналатын нәрсе.
Бұл тек махаббаттың жетіспеуі емес. Кейде жай ғана өмірдің ұсақ-түйек тіршілігі де қажытады. Күн сайын үйдегі жағдай, материалдық қысым, ертеңгі күнге деген белгісіздік – бәрі бір-бірлеп емес, топтасып келеді. Бірі шаршатады, бірі күйзелтеді, бірі үмітіңді жейді.
Ал ер адамдар ше? Қоғам бізге “берік болу керек” деген талапты шегелеп тастаған. Жылау – әлсіздік сияқты көрінеді. Сол себепті біз көп нәрсені ішке жиямыз. Қыздар кейде жылап, жеңілдеп алса, біз болсақ сол ауырлықпен күндер, апталар, тіпті жылдар бойы жүре береміз. Соңында бәрі бір-ақ сәтте жарылады. Кейде бұл жай эмоция, ал кейде өкінішке орай, қайтаруға келмейтін әрекетке айналады.
Сол үшін кейде ең маңыздысы – тыңдай алатын адам табу емес, өзіңе рұқсат беру. Жаның ауырса – мойында, шаршасаң – тоқта. Себебі ешкім мықты болуға мәжбүр емес. Адам – адам ғана. Ал ішкі дүниең – жай ғана сезім емес, өзіңнің ең нәзік бөлшегің.
// @motivationchange