Balochistan
Шетелде жұмыс істеудің бір қызық тұсы - түрлі халықтардың өкілдерімен танысып, олардың тарихы мен мәдениеті жайлы біледі екенсің. Кейбірімен алғаш рет сөйлескенде, тіпті өмірімде естімеген елдер мен аймақтардың бар екенін түсініп, таңғаламын. Бірде сондай қызықты оқиғаның куәсі болдым.
Бір ай бұрын жұмыстағы намазханада бір жігітпен сөйлесіп қалдым. Танысып, қай елден екенін сұрағанымда, ол: «Balochistan» деп жауап берді. Мұндай елді бұрын-соңды естімегендіктен, қайта сұрадым. Жауабы сол қалпы өзгермеді.
Сөйтсем, Белуджистан — тәуелсіздікке жете алмаған халықтардың мекені екен. Ол Пәкістан, Ауғанстан және Иран шекараларында орналасқан. Аумағының 44%-ы Пәкістанға тиесілі. Халқының саны шамамен 12-15 миллионға жетеді. Діні — сунниттік ислам, ал негізгі тілі — белудж тілі. Сонымен қатар, тарихындағы ағылшын отаршылдығының ізі қалдырып кеткен урду, пушту, ағылшын тілдерін де меңгерген.
Әңгіме барысында бұл аймақтың саяси және тарихи қиындықтарын, олардың не себепті тәуелсіз ел бола алмағанын түсіндім. Гугл деректері бойынша, Белуджистан — күрд халқынан кейін тәуелсіздігі жоқ, халқы ең көп ұлттардың бірі.
Осының бәрін ой елегінен өткізгенде, тәуелсіздік біз үшін тек сөз ғана емес, баға жетпес ұлы құндылық екенін сезінесің. Иә, елімізде көңіл түсіретін мәселелер де жоқ емес. Бірақ бізде ең бастысы — сол мәселелерді шешіп, болашақты жарқын етіп құруға мүмкіндік бар.
Ал кейбір халықтарда ол мүмкіндіктің өзі жоқ. Сондықтан біз Тәуелсіздігімізді бағалай білейік, қастерлейік, ұрпаққа аманат етейік.
Тәуелсіздік күні құтты болсын! 🇰🇿